-Алғашқы қағаны.Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпаларын басып алған, өзін Шығыс Түрік қағанатының да қағаны деп жариялаған.
-Л.Гумилев«Иштеми қаған өлгеннен кейін билікке баласы Тардуш келді. Оның тұсында Батыс Түрік қағанаты түпкілікті жеке мемлекетке айналды» деп жазды.
Шегу (610-618 жж.)
-Қағанаты күшейтті.
-Шығыстағы шекарасын-Алтайға дейін;
-Батыстағы шекарасын-Тарым өзенінен Памир тауына дейін кеңейтті.
Тон-ябғу (618-630жж.)
-Қағанаты күшейтті. Батыстағы елдерді басып алуды және ықпалын нығайтуды ойластырды.Еділ бойын, Жайық маңын, Орта Азияның бір бөлігін жаулап алды. Иранға екі жорық жасады.
-627 жылы Иранға қарсы Византиямен одақтасып әскерімен Оңтүстік Кавказға басып кірді.. Бұл көмек қағанаттың халықаралық жағдайдағы саяси беделін өсіре түсті. Иранның Кавказдағы иеліктерін басып алды.
-Орта Азиядағы басқару жүйесінқайта құрды, қағанаттың қатаң билігі орнықты. Оның қол астындағы барлық иеліктерге қағанның өкілдері- тұдундар жіберілді.
-Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «Селиф»деген атақ берді
- Қытай шежірешісі Тон қаған туралы: «Батыс варварлар ешқашан дәл осындай қуатты болған жоқ» , деп жазған.
-Мемлекет территориясы шығыста Алтайдан батыста Каспийге дейінгі аралықты қамтыды.
-627-630 жылдары Тон қаған сарайында болған Қытай монахы Сюань Цзянь«Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген, оның жанында жүрген нөкерлері де қамқадан желбегей шапандар жамылған, қандай тамаша көрініс» деп таңдана жазады.