-699-704 жылдары тайпа басшысы, 704-708 жылдары қаған.Қағанаттың негізін қалаушы. - Әкімшілік реформа жүргізіп, елдің басқару жүйесін қайта құрды.Қағанат 20 әкімшілік аймаққа( тұтыққа) бөлінді.Әр аймақ 7 мың әскер шығарды. Негізгі тайпаларын екі ордаға бөлген. Ол бас орда етіп Суяб қаласын белгіледі. Екінші ордасы Күнгіт қаласы болды.
-VІІІ ғасырдың басында Қытай мен Шығыс Түрік қағанаты арасындағы саяси жағдайды пайдаланып, Қытайға өзін мойындатты. - VІІ ғасырдың екінші жартысында арабтар Орта Азияға басқыншылық жорықтарын бастады.VІІІ ғасырдың басындаараб әскерлері түркештердің шекарасына жақындады.Үшлік қаған706 жылы араб әскерлеріне қарсы тұрған соғдыларға көмек беруге тырысты. Түркі-соғды одағының біріккен күштері Бұхара түбінде арабтарға соққы берді. Араб қолбасшысы Құтайба ибн Мүсілім одақтастар арасындағы келіспеушіліктерді пайдаланып, Орталық Азия жеріне басып кірді.
Сақа (Сақал) (706-711 жж.)
-Үшіліктің мұрагері. Сары түргештер көсемі. -708 жылы Қытай әскерін жеңді.
-708 жылы сары және қара түргеш тайпалары арасында билік үшін талас-тартыстар болды. Сақалдың інісі көтеріліс жасап, шығыс түріктердің билеушісінен көмек сұрады.
- 711 жылыШығыс Түрік қағаны Қапаған түргештер арасындағы тартысты өз мүддесіне пайдалануға тырысып шабуыл жасады. Шығыс түріктердің түргештерге жасаған екі жорығы белгілі.
-Орхон жазуларында Бөгчор (Қапаған)қағанның түргештермен Болчу өзенінде 711 жылы шайқасқаны жазылған. Сақалқағанды тұтқынға алып өлтіреді.
-Қаған руының мүшесі Сұлу бастаған түргеш әскерлері Сырдариядан ары қарай шегінді. Оларды болашақ Білге қаған мен оның інісі Күлтегін бастаған шығыс түркілер Соғдыға дейін ығыстырды. Бұл жерде олар арабтармен болған шайқастарға қатысты. Бірақ жеңіліске үшырап Өтікенгеқайтып оралды.
-709 жылы араб қолбасшысы Кутейба ибн Мусилим Бұхараны соғыссыз алды.