Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Кейіптеу, оның көркемдік қызметі туралы айтыңыз



бет89/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

60. Кейіптеу, оның көркемдік қызметі туралы айтыңыз.
Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады. М.Жұмабаевтың “Жел” деген өлеңінде желді мазасыз, дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде кескіндейді. Сөйтіп, желді жанды бейне секілді етіп алады да, “ерні өтірік қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап”, “жымиып, күліп өтеді” деп сипаттап, оны, тіпті, сұлу қызға қызықтырып: “Келдім ұшып, ғашықпын, Бір сүюге асықпын. Мойның бұр мендей әуреге”, – дейді де, “Сүйіп көзінен, Шашы, алма жүзінен”, – деп, әсерлі кейіптеу түріндегі суреттеме жасайды. Осы өлеңді тұтастай алғандағы бейнелеу тәсілін де, ерні қыбырлап, сыбырлап, жымиып, күліп деген секілді бейнелі сөздерді де кейіптеуге жатқызуға болады. Аллегория, символ секілді тұспалдап суреттеу кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады


61. Астарлау (символ) және оның көркемдік қызметін сипаттаңыз.
Астарлау яки символ - троптың бір түрі.[1]. Бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Мұның өзі - ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы - символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет