Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет6/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

-568-569 жылы Істеми қағанға Византия елшісі Земарх елшісі келеді. Менандр жазбасында Дизавул (Іштеми)қаған ордасы Талас бойында орналасқан . Земарх елшілігі Византия мен Батыс Түрік қағанаты арасында тікелей сауда орнатуды көздейді.Елшілік мақсаты парсыларға қарсы Түріктермен одақ құру.Елшілерді екі оттың арасынан өткізіп, тазалану рәсімін болғандығын жазады.
-Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің одақтасуы нәтижесінде Ұлы Жібек жолының дамуы күшейді.Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жiбек матасын сатып алушы негiзiнен Византия еді. Дереккөздерде Византия елшілігінің түркілерге бірнеше рет барғандығы айтылады. Византиямен тұрақты сауда және дипломатиялық байланыстар орнағандығын VІ ғасырдағы византиялық теңгелер растайды.
-VІ ғ. 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
-Орта Азияны басып алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. Эфталиттер (хионит-ақғұндар)- Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерді жаулап алған отырықшы тайпалар.
-VІ ғ. 80-жылдардың соңында түркілер Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерін кері алып кеткені үшін Парсы жағы оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттелді.
-Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды.

Түркілердің күшею себептері

- VІ ғасырдағы түркілердің Қытай және басқа мемлекеттерден басымдығы: саяси бірлік, жетілдірілген қару-жарақ, көшпелі ұйым, жылдам қимылдау, қарсыластарының әлсіздігі және бытыраңқылығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет