Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет21/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
-714 жылы Шаштыбасып алып, Испиджабқа жорық жасады.

Сұлу
(Сұлық)

-715-738жылдары билік құрды. Қара түргеш (дулулар) көсемі.Орданы Талас(Тараз) қаласына көшірді.
-Он оқ елі түгелдей бағынып, халық саны 200 мыңға жетті. Егіншілік пен қала мәдениетін дамытты.
-Түргеш қағанатының тәуелсіздігін сақтап қалу үшін 3 жақты күрес жүргізді:

  • батыста- араб шапқыншылығы;

  • шығыста- Қытай мемлекеті;

  • солтүстік- шығыста Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.

-715 (717 ж) жылыТаң империясына барып, уақытша бейбіт келісімге келді. Қытай императоры оған қызын ұзатты және «Адал қаған» деген лауазым берді. Сұлу қаған Қытайға жеті рет елшілік аттандырды.Бұл түргештердің батыста арабтарға қарсы әрекеттерін жандандыруға мүмкіндік берді.
-Шығыс Түрік қағанаты Білге қағанмен және Тибет патшасымен құданалық арқылы шығыстағы саяси жағдайын дұрыс жолға қойды.
-Арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың (Самарқан, Бұхара, Шаш, Ферғана тұрғындары) күресіне қолдап, жәрдем беруге тырысты.
-Үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «Әбу Музахим»- «Сүзеген», «мүйізді қаған» деген лақап ат қойды және Соғдыдағы өз биліктеріне төнген басты қатер санады.
-720-721 жылдары Сулудың әскербасшысы Кули шор Соғды жерінде арабтарды қуып шығып, жеңіске жетті.
-732 жылыдың соңында арабтың жергілікті билеушісі түргештерді талқандап, Бұқараға кірді.
-737 жылы Сулу қаған Тоқарыстанда қарлұқтармен бірігіп арабтарды жеңді.
«Қаған арабтарға қарсы Орта Азияжағы халықтардың күресін пайдаланып,оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты... Қаған.... арабтарды біржола талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түркеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскермен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады».Тоқарстандағы соғыс.
-738 жылы Сулу қағанды Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тархан опасыздықпен өлтірді. Оның қазасы Түргеш қағандығының ыдырауына әкелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет