Іі. БӨлім. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ


-552жылы Жужан қағанатының соңғы қағаны Анағұйды



бет4/79
Дата08.12.2023
өлшемі218,07 Kb.
#135030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
ерте орта дамыған қаз тарих

-552жылыЖужанқағанатының соңғы қағаны Анағұйды жеңеді. Түркілерден жеңілген Анағұй өзін-өзі өлтіреді.
-Осы жеңістен кейін Бумын «елхан»-қаған деген атақ алады.Түрік қағанаты құрылды.

Қара-Еске қаған
(552-553жж.)

-Бумын қағанның баласы.
-552 жылы Орхон өзенінің жоғары жағындағы Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді.Алайда ол ұрыста қаза табады.

Мұқан қаған
(553-572 жж.)

-Қара-Еске қағанның інісі.552-554 жылдары жужандарды толық жеңді.
-Түрік қағанаты Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті. Осы кезден бастап түріктер Ұлы даланың шығыстағы қожасына айналды. Мемлекетте әкімшілік-аумақтық бөлініс жүйесі енгізілді.
-Солтүстігінде-Саян тауына дейін, шығысында- Сары өзеніне дейінгі қай, қидан, оғыз-татар т.б. тайпаларды бағындырды.
-Бұл кезде екі бөлікке бөлініп отырған Қытай елінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый-сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды.Солтүстік Қытай мемлекеттеріне салық салды.Қытай түріктерге салық ретінде жылына 100 мың метрге тең жібекматасын төледі.
-Қытай жылнамаларында «Ол шекара(Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды» деп жазады.
-Ұлы Жібек бойындағы Орта Азия қалалары мен елді мекендерін басып алды.Аварлардың (жужандардың) соңына түсе отырып, түркілер Орал маңы мен Еділ бойын бағындырды.
-Түрік қағанаты мен Иран арасындағы шекара Әмудария өзенінің бойымен белгіленді.
-Византиямен экономикалық, сакяси және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
-Ағасы Істеми эфталиттерді жеңгеннен кейін, мемлекет шекарасы Қара теңізге дейін кеңейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет