Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


«Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы



бет37/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127
«Көкшетау» поэмасының негізгі геройларының бірі — осы шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор оның аты-жөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың өзіне береді.
Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады. Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімде-кім соны атып түсірсе, соған тимек ойын білдіреді.
Дұшпан қолындағы қыздың кысылған шақта ескерткіш орамалын ұсынуы сүйген жарын еске түсірумен бірге, екінші бір жайды тағы аңғартады. Орамал атып түсірілсе, елдегі жардан үміт үзу мүмкіндігі туатынын, егер оған оқ жетпей калса, жар мерейі үстем де жоғары сақталатынын қыз ескерген де тәрізді. Туған жерде өткен жас өмірдің қызықты күндері, сүйген жарымен қызықты кездесулер осы шақта кез алдынан сағымдай бұлдырап өтуі, оған ақынның назар аударуы адал махаббатты құрметтейтін гуманистік сезімді қозғамай қалмайды.
Қыз бақытына қарай, Абылай «батырларының» бірде-бірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның «Оқжетпес» атануы да осыдан дейді ақын. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды (төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек қара-күштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төқт адамды арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар бірінен-бірі оза алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді. Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағы айтылады.
Қыз жұмбағы — халықтың ауыз әдебиетінде кеп ұшырасатын дәстүрлі жұмбақ. Ол өз басынан кешкен жайларды жұмбақтайды. Өзі және әңгімеге қатысы бар адамдар онда әртүрлі құстар түрінде бейнеленеді. Мысалы, ол өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды қарақұс, жапалақ күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар — өзінің сүйген жары, жыртқыш бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі. Қыз тек өзін ғана емес, момын жыртқыштардан көп зәбір шегетін кептерге бүкіл әйел қауымын балайды.
Осындай кептердің бірі — өзінің анасы болғанын айтады қыз. Төрт шақа балапанын өз еңбегімен жем тауып асырап жүрген, олар үшін рақат пен тыныштықтан безген ғазиз анасы — кептерді бір күні ұясына келе берген кезде қарақұс бас салып ұстап алады. Ол үлкен кептерді де, оның жас сәби балаларын да «дөп келдің шабытыма» деп мазақ етпек болады. «Құлашы сұңқардың да жетпей жүрген талайды тыпырлатып жұлдым» деп мақтанады. Қолға түскен ана мен шырылдаған жас балаларды бұл залымның қолынан лашын құтқарады. Қыз лашынды ел бағушысы, елдің камқоры етіп көрсетеді. Ол еңбегіне ештеме дәметпейтінін, тек мүсәпірлерді аяп келіп, жауын өлтіргенін айтады. Лашынның ерлігіне риза болған ана жас кептердің бірін ал, жар бол деп жалынады.
Осымен біраз жыл өтеді... Жас кептерлер қанаты қатып өседі. Әсіресе төрт балапанның үлкені (қыздың өзі) мейлінше көркем болып ержетеді. Ақын мұны сұлулықтын символы ретінде әсем суреттейді. Ол лашынды күтеді. Қыздың сертке беріктігі сүйген жарымен кездесу кезінде аңғарылады. Сүйген жарына (сұңқарға) ол мойнында қарыз барын айтып, жас кезінде бұларды лашынның ерлікпен елімнен құтқарғанын әңгімелейді. Сұңқардың рұқсатымен ол лашынды өзі іздеуге шығады. Түнде ұшқан кептер байғұсты жапалақтар ұстап ап әуреге салады. Кептер бар өмірінің шындығын айтып бұларға да жалынады. Ақыры жапалақтар кептер жайын түсініп, оны босатады да, лашын ұясына дейін жеткізіп салады.
Кептердің өзі іздеп келгеніне риза болған лашын оның басына азаттық береді де, еліне қайтарады. Сұңқардың, жолда кездескен үш жапалақтың ерлігіне сүйсінген лашын құс та езінің ер мінезділігін, жомарттығын дәлел-дейді.
Бұдан кейін қыз кептердің сұңқарға жете алмай бүркіттің тырнағына ілініп қалғандығын айтады. Қыз жұмбақтаған бүркіт—Абылай хан. Қыз оны нағыз тау бүркіті — қыран етіп бейнелемейді. Жем үшін бейбіт жатқан тоғайдың жәндіктерін қырған, орман ішін у-шуға толтырып зарлатқан озбыр етіп көрсетеді. Ақынның қыз атынан айтатын:
Бұл бүркіт қу жем үшін ойды кезген,
Көркем шың, кербез биік таудан безген.
Тоғайдык бейбіт жатқан жәндікnерін
Әдеті — талғамастан бәрін езген.
Бүркітке ерген тағы бір топ кұзғын
Жем үшін жаннан безген қалын ызғын,
Кәніккен қан ішкіштер кімді оңдырсын,
Қан тырнак көрмеген соц ешбір тізгін,—
деген сөздері Абылай мен оның сарбаздарының бейбіт көрші халықтарды соғыста қырып-жойған озбырлығын тағы аша түседі. Бұл — поэманың ұнамсыз геройларына халық пен оның өкілдері атынан айтылған айып.
Қыз жұмбағының дәстүрлі, халықтың ауыз әдебиетінде жиі кездесетінін жоғарыда айттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет