Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Г.В. Гегельдің абсалюттік идеясын және эстетикалық көзқарасын сипаттаңыз



бет22/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Г.В. Гегельдің абсалюттік идеясын және эстетикалық көзқарасын сипаттаңыз.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 ж.ж.) - Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. Гимназияны үздiк бiтiрiп, 1788-1793 ж.ж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетiнде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды. Негiзгi еңбектерi: “Рухтың феноменологиясы (құбылысы) ², “Логика ғылымы², “Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы², “Құқ философиясы², “Эстетикаға арналған лекциялар² т.с.с. Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде?,- деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг , жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ, сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсiнуге болатынын айтады. Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты еңгiзедi. Сонымен қатар, дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады. Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель “ақиқат - алдын-ала құйылып қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес², оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты. Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттiк бiлiм, таза ұғым - шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика ғылымы² арқылы бередi. Сонымен қатар, абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайлы сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады. Рух дегеніміз телген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пәнде, яғни - адам. Бiрақ, ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес - ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғы шарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзiн тудырады. Сонымен, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет