ФИЗИКА ТЕРМИНДЕРІ ЖАЙЫНАН
*
1. Аэросани – аэрошана.
Термин есебінде алынған интернационал сөздер қазақ тіліне
судай сіңіп, бойына тарап, өз сөзіндей болып кетуі керек. «Ақыл»,
«ақпар» сықылды арабтан кірген сөздер де, «самаурын», «бөкебай»-
ларға ұсаған орыс сөздері де бұл кезде қазақтың өз сөзі болып кет-
кен. Ол сөздердің төркіні араб яки орыс сөзі екенін тілші ғалымдар
болмаса, жалпы жұрт білмейді де, «қазақтың өз сөзі» деп ойлайды.
Тілге жаңадан кіріп жатқан терминдер де соларға ұқсап,
қазақтың төл сөзінен айыра танығысыз болып кетуі керек. Əйт-
песе оларды жат сөз, жат нəрсе қылып көрсетіп қойсақ, тілді ілгері
бастырып көркейтуге еш септігі болмақ емес. Біз «изм», «ист»,
«тор», «ия» сықылды халықаралық қосымшаларды жұрнақ есе-
бінде қабылдап алғанмен, əзіріне оларды парсыдан кірген «кер»,
арабтан кірген «іие»-лерге ұсатып, əзіріне өз сөздерімізге жалғап
көргеніміз жоқ. Бірақ түбінде сөйтетін болуымыз керек.
Мынау «аэрошана»-ға ұқсастырып «ультракүлгін», «суб-
жанама», «микротаразы» сықылды бірқатар терминдерді де
осылайша интернационал сөз бен қазақтың төл сөзін қосарлап
əдейі алып отырмыз. «Аэрошана» сықылды техникалық термин-
*
Мақала алғаш pет «Мемлекеттік теpмин комиссиясының Бюллетенiнде» (1935 ж.;
№2 санында) жаpияланған.
289
Алфавит. Терминология. Əдістеме
сөздер осы қалпында елдің құлағына сіңіп пайдаға асып кетсе,
«аэро»-ға ұқсайтын халықаралық сөздерді сонда ғана «өзіміздікі»
қылып, меншіктеп алатын боламыз. Алғаш қолданған əзірде бұлар
қайсыбіреулерге ерсі, тұрпайы болып та көрінуі мүмкін. Бүгінде
«аэросани», «автодорога» деп жүрген сөздерді орыс елі де
алғашында осылайша жатырқаған болатын. Бірақ қоғам өмірінің
дамуы мұндай сонылықтардың талайын үйреншікті, дағдылы, сы-
пайы қалыпқа салды. Бізде де осындай болатынына сөз жоқ.
Мысалдар:
аэросани – аэрошана
грамм-вес – грамм-салмақ
сила – күш
инфракрасный – инфрақызыл
канал-лучи – канал-сəуле
микровесы – микротаразы
ультра-фиолет – ультракүлгін
2. Волна световая – жарық толқыны.
Екі сөздің басын құрап термин жасайтын болғанда, оның
біріншісі – ілік жалғаулы анықтауыш та, екіншісі – тəуелдеулі сөз
болып келсе, олай құрап шығарған сөз терминге тым қолайсыз бо-
лады. Қазақтың өз сөздерінің олай құралып, бір сөз болып кеткен-
дері санаулы. Мəселен, «отағасы» деген сөз солай жасалған:
«от» – ілік септіктің жалғаусыз түріндегі анықтауыш та, «ағасы» –
соның анықтаған сөзі. Солай құралғанмен де, жүре-келе мағынасы
жағынан бір сөз болып кеткен соң, тəуелдеуші «-сы» жалғауы
тəуелдеушілік мəнінен айырылып, «отағасы» сөзі тəуелдеусіз атау
есебінде айтылып кеткен. Сондықтан ол: «біздің отағасымыз»,
«олардың отағасы» түрінде айтылады да, оның үстіне тағы
бір тəуелдік жалғау жалғанады. Ал, мəселен, олай бір сөз бо-
лып тұтасып кетпеген «ат басы» сықылды сөзге өйтіп жаңадан
тəуелдеу қосымшасын жалғай алмаймыз, яғни «Құрманбайдың ат
басысы» – дей алмаймыз. Сол сияқты «қой еті» түрінде тіркесіп
жасалған сөздер де мағына жағынан мызғымас бірлікте бола алмай-
ды. Мəселен, оған жаңадан тағы бір анықтауыш қосатын болсақ,
айталық, «жас», «сан» сықылды анықтауыштар қосамыз десек, онда
«жас қой еті», «сан қой еті» деп айта алмаймыз. Олай етсек «жас»
та, «сан» да тек «қой» сөзінің ғана анықтауышы болып қалады. Ал
оларды «ет» сөзінің анықтауышы қылу yшін: «қойдың жас еті»,
290
Алфавит. Терминология. Əдістеме
«қойдың сан еті» деп, жаңа анықтауыштарды «қой еті» деген екі
сөздің арасына сыналауымыз керек. Демек, осы сықылды болып
тіркескен сөздер екеуден-екеу ғана тұрғанда бір сөзге ұқсағанмен,
оларға жаңадан анықтауыш қосылғанда екеуінің арасы ашылып,
мағынасы да алшақтап кетеді.
Бұған қарағанда ілік жалғауының жасырын түрінде тұрған сөз
сындық мағына білдіріп, оның анықтайтын сөзі тəуелдеусіз зат
есім болып келетін тіркестер жиірек кездеседі. Мəселен, «желке
шаш-ы», «маңдай тер-і», «жастық тыс-ы», «сиыр қора-сы»
дегендер алғашқы үлгіден басқашалау. Алайда «Волна световая»
дегенді «жастық тыс» сияқтандырып «жарық толқын» деуге бол-
майтын болды. Өйткені «жарық» сөзінің орыс тіліндегі «свет»
сөзімен дəл келетін зат есім мағынасынан басқа «светлый»
дегенге келетін сын есім мағынасы да бар. Сондықтан «жарық»
түбіріне -тық жұрна-ғын қосып: «жарықтық» деуге де болмай-
тын болды, себебі бұндай қолданыстың «əулие» дегенге саятын
айрықша мағынасы тағы бар.
Түпкі мағынасы «жарыққа себеп болатын», «жарықты
шығаратын» толқынға қатысты болған соң, «бала-ла», «бұзау-ла»
дегендерге ұқсатып: «жарық-та» деген етістік жасап алып, сосын
оған «-уыш» жұрнағын қосып «жарықтауыш» дейтін туынды
түбір туғызып, сөз болып отырған терминді «жарықтауыш
толқын» деп беруге болар еді, бірақ ондай жасанды сөз жалпы
көпшілікке тым жат, ерсі көрінер деп те ойладық. Сөйтіп, бұл
терминді жəне осыған ұқсас «инерция заңы», «электр ұшқыны»,
«дыбыс интерпретациясы» деген сияқты біреуі ілік жалғауы
түрінде, екіншісі тəуелдеулі болып келген терминдердің бəрін де
амалсыздан алдық. Біздің білуімізше, бұл сықылды терминдерге
ендігі істейтін амалымыз – жалғыз-ақ: оның бəрін де «отағасы»
сияқтандырып қосып жазу. «Маңдай тер», «табан ақы» дегендерді
де қосып жазған жөн. Бірақ бұл – жалпы емле мəселесі. Оны өз
алдына сөз қылармыз деп ойлаймын.
Мысалдар:
световая волна – жарық толқыны
электрическая волна – электр толқыны
электромагнитная волна – электромагнит толқыны
эфирная волна – эфир толқыны
дуга вольтова – вольт доғасы
291
Алфавит. Терминология. Əдістеме
закон Архимеда – Архимед заңы
закон инерции – инерция заңы
закон сохранения энергии – энергияның сақталу заңы
интерференция звуковая – дыбыстың интерференциясы
интерференция световая – жарықтың интерференциясы
искра разрядная – разряд ұшқыны
искра электрическая – электр ұшқыны
единица измерения – өлшем
«Единица измерения» деген терминді бұл кезге шейін біресе
«бірлік» деп, біресе «өлшеуіш» деп түрліше атап келдік. «Бірлік»
сөзінің қолайсыз жері – оның бұдан басқа да мағыналарының
көптігінде. Мəселен, «күштің бірлігі» дегенді «бірнеше күштердің
бір іске не нəрсеге бірыңғай жабыла бірігіп кірісуі» деп те түсінуге
болады. Сондай-ақ «күштің көп емес, біреу-ақ екені, жалғыздығы»
деп те түсінуге болады. Ал «өлшеуіш» деген сөзде «өлшейтін
аспап» мағынасы да бар.
Біздің «өлшем» деген сөзге тоқтаған себебіміз – «өлше» деген
етістікке -м жұрнағын жалғағанда туатын осы «өлшем» мағынасы
жағынан көбінесе-ақ бір нəрсені санап айтуға келетін белгілі бір
шаманың атын білдіреді. Мысалы, осы -м жұрнағын «шақыр» де-
ген етістікке жалғасақ, «шақырым», «үз» түбіріне қоссақ, «үзім»,
«қайна» сөзіне қоссақ «қайнатым»; «жұт»-қа қоссақ, «жұтым»
болады. Содан барып екі ауылдың ортасын «шақырымдап» өлшеп,
«пəлен шақырым» дейміз; нанды үзімдеп өлшеп, «бір үзім нан»
дейміз; «екі қайнатым шай», «бір жұтым қымыз» дейміз. Сондағы
«шақырым», «қайнатым» секілді сөздердің бəрі де белгілі бір
шаманы білдіретін «өлшем» мағынасында айтылады. Біз «өлшем»
деген терминді де сол жолмен өлше деген етістікке жоғарыдағы
-м жұрнағын жалғау арқылы жасадық. Сондықтан бұл сөз де сол
«шақырым», «жұтым» сықылды бір нəрсенің шамасын өлшеуге
жарайтын мөлшерлердің бəрін қамтитын жалпы ұғымға ие бола
алады.
Əрине, -м жұрнағының қызметі осы аталған «өлшем» тəрізді
зат есім туғызумен шектеліп қалмайды. Бұл жұрнақты бірқатар
етістікке жалғап, зат есім жасап алған соң, оның үстіне -ды, -лы
жұрнағын қосып, сын есім жасауға болады. Мəселен, біл-ім-ді,
күт-ім-ді, төз-ім-ді т.б. cияқты сын есімдер осы жолмен жасалған.
Осылайша -м-ды тұлғалы сын есімдердің -ды қосымшасын
292
Алфавит. Терминология. Əдістеме
алып тастағандағы зат есім болып қалатын тұқылдары: «білім»,
«күтім», «төзім» т.б. сын есімнің түбірге -лық жұрнағын жалғау
арқылы жасалатын «зорлық», «сұлулық» т.б. сияқты дерексіз
(абстракт) зат есімдерге де ұқсайды. Өйткені жоғарыдағы «білімді»,
«төзімді», «күтімді» сын есімдеріне -лық жұрнағын жалғап,
«білімділік», «төзімділік», «күтімділік» дегенде бой көрсететін
абстракт мағына білім, күтім, төзім деген туынды зат есім-
дердің өз бойларында да бар. Сондықтан осы кезге шейін:
«серпімділік» – упругость, «өткізімділік» – проводимость деген
сияқты -м-ды-лық болып үш жұрнақ қабаттасып жалғанатын
сөздерді ықшамдап, «серпім», «өткізім» т.б. түрінде алдық.
3. Передача – жеткізу
«У» жұрнағы етістікті нағыз зат есім қылып шығара алмайды.
Осы жұрнақ арқылы жасалған «бару», «айту», «ішу» сықылды
сөздер зат есім болғанымен, етістік мағынасынан мүлде айыры-
лып кете алмайды; басқа сөздерді өзіне етістік күйіндегідей
бағындырып, бағыныңқы сөздеріне септік жалғауын жалғатып,
əйтпесе өзіне бағынған есімдерді үстеу қылып жіберіп отырады.
«У» жұрнағынан шын зат есім болып шыққан сөздер санаулы.
Олар: «ауру», «жайлау», «егу» дегендер сияқты бірер ғана сөздер.
Бұлардың «шын» зат есім болып кеткендігінің белгісі сол – өздері-
нен бұрын келген сын есімдер оларға анықтауыш болады жəне əуел
бастағы сын есім мағынасынан айырылмай тұрып, қандай? деген
сұрауға жауап береді. Бұларды қатыстырып: «ескі ауру», «биылғы
жайлау», «болат егеу» деуге болады. Ал енді «бару» дегеннің
алдынан «жаяу» деген сөз келсе, ол сын есімдік қасиетінен ай-
ырылып, үстеу болып кетеді: «жаяу бару» тіркесі «қалай бару?»
керектігін көрсетеді, «қандай бару?» деуге келмейді.
Сонымен, «жеткізу» тəрізді, соған ұқсайтын сөздер «амал»
мағынасындағы зат есімдер арқылы берілетін терминдерді жасауға
жарай бермейді. Орыстың «передача» деген сөзінде екі мағына бар:
1. «Передача энергии на расстояние вполне возможна» дегендегі
«передача» сөзінің мағынасы – «амал». Бұған біздің «жеткізу»
деген сөзіміз жарайды: 2. «Установлена ременная передача»
дегендегі «передача» «амал» емес, деректі зат, конкретті нəрсе.
Бұған біздің «жеткізу» деген сөзіміз жарамайды (балама бола ал-
майды). Мағынасы жағынан бұл жердегі «передача» біздің «егеу»,
293
Алфавит. Терминология. Əдістеме
«сабау» сияқты туынды зат есімдер. Сондықтан бұл мағынаны
«жетек» сөзі арқылы беруді лайық көрдік.
Етістіктен зат есім болған осы тақылеттес орыс сөздерін
қазақшалағанда көбінесе-ақ олардың мағыналарын жоғарыда-
ғыша екі айырып берген жөн: біреуі – амал мағынасындағы «-у»
тұлғалы сөз болуы керек те, екіншісі – зат, нəрсе мағынасын
білдіретін нағыз зат есім болуы керек.
Əйтпесе, құр -у жұрнағымен ғана тұлғаланған сөздерден
туынды термин жасайтын болсақ, орысшасында анықтауыш бо-
лып келетін сын есімдерді біз не үстеу етіп жіберуіміз керек те, не
болмаса -у тұлғалы сөздің ауанына қарай тиісті септік жалғауын
жалғап айтуымыз керек. Мысалы, сəуленің шағылысуын білді-
ретін отражение деген терминнің нағыз зат есім болып шығатын
қазақша сыңары жоқ. Сондықтан орыс тіліндегі «внутреннее от-
ражение» деген терминдік тіркестің анықтауышы болып тұрған
внутреннее деген сын есімді біз зат есім қылып, əрі оны «шағылысу»
сөзіне бағындырып, шығыс жалғау жалғап септедік. Сонда оның
қазақшасы «ішінен шағылысу» болып шықты.
Мысалдар:
сопротивление – қарысу, кедергілік
накаливание – қыздыру, қызу
насыщенность – қанығу
абсолютная насыщенность – абсолют қанығу
отражение – шағылысу
внутреннее отражение – ішінен шағылысу
отталкивание – тебісу
передача – жеткізу
зубчатая передача – тісті жетек
превращение – түрлену, екінші (басқа) түрге түсу
преломление – сыну, сыным
удельное преломление – сыбаға сыным
тяготение – тарту, тартылыс
расширение – ұлғаю
кубическое расширение – үлкею
линейное расширение – ұзару
угол отражения – шағылысу бұрышы
угол падения – түсу бұрышы
угол преломления – сыну бұрышы
294
Алфавит. Терминология. Əдістеме
МАТЕМАТИКА ТЕРМИНДЕРІ ЖӨНІНДЕ
*
Мемлекеттік термин комиссиясының сəуірдің 6-17 аралығында
өткен сессиясында талқыланған математика терминдерінің ішінен
көбінесе элементар математикаға лайықтыларын іріктеп алып, жа-
риялап отырмыз. Математика терминдерін қабылдаудағы негізгі
принциптер:
1. Интернационал түрін өзгертпей [қазақ тіліне аудармай] алған
терминдер. Бұл қатарлы сөздер орыс тілінде қалай жазылса, қазақ
əліппесімен де солай жазылатын болады: орыс емлесіндегі Ф, Х,
В əріптері келетін жерлерге қазақ əліппесінің соларға ұйқасатын
П, Қ, Б əріптері жазылады.
Мысалдар:
сумма
анализ
аналогия
арккосинус
базис
бектор
диоганал
интеграл
конус
куб
масштаб
пизика
периметр
радтан
радиус
ромбы
пигур
сентр
покус
шар
еккер сиркул
т.б.
2. Сын есім ретінде кездесетін халықаралық терминдердің сын
есімдік жалғауына тағы да қазақ тілінің сын есімдік жалғауын қосып
жазу орайсыз деп табылады.
Мысалдар:
абсолют
абстракт
диперенсиал
интеграл
натурал
сентрал
елементар
ирратсионал
горизонтал
бертикал
*
Мақала алғаш pет «Мемлекеттік теpмин комиссиясының Бюллетенiнде» (1935 ж.;
№2 санында) жаpияланған.
295
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Қолданылу орнына қарай жəне сын есімнің анықтайтын сөзінің
ауанына қарай кейде -лық, -дық, -тық жұрнақтарын қосуға да
болады. Мысалы:
пропортсиалық бөлу – пропортсионал бөлу емес;
логарипмдық теңгерме – логарипм теңдеу емес. Бірақ «период
бөлшек», «сентр бұрыш», «квадрат теңдеу» т.б.
3. Терминдердің түбіріне орыс тілінің заңы бойынша кейде
«а» жалғасып келеді. Біз оны барлық сөздерге бірдей заң қылып
бекітпей, бірқатар сөздердің соңында келетін «а» дəнекерін
қысқарттық. Олар көп буынды жəне аяғы «д», «ш», «г» сықылды
дыбыстарға бітпейтін сөздер.
Мысалы:
аксиом – аксиома емес,
теорем – теорема емес,
проблем – проблема емес,
апопем – апопема емес,
биссектрис – биссектриса емес,
координат – координата емес,
абссис – абссиса емес,
гепотенуз – гепотенуза емес
чамплитуда – амплитуд емес,
база – баз емес,
паза – паз емес
т.б.
4. Аяғы -тсия (-ция) болып бітетін сөздердің соңы не -сия
болып қысқарады немесе -тсия түрі өзгермей алынады. Бұлайша
қолданыс түбірдегі дауысты-дауыссыз дыбыстардың сөз соңында
кездесуіне байланысты. Мысалы: пунксия, бірақ үнді «р», «л»,
«н» жəне дауысты дыбыстардан соң: пропортсия, диперенсия,
нумератcия, проексия. Просент сөзі де соңғы «т» əрпінсіз
жазылады.
5. Кейбір сөздердің біз қабылдаған жаңа тұлғалары алғашқыда
орайсыз көрінуі де ықтимал.
Қараңыз:
түзу – түзулер, шексіз көп шама,
қисық – қисықтар, шекті шама,
жоғарғы табан, жақ – бет мағынасында т.б.
шексіз аз шама,
Бірақ мұндай сөздер қысқартылған күйінде сіңісіп кетуі тиіс;
түрлі сызық таңбалар немесе толықтырма сөздерді айтып, жаза
беру – тексті ауырлатып кетеді деп есептелді.
6. Кей сөздердің емлесі бұрыннан қазақ тіліне лайықталып
өзгертіліп алынғаны ескеріліп, сол күйінде қабылданды.
296
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Мысалы:
минот – мүйнет емес, доға – дуға емес,
секунт – секонт емес, но’л – нул емес т.б.
7. Бұрын айтылып жүрген: шаршы, текше, тікше, үшкіл,
төрткіл, бірлік, ондық, жүздік, яғни бүтін сандардың бірлері,
ондары, жүздері қолайсыз деп табылып, квадрат, куб; бірге жа-
зылатын: үшбұрыш, төртбұрыш, ондар, бірлер, жүздер «өлшем»
деп өзгертілді. Бірақ үш бұрышы бар затты атау керек болса, «үш
бұрышты» деп, төрт бұрышы бар затты атау керек болса, «төрт
бұрышты» деп, сандық анықтауышын айырып, бөлек жазамыз.
8. Арифметика амалдарының аттары жəне əр амалдағы
сандардың аттары былай деп алынды (қабылданды):
қосу азайтқыш көбейтінді
қосылғыш қалдық бөлу
қосылғыштар айырма бөлінгіш
қосынды немесе көбейту
сумма көбейгіш бөлгіш
алу көбейткіш бөлінді
азайғыш көбейткіштер бөлік
Бұлардан басқа: еселік, бөлшектің алымы мен бөлімі, көлем,
аудан, түбір, даража, көлбеу, теңдеу т.б. сөздер бұрынғысынша
алынды (қабылданды).
9. Геометрияда көп кездесетін терминдер:
Бұрын: кесік, қима, қиысу деп əртүрлі айтылып келген сөздер:
сечение – қима//қию
секушая – қиған
пересечение – қиылыс//қиылысу т.б. түрінде бірыңғай алынды.
Осы ізбен:
высота – биіктік; «ен», «бой» емес,
величина положительная – жөн шама; «оң» емес,
величина отрицательная – теріс шама,
число – количество – екеуі де: «сан» деп алынды.
10. Математика ғылымының ең негізгі ұғымдары болып табы-
латын: «отношение», «относительная», «зависимость» сөздері
əзірге былайша жобаланды:
отношение – қатынас; «байланыс» емес,
297
Алфавит. Терминология. Əдістеме
соотношение – қатынастастық,
относительная – салыстырма,
зависимость – іліктестік, тəуелділік. Осылай деп жоба түрінде
алып отырмыз, бірақ əлі де ойланыңқырап, бұдан да гөрі лайық-
тырақ балама сөз табылса, өзгертуіміз де мүмкін.
11. Бір буын ішінде қайталанып келетін екі дауыссыз ды-
быстың соңғысы қазақша тексте түсіріліп жазылады: клас –
«класс» емес; бірақ қайталанатын екі дауыссыз екі буынға айыры-
лып кететін болса, екеуі де жазуда сақталады: касса – «каса» емес.
12. Математикалық өрнегі, яки бейнесі (образы) халықаралық
термин ретінде қабылданған: синус, косинус, тангенс, котангенс
т.б. сөздердің ықшамдалған формулалары өзгертілмей, сол латын-
ша таңбалануы бойынша жазылады. Мысалы, sіn, cos, tg, cotg,
sec, cosec т.т.
13. Халықаралық термин атауларының бас жағынан үстеме-
леніп, негізгі мағынаны терістейтін немесе жаңа мағына телитін
би-, анти-, арк-, суб- тəрізді қосымшалармен тұтастықта
қолданылатын: биквадрат, бином, антилогарифм, арктангенс,
субнормал т.б. сөздер сол қалыптасқан тұлғада алынды; оларға
үстеуіш болып тұрған «би» – екеу, «анти» – қарсы, «арк» – кері
мағыналы, «суб» – төменгі не сыртқы қабаттағы дегендей түсінік
беріп жатпай-ақ, күрделі терминдер кіріккен сөздер қатарында
берілді. Тіпті осы берілістің негізінде орыс тіліндегі «подкаса-
тельная» термин сөзін «субжанама» деп аударып алдық. Өйткені
орыстарда «поднормал» деген сөзбен жарыса «субнормал» дейтін
халықаралық термин де алма-кезек қолданыла береді. Осы екі
түрлі сөз жұмсаудың бізге қолайлырағы – «субнормал» болды.
Сөйтіп біз жоғарыдағы «субжанама» деген термин-сөздің де
орайсыздығы болмас деп ұйғардық. Бұлай деп алмаған күнде
субнормал дегеннің мағынасын екі сөзбен: нормал іргесі, жанама
іргесі деп немесе басқаша түрде икемдеп алуға тура келер еді.
Бірақ бір ұғымды олайша екі сөзбен айтып, жазуды біз лайықсыз
деп білдік.
14. Қазақ тілінде əртүрлі айтылып, жазылып жүргені «об-
раз» – бейне, кескін т.б.; «ось» – сабақ, шүлдік, өзек т.б. Кейбір
шет сөздер термин мағынасында қазақ тіліне енгізілді. Ескерте
кетейік, бұның бəрі əзірге жоба ретіндегі ұсыныстар. Сондықтан
бұған көпшілік өз пікірін айтады деп күтуліміз.
298
Алфавит. Терминология. Əдістеме
БУЫН ЖІГІН ҚАЛАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ?
*
1. Буын жүйесінің маңызы
Қазақ тілінің табиғатын дұpыс тану үшін буын жүйесін жете
білу кеpек. Буынды жақсы білмесең, емлені де білмейсің: сөз
тудыpу, сөз түpлендіpу сияқты моpфология негізін де ұға алмай-
сың, буынды білмейінше, сөз екпіні (удаpение), сөз сазы (инто-
нация) секілді сөйлем жүйесіне қатысты тіл құбылыстаpының да
сыpына қана алмайсың, буынды аңғаpмасаң, «ажаpлап сөйлеу»,
«əсеpлеп оқу» сияқты сабақтаpды да дұpыс алып баpа алмайсың;
буын жайына қанық болмасаң, өлең құpылысының негізімен дұpыс
таныс бола алмайсың...
Қысқасы, буын жүйесін жақсы білмей тұpып, ана тілі сабағын
басқаpуға болмайды. Буын жүйесі қай тілде де белгілі оpын ұстамақ.
Əсіpесе қазақ тілінде оның маңызы өзгеше, аpтықша. Өйткені
қазақ тілінің өркендеу сатысы – буыншыл кезеңнен дыбысшыл
кезеңге ауысып болмаған дəуірде тұр. Қазақ тілінде дыбыс (фоне-
ма) деген категория бар болғанмен, əлі жетіліп болмаған, балаң,
жас. Қазақ тілінің дыбыстаpы көп оpында өз бетілік кейіпке кіpе
алмаған; буын ішіндегі дыбыстаp болып біpлесіп қана, тұpғылықты
түpге енеді. Біpімен-біp байланысты, біpінің-біpі қасы-қабағына
қаpап тұpғандай, үйіpленіп, ымыpаласып отыpады. Жұpтқа мəлім
«үндестік заңы» дейтініміз – дыбыстаpдың осы ымыpаласуы бола-
тын. Дыбыстардың ымыраласуы, үндесу дегеніміздің өзі – оқшау
тұрған жəне дыбыстың жеке басы бөлініп шығуға əлі кемдігін
көрсететін бір құбылыс.
Жеке дыбыс оңаша қалпында мұндай тұсаулы болғаны – тіліміз
əлі күнге шейін буын кебенегін тастап болмағаннан келеді. Мұның
ақылға қонбастай ешбіp оғаштығы жоқ. Өйткені «дыбыс», «буын»,
«сөз» деген категоpиялаpдың өзі де «əлімсақтан беpі баp» болып
келе жатқан, бұлжымас ұғымдаp емес. Біp кезде жоқ болып, біp
кезде жаpыққа шыққан. Біp кезде біpі болса, екіншісі болмаған. Жеp
үстіндегі тілдеpдің жалпы даму жолының түpлі сатылаpы бұлаpды
кезегімен біpінің аpтынан біpін тудыpып отыpған.
*
Мақала «Ауыл мұғалiмi» жуpналында (1934 ж. № 2 санында) жаpияланған.
299
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Бүгіндегі түpлі тілдеp дегеніміз жалпы тіл жүйесінің өpкен-
деу жолындағы түpлі сатылаp болғандықтан, «сөз», «буын»,
«дыбыстаpдың» əpқайсысының оpны əp тілде əpтүpлі болады.
Қытай тілінде сөз еpекше оpын алады. Өйткені онда жалғау,
жұpнақтаp маpдымсыз. Сөз тудыpу, түpлендіpу, сөйлем құpау
секілділеpдің бəpі де бүтін сөздеpдің ілгеpі-кейінді келіп құp-
маласуынан пайда болады. Сөздеpдің өзі де өңшең біp буынды ғана
болғандықтан, «буын» мен «сөз» аpасында түк айыpма болмай,
буын деген категоpия тумаған. Сөздеp қайда жүpсе де түгелімен
жүpетіндіктен, жаpықшақталып, сынып, үгіліп, дыбыс-дыбысқа
бөлінбегендіктен, жеке дыбыстың атқаpатын қызметі өте шағын
болған. Сондықтан қытай тілінде тілдің ең кішкентай бөлшегі «сөз»
болып табылып, жазуы сөз жүйесіне құpылған. Қытай жазуында
əpіптеp біздегідей дыбыс-дыбысты белгілеп отыpмай, түгел сөздеpді
таңбалайды. Онда неше сөз болса, сонша əpіп болады.
Жалғамалы жапон тілінде, ескі шумеp тілінде «буын» ала-бөле
оpын ұстағандықтан, бұлаpдың əліппесі де буын жүйелі болып,
əpіптеpі бүтін сөзді емес, буындаpды ғана таңбалайтын болған.
Семит (аpаб, евpей), евpопа тілдеpінде жеке дыбыстаp тіл
элементі болып үлгеpіп, дыбыстаpдың өзгеpуінен сөздің негізгі
мағынасы ғана емес, қосымша мағынасы да – фоpмасы да өзгеpетін
болғандықтан, бұлаpда дыбыстың ұстайтын оpны күшейген.
Бұлаpда əліппе де дыбыс жүйелі болып келген.
«Сөз», «буын», «дыбыс» деген категоpиялаp «ай мен күндей
əммеге біpдей» болып көpінгенмен, осылай, əp тілде əp оpын ұстап
отыp.
Біздің жазуымыз да ана Еуpопа жазуы сияқты дыбыс жүйелі
жазу. Біpақ тіліміз əлі дыбысшыл кезеңге түгел жетіп болмаған,
буыншылдық қасиеттеpін түгелімен жойып бітіpмеген тіл.
Сондықтан буын жүйесінің маңызы біздің тілімізде аpтықша күшті.
Буын жігін, буын сыpын анық, жете білмей тұpып, шын сауатты
болып кете алмайтынымыз осыдан.
Осы жағдайды еске алып, қазақ тілінің пpогpаммасында да,
оқу құpалында да буын жүйесіне жақсы оpын беpгенбіз. Ана
тілі сабағының емле, гpамматика таpаулаpында оқытушы мұны
ұмытпай, буын жүйесін балалаpға толық түсіндіpіп өтуі кеpек.
Əйтпесе ана тілі сабағынан нəтиже шықпақшы емес.
300
Алфавит. Терминология. Əдістеме
Қазақ тілінің буын құpылысын аңғаpу қиын емес. Біpақ соның
өзінде, сол оңай құpалған буын жүйесін оқытушылаpымыз тегіс
біледі дей алмаймыз. Өйткені қазақ буындаpы əлі күнге шейін
дұpыс тексеpілуден аман. Бұл туpалы жасалған зеpттеулеp, шыққан
кітаптаp, мақалалаp əлі жоқ. Сондықтан оқытушылаpымыздың
əpқайсысы өз бетімен бал ашуы, қайбіpі қай кезде қателесуі
ғажап емес.
Оқушылаpдың емле қателеpін талдап қаpағанда, қатенің көбісі
осы буын жүйесін дұpыс ұға алмағаннан келгені байқалады. Емле
жайындағы айтыс мақалалаpдан қайсыбіp дыңдай азаматтаpы-
мыздың да буынды жете түсініп болмағанын көpіп жүpміз.
Сол себепті бұл аpада қазақ тіліндегі буындаpды біpаз сөз
қылуды дұpыс таптық.
Достарыңызбен бөлісу: |