Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет24/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Объективтiк рух, Гегельдiң түсiнiгi бойынша, қоғам өмiрiндегi құқтық және адамгершiлiк қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәнi ерiктiкте болғаннан кейiн құқтық қатынастардың өзi тiкелей шынайы өмiрге еңген ерiктiктiң болмысы болып есептеледi. Осы тұрғыдан ол қайсы бiр озбырлыққа, тәртiпсiздiкке қарсы жатқан құбылыс. Құққа иеленген адам өзiнiң еркiн сыртқы дүниедегi заттарға таңып, оларды иеленiп “Менiкi² дейдi. Жеке меншiк сонымен, Гегельдiң ойынша, ерiктiктiң қажеттi де субстанциалды өмiрге енуi. Тек жеке меншiкте адамның еркi өз-өзiне тұлғалық ерiк ретiнде қалыптасады. Соның арқасында адамның еркiнiң субъективтiгi жойылып, ол зерделi тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жекеменшiктiң ұзақ күрес жолында қоғамдық меншiктi жеңуi – заңды нәрсе, ол зерденiң жеңiсi. Мораль құқтық сатыға қарсы тұрып оны ауыстырады. Ол саналы ерiктiң субъективтiк құқы.
Үшiншi сатыда құқ пен моральдық саты өнегелiкке, адамгершiлiкке айналады. Ол семьяда, азаматтық қоғамда, мемлекетте iске асады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы – халықтар рухының дамуымен тең. Бiрақол тек қана объективтiк рухтың өзiндiк санасығана. Шынайы өмiрде адамдар өз алдына әр-түрлi мақсат тарқойып, соған жетуге тырысса да, нәтижесiнде – басқаша бiр биiк, алыстағы, өздерi түсiне алмайтын нәрсенiң атқарушыларына ғана айналады. Оны Гегель “дүние жүзiлiк рухтың қулығы² дейдi. Сонымен, Гегельдiң философиясында адамдар мен халықтар – дүниежүзiлiк рухтың пайдаланатын құралығана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол жер бетiнде идеалдық мемлекеттi орнату. Ендi объективтiк рух өзiнiң абсолюттiк сатысына көтерiледi. Тарихи абсолюттiк идея өзiнiң абсолюттiк рух сатысынакөтерiлгенкезiндеөзiн-өзi түбегейлi танып-бiлiп қанағаттанады. Өнер саласында ол өзiнiң толық ерiктiгiн сезiнедi, дiнде – өзiн марқабатты түрде қабылдайды, ал философияда – өзiнiң мәнiн категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсiнiп, таниды. Олайболса, философия дiннен жоғары, өйткенi, дiндегi қабылдау философиядағы ұғымнан төмен. Сонымен, философиямен рухтың дамуы бiтедi, өйткенi ол өзiн-өзi түсiнiп тынышталады.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет