Іі хАлыҚАрАлыҚ ғылыми-тәжірибелік конференЦиясы ғылыми баяндамалар


мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін. әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет69/74
Дата12.03.2017
өлшемі4,54 Mb.
#9206
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74

мәдениетін дамытудың қажетті шарттары екенін ұмытпасақ деймін.
әдебиеттер тізімі
1. Зенкина с. в. информационно-коммуникаци онная среда, ориентированная на новые обра зовательные 
результаты. м.: просвещение, 2007.
2. курманалина ш. х. методология и технология создания электронной методической системы в усло-
виях информатизации образования.// монография. А.: издательство «Алем», 2002. с.316.
3. курманалина ш. х. обновление методического обеспечения учебного процесса в условиях инфор-
матизации образования (в соавторстве с п. б. чекалева). //монография. о.: омгпу, 2002. с.82.
4. лукичева е. Ю. информационно-образователь ная среда как фактор профессионального и личност-
ного развития педагога [Электронный ресурс] / -http://rois.loiro.ru/ (10.11.2012)

530
531
әлеМдік біліМ беру кеңістігіне ену ЖағдаЙында ҚазаҚ тілі 
оҚытуШысына ҚоЙылатын  талаПтар
Құрманбаева Ш. Қ.
п.ғ.д., С.Аманжолов ат. ШҚМУ профессоры
Өскемен Қ.
 Қазақстан Республикасы
аңдатпа
мақалада оқушының тілдік тұлғасының қатысымдық құзыреттілігін арттыру мәселесі және әлемдік 
білім беру жүйесіне ену жағдайында қазақ тілі оқытушысына қойылатын талаптар жайында сөз болады.
аннотация 
в статье рассматриваются проблемы повышения коммуникативной компетентности языковой лич-
ности ученика и требования, предъявляемые к преподавателю казахского языка в условиях вхождения в 
мировое образовательное пространство.
Abstract
in article considered problems of increase of communicative competence of the language identity of the pupil 
and the requirement shown to the teacher of the kazakh language in the conditions of entry into world educational 
space.
әлемдік  білім  беру  жүйесіне  ену  жағдайында  оқытушы  шеберлігі  мен  оқушылардың  білім  алу 
тиімділігінің тек жоғары сапаны қажет етуі - заманның қойып отырған орынды талабы. осы қажеттілікке 
орай  елімізде  қазақ  тілін  оқыту  міндеті  де  өзінің  көптеген  шешімдерін  күтуде.  бүгінгі  заманға  лайық 
білім  беру  жүйесі  ізгілендіру,  дифференциялау,  интеграциялау,  гуманитарландыру  және  экологизация-
лау ұстанымдарын негізге ала отырып, өзінің басты нысаны ретінде адам тұлғасын қарастырады. соған 
сәйкес  қазақ  тілін  оқытудың  соңғы  мақсатты  нәтижесі  де  оқушының  тілдік  тұлғасының  қатысымдық 
құзыреттілігін  арттыруға  бағытталады.  соңғы  мақсатты  нәтижеге  жету  жолында  оқытушыға  терең 
лингвистикалық теориялық біліммен қатар, педагогика, психология, физиология, философия, әлеуметтану 
ілімдерін жетік меңгеру, интерактивті оқыту әдістерін қолдана білу, оқытудың тұлғалық, коммуникативтік, 
ақпараттық бағыттылығы ұстанымын жүзеге асыру міндеттері жүктеліп отыр. 
бүгінгі күнде отандық білім беру жүйесі оқытудың инновациялық технологияларын енгізу кезеңінен 
өтіп, толықтай іске асыру кезеңіне келді. Заманауи білім беру жүйесі оқытушыдан кәсіби шеберлігімен, 
креативті  ойлау  қабілетімен,  қатысымдық  құзыреттілігімен,  ақпараттық  мәдениетімен,  жаңашыл  іс-
әрекетімен, педагогикалық технологияларды шебер меңгеруімен, оқытуда ең басты нәрсеге назар аудара 
білу қабілетімен, материалды мазмұндау стилімен, оқушылардың өзіндік жұмыс жасау дағдыларын да-
мыта білуімен ерекшеленетін инноватор болуды, сол арқылы оқу үдерісін саналы және мақсатты түрдегі 
басқаруды  талап  етеді.  сондықтан  оқытушы  өзінің  педагогикалық  шеберлігін  ұдайы  жетілдіріп,  білім 
негіздері мен танымды кеңейту идеясын оқушылардың ақыл-ойы мен жүрегіне жеткізетін ең ұтымды әрі 
тиімді жолды іздестіріп, сол арқылы оқытудың сапасын арттыра түседі. 
білім  алудың  төрт  жолы  -  білімді  игеру,  өз  бетімен  іздену,  болмысқа  әсер  ету  машық-дағдыларын 
қалыптастыру,  оқушылардың  адамға  және  адами  құндылықтарға  деген  ізгілікті  қатынастарын 
қалыптастыру, олардың ішінде сапалық пен тиімділік беретін қырларын танып іріктеу үшін оқытушыға 
үлкен шеберлік қажет. Қазақ тілін оқытуда оқытушының негiзгi мiндетi - жалпы қабылданған аксиологиялық 
жүйелер негiзiнде оқушы тұлғасының құндылық бағдарын қалыптастыру. тұлғаның құндылық бағдары 
төмендегідей кезеңдер арқылы қалыптасады: 
- оқушыға рухани құндылық бағдарларды ұсыну;
- тұлғаның рухани құндылық бағдарларды iшкi қабылдауы; 
- оқушының iс-әрекеті мен тәртiбі, мiнез-құлқында рухани құндылықтың көрiнiс табуы; 
- тұлғаның рухани құндылық бағдарларын бекiтуi және оны өзiнiң жеке тұлғалық қасиеттерiне айнал-
дыруы; 
- тұлға қасиеттерi мен күнделікті iс-әрекетінде рухани құндылық бағдарлардың қайталануы.
Қазіргі  оқытушының  білім,  білік,  дағды  қалыптастырумен  шектелуі  жаңа  парадигма  талаптарын 
қанағаттандыра  бермейді.  Өз  пәні  бойынша  таным  тәсілдерін  игеруі  және  оларды  қолдану  білігі,  со-
нымен қатар бір пәндегі таным тәсілдерін екінші саладағы таным тәсілдерімен үйлестіре білу қабілеті 
де қажет. Құндылықтар жүйесі қалыптасқан, көзқарасы тұрақталған, әлемді тану қабілеті жоғары және 
таныту  тәсілдерін  әдіснамалық  және  әдістемелік  деңгейде  игерген  оқытушы  ғана  танымдық  мәдениет 
иесі  болмақ.  сондай  жоғары  танымдық  мәдениет  иесі  ғана  қазақ  тілін  мемлекеттік  мәртебесіне  сай 
толыққанды дәрежеде абыроймен оқытып-үйретіп, қазақ тілі оқытушысының қасиетті борышын ақтай 
алады.  себебі  оқытушыға  тілді  үйрету  арқылы  сол  тілді  қолданушы  халықтың  ғасырлар  бойы  жасап 
келе жатқан мәдениеті мен тарихын, салт-дәстүрін таныту - міндет. жалпы адамзаттық құндылықтарды 
өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші-ұстаз халық педагогикасын, сан 
ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты, терең біліп, тебірене іс-қимыл 
жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге халық алдында борышты. 
Қазақ тілі маманы қолданбалы психология саласындағы, ғылыми және іс-тәжірибелік психологиялық 
кәсіптік  міндеттердің  кең  аясын  шеше  алатын,  балалармен  жұмыс  істеуге  маманданған,  олардың  жеке 
дамуын  жоғары  тұлғалық  деңгейге  көтеру  арқылы  қазақ  тілін  меңгеру  мақсаттарын  жүзеге  асыруға 
көмектесетін  психолог  болуы  шарт.  оқытушы-психологтың  басты  міндеті  -  психофизиологиялық, 
әлеуметтік,  субъектілік  түрлі  шарттардың  әсерінен  білім  алу  әрекетінде  қиындық  сезініп  жүрген 
оқушыларға қолайлы қатысымдық ахуал тудыру. Қоғамда, өмірде, өз ортасында лайықты орнын алуға, 
өз оқу-танымдық әрекетінің жемісін көруге тырысатын оқушыға қазақ тілін жоғары дәрежеде меңгеруге 
көмектесу үшін психолог-оқытушы жанама басқару стратегиясын пайдаланады. 
Қазақ тілін оқыту жүйесінде оқытушының белсенділігі оқушыға қажетті ақпаратты тиімді тәсілдермен 
жеткізуге,  оқу  уәждемесі  мен  сөйлеу  әрекеті  белсенділігін  арттыруға,  қатысымға  еркін  түсе  алатын, 
шығармашыл  тілдік  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталады.  е.н.ильин  тіл  табыса  білу  өнері  жайында: 
«сабаққа бей-жай кіріп келмей, бірден елең еткізе кіріп келген адам амал табады», -  деп жазады [1, 238 
б.].  Алайда сабақты пәрменділікпен бастап қана қою жеткіліксіз, сабақтың соңына дейін сол қарқынды 
сақтай отырып, оқушылардың уәждемесі, белсенділігі, қызығушылық деңгейін үздіксіз арттырып оты-
ру, оқу жылының басынан аяғына дейін сол белсенді әрекетті ұдайы жүргізіп отыру оқытушыдан терең 
білімді, асқан шеберлікті, жан мен тән қуатын талап етеді. 
бүгінде  толыққанды  дамуына  кепілдік  алып  отырған  қазақ  тілін  абыроймен  оқытып-үйрету,  оның 
қоғамдық  беделін  көтеру  –  қазақ  тілі  оқытушысының  қасиетті  борышы,  міндеті.  Қазақ  тілі  сабағында 
оқытушының  атқаратын  қоғамдық  қызметі  –  оқушыға  қоғам  міндеттеп  отырған  талаптарға  жауап 
беретіндей белсенді оқу әрекетін қалыптастырып, қатысымдық уәждемелерін, танымдық қажеттіліктерін, 
қызығушылықтарын арттыру. Қазақ тілін оқыту сабақтарында қалыптасып келе жатқан тілдік тұлғаның 
өзін-өзі  бағалай  білуіне  және  ұжымда  өзін  ұстай  білуіне  үйрету  үшін  оқытушы  оларға  үнемі  көмек 
көрсетуі тиіс. әрбір жеке оқушының және ұжымның табысқа жетуі үшін мадақтау мен ескертулерді дер 
кезінде көрегендікпен айта білу, әр оқушының табысқа жете алатынына сенімділік тудыру, мейірімділік 
көрсетуде оқытушының рөлі зор. 
б.хасанов:  “Қазақ тілінің көсегесі  көгерсін  десек, оны оқытқан  адамның  алдына  алты шарт  қойылуы 
тиіс», - деп атап көрсетеді:
1.  «мемлекеттік» тіл   деген  не - соны нақты  білу;
2.  «Қазақстанда  мемлекеттік  тіл - қазақ  тілі»   деген  не  сөз  екенін түсіндіре алу;
3.  Қазақ тілін  кәсіби  біліктілік  тұрғысынан  мүлтіксіз  еркін  білу;
4.  тіл саясаты ұғымы, Қазақстанның  тіл саясатының  сипатын  саясаттану мен әлеуметтік лингвистика  
тұрғысынан  біліктілікпен  түсіндіре  алу;

532
533
5.  оқыту әдістемесінің  мән-жайын, дәстүрлі лингвистикамен қатар социолингвистика  мен  психо-
лингвистика, когнитивті  лингвистика ғылымдарынан жақсы хабардар  болу» [2, 12-13 б].
педагогикалық  психологияда  в.А.крутецкий  педагогикалық  мүмкіндіктердің  жалпы  теориялық 
негізін  талдай  келе,  нағыз  мұғалімнің  бойынан  төмендегі  қасиеттер  табылуы  тиіс  деп  есептейді: 
1.Дидактикалық қабілеттер; 2.Академиялық қабілеттер; 3.перцептивті мүмкіндіктер; 4.сөйлеу қабілеті; 
5.Ұйымдастырушылық қабілеті; 6.Авторитарлық қабілеттер; 7.коммуникативтік қабілеті; 8.педагогикалық 
сезімталдық; 9.назардан тыс қалдырмау қабілеті [3, 294-299 б.].
Қазақ тілін оқыту үдерісінде ұйымдастырушы, бақылаушы, қызығушылық тудырушы, қорытындылаушы 
рөлін  атқаратын  оқытушыға  көптеген  педагогикалық  талаптар  қойылады.  Атап  айтсақ,  дидактикалық 
қабілеттерге ие оқытушы тілдік материалдардың ауырын жеңіл жолмен, күрделісін қарапайым да түсінікті 
жолмен  жеткізе  біледі.  оқушылардың  грамматикалық  ұғымдарды  өз  беттерімен  толық  түсініп,  тілдік 
қатынаста қолдана білулеріне  жол ашады, сабаққа деген ынталарын көтеру үшін үнемі қызығушылық 
тудырып отыруды мақсат етеді.  
Академиялық қабілеттердің иесі өз пәнін тек курста қолданылатын оқулық деңгейінде ғана емес, терең 
ғылыми-теориялық дәрежеде меңгерген білімді маман болуы керек. ххі ғасыр компьютерлік ақпараттар 
легі  заманы  болмақшы.  жер-жердегі  болып  жатқан  хабарлар  туралы  интернет  арқылы  минутында 
мағлұмат алып отырған жасөспірім балаларды бір нәрсемен таңқалдыру, оған жаңа сабақ айтып, дәріс 
тыңдата  білу  кез-келгеннің  қолынан  келе  беретін  оңай  дүние  емес.  оқытушының  беделін  анықтайтын 
басты көрсеткіш – білім, яғни ұстаз болып танылып, бағалану үшін оған ең алдымен, үлкен білім мен білік 
қажет. сондықтан нағыз ұстаз өзі үнемі ізденісте жүріп, өз ғылымы саласындағы соңғы жаңалықтардан 
ұдайы хабардар болуы қажет. 
тұлғаның ішкі жан дүниесін, әр кездердегі психикалық жағдайларын асқан байқағыштықпен сезіне 
алатын нағыз педагог перцептивті (perceptio – лат. қабылдау, сезіну) мүмкіндіктері бар маман болады. 
сабақ беру үстінде балалардың түрлі көңіл-күй, жағдайларын тез байқап, мазалап отырған бір жайттың 
бар екенін дер кезінде сезіп, оған қол ұшын беріп, жаңа тақырыпты қайталап түсіндіріп, қызықты сұрақтар 
қою арқылы оны пікірлесімге тартып, т.б. жолдармен материалдың түсініксіз болып қалуына жол бермейді.
жоғары сөйлеу қабілетіне ие оқытушының сөзі сабақ түсіндіргенде де, оқушының жауабын талдау 
кезінде де, яғни барлық сәттерде нық, тартымды, нанымды шығады. сөйлеу тілінің, керек болған жерлер-
де ым тілінің көмегімен ойын, сезімдерін жеткізе білу шеберлігіне оқытушының артистік қабілеті келіп 
қосылады. ондай оқытушы кез-келген аудиторияны аузына қаратып, еліктіріп,  соңынан ерте алады. 
нағыз  ұйымдастырушылық  қабілетке  ие  мұғалім  біріншіден  оқушыларға  дұрыс  жол  сілтей  білсе, 
екіншіден,  өз  жұмысын  шығармашылықпен  ұйымдастырады.  оқытудың  шарттарына  сай  алғашқы 
сабақтардан бастап тұлғалардың жоғары белсенділігіне қол жеткізуге тырысу қажет, сабақтың кезеңдері 
дағдыға  айналуы  тиіс,  сол  кезде  ғана  әр  оқушы  өз  бетімен  жұмыс  істеуге  бейімделеді.  мұғалімнің  өз 
жұмысының тиімділігі де осы сабақтың кезеңдерін дұрыс жоспарлауынан, орындалуын қадағалауынан 
көрінеді.    
оқытушының әділдік, жігерлілік, талапшылдық қасиеттері арқылы оқушылардың сезімдеріне әсер ете 
отырып,  өзін  сыйлата  алуы  оның  авторитарлық  қабілеттерін көрсетеді. мұғалімге  деген  сыйластық ең 
алғашқы сабақтарда қалыптасады да, әрі қарай мұғалімнің өзіне байланысты толығып, нығайып отырады 
немесе әлсірей түседі. мұғалім өз мүмкіндіктеріне өзі сеніп, оқушылардың бойында да сенім тудыра алса, 
талмай ізденіп, жұмыс істесе, лайықты сыйластыққа ие болады. 
оқытушының коммуникативтік қабілеті - оқушылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыс педагогикалық 
жолдарын меңгеруі. тыңдаушысына әсер етіп, зейінін аудару үшін өз кәсібінің шарықтау шегіне жеткісі 
келетін маман (оқытушы) сөйлеу өнерін меңгеруі тиістігі жөнінде ғалымдар мынаны ескертеді: «...шаршы 
топ алдында сөз сөйлеу үшін, не айтатыныңды білу аздық етеді, бұған қоса, қалай айту керектігін білген 
жөн. іскер маман өз сөзінің ерекшеліктерін көз алдына елестете білуі, тыңдаушыларға әсер ететін сандаған 
факторларды ескеруі, сөйлеу техникасын меңгеруі тиіс». 
  мұғалімнің  өз  әрекеттерінің  болашақта  беретін  жемісін  сезіне  білуі,  әр  оқушының  жеке  бас 
мүмкіндіктерін бағалауы, олардың әрбіреуінің болашақ жетістігін бағдарлап, соған лайық әрекеттер жа-
сауы – педагогикалық сезімталдық немесе бағдарлаушылық қабілеті болады. назардан тыс қалдырмау 
қабілетіне ие маман сабақтың өту барысының мазұны мен формасын, оқушылардың ойларының өрбуін 
жіті қадағалап отырады, сонымен қатар олардың барлық әрекеттері (қызығу, шаршау, түсінбеу, тыңдамау, 
қиналу  т.б.)  мен  қимыл-қозғалыстарын,  сезімдерін,  яғни  психофизикалық  жағдайларын  байқап,  соған 
лайық жұмыс ырғағын түзеп отырады. 
әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру 
- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. оқу үдерісінің ұтымды өту шарттары оқытушының 
белсенділігін  және  шығармашылық  рөлін  жоғарылату,  оның  тұлғалық,  кәсіби  мүмкіндіктерін  жаппай 
жұмылдыру және ұтымды түрде іске асыру, оқушыларды ұжым ішінде және ұжым арқылы оқыту мен 
тәрбиелеу болып табылады. Қазақ тілін жаңартып-жаңғыртып оқыту барысында оқытушы сабақтардың 
құрылымын, формасын және мазмұнын әдеттегіден әлдеқайда көп өзгертеді. Ұйымдастырушы, кеңесші, 
бақылаушы,  сырлас  рөліне  көшу  оқытушының  сабаққа  және  оқушыларға  деген  қарым-қатынасын 
түбегейлі қайта құруды талап етеді. сабақтардың алғашқы тәжірибесін жүргізу барысында оқытушының 
жоспарларының  бәрі  бірдей  іске  аса  бермеуі  мүмкін.  ондай  кездерде  сенімсіздік,  шарасыздық, 
қанғаттанбаушылық сезімдеріне бой алдырмай, оптимист болған жөн. осы іске бел шешіп кіріскеннен 
кейін, соңғы нәтижеге жетуге тырысу қажет. оқытудың сапалы нәтижесі – оқушының тілдік тұлғасының 
қатысымдық құзыреттілігіне қол жеткізуде оқытушының бойынан табылуға тиісті басты қасиеттер - терең 
білім, қажырлы еңбек, рухани байлық және ең бастысы - мамандығына, отанына, ұлтына, ана тілі - қазақ 
тіліне деген махаббат. бойында осы ұлы сезім, ұлы күш бар адам ғана нағыз ұстаз бола алады, қиын да 
қызықты ұстаздық борышын адал атқарып шығады.
әдебиеттер тізімі
1. ильин е. н. тіл табыса білу өнері // педагогикалық ізденіс. – А.: рауан, 1990. – 237-287-б.
2. хасанов  б. Қазақ тілін оқыту стратегиясы – тіл үйретудің  биік  тұғыры. жинақта: мемлекеттік 
тілді үйрету жолдары: теориясы мен тәжірибесі (ғылыми-әдістемелік семинар материалдары). – Астана: 
2004. – 11-17 б.
3. крутецкий в. А. психология обучения и воспитания школьников.книга для учителей и классных 
руководителей. -м.: просвещение, 1976. – 303 с.
біліктілікті арттыру ЖүЙесінде МұғаліМнің кәсіби даМу 
стратегиясы тренер көзіМен...    
Құрманова Ж.с., ф.ғ.к.
«Өрлеу» БАҰО АҚ-ы филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ ИТжПӘ  
кафедрасының аға оқытушысы  
Қазақстан Республикасы
аңдатпа
мақалада  біліктілікті  арттыру  мәселесі  педагог  мәртебесін  көтерудің  негізгі  факторлардың  бірі 
ретінде  қазіргі  талап  тұрғысынан  жан-жақты  қарастырылған.  педагогтарды    курстық  дайындықтан 
өткізуде олардың   тиімді оқыту тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасай отырып мектептің оқыту үдерісін 
өзгертуге ықпал ету жолдары қарастырылған. бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеудің түрлері жаңа 
көзқарастар тұрғысынан екшеленіп, талданып, басқа түрлерге ауысу тәжірибесі талданған. 
аннотация
в докладе рассматриваются вопросы повышения статуса педагога, как один из основных факторов с 
точки зрения современных требований. при прохождении педагогами курсовой подготовки создание им 

534
535
условии для усвоения приемлемых форм преподавания и рассмотрения пути влияния на изменение учеб-
ного процесса школы. рассмотрены с новой точки зрения традиционные формы обучения и воспитания  
и проанализированы новые подходы к обучению.
Abstract
in this article is spoken that the important thing is to develop the teacher’s authority. it carries out through 
service training programme for the pedagogic staff.  there are a lot of ways of using new methods of learning. 
We should change our mind and methods to the new methods.
Қазақстан  республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасында  педагог  мәртебесін  көтерудің  негізгі  факторлардың  бірі  ретінде  біліктілікті  арт-
тыру  мәселесі  қарастырылған  [1,13-б].  сондықтан  білім  берудің  тиімді  тәсілдерін  анықтау,  ғылыми, 
эмпирикалық  тәжірибелерді  жинақтау,  жүйелеу,  өзгермелі  өмірде  өзінің  оңтайлы  нәтижесін  беріп 
отырған әртүрлі жағдайларды, оның ішінде оқу-тәрбие жүйесін зерттеу – білім сапасын алға жетелеймін 
деп  жүрген  ғалымдер  мен  педагогтардың  басты  нысандарының  бірі.  бұрынғы  дәстүрлі  оқыту  мен 
тәрбиелеудің түрлері жаңа көзқарастар тұрғысынан екшеленіп, талданып, басқа түрлерге ауысуда. 
  оқушыға  деген  қатынас  объект  ретінде  емес,  оның  өзгермелі  қоғамда  дамушы  тұлға  ретінде, 
қоғамды өзгертуші субъект екені мойындалып, оның өз мүмкіндіктерін барынша іске асыруға жағдай 
жасалудың қажеттілігін тудырды. егер біз тұлғаны әлеуметтік қасиеттердің бірлігі, оның өмірге деген 
және өзіне-өзі қатынасы, айналадағы қоршаған ортадағы өзінің рөлін сезінуі, оған өзінің қабілеті мен 
шығармашылығы арқылы әсер етуі деп қарайтын болсақ, онда оқушылармен жүргізілетін оқу- тәрбие 
үдерісінің осыған лайық өзгерістерге ұшырайтынын сезер едік. 
осыған сәйкес қазіргі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  жүйесі әрдайым ізденісте бо-
латын ғылыми тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа жобаны енгізу жүргізілуде. ол – назарбаев 
зияткерлік  мектептері  жанынан  құрылған  педагогикалық  шеберлік  орталығының  ұйымдастыруымен 
өткізіліп жатқан  оқытудағы кембридж тәсілінің  теориялық негіздерінде мұғалімдердің біліктілігін 
арттыру курстары.
біз  осы  жобаны  оқушыны  өзгермелі  өмірге  дайындай  отырып  жеке  тұлға  ретінде  дамытуға 
бағытталған оқу-тәрбие үдерісінің бір-бірімен тығыз байланысқан әдістері мен тәсілдерінің жиынтық 
жүйесі деп қарайтын болсақ, онда оны әлемдік білім беру тәжірибелерін оқытудың бірден-бір құралы 
ретінде  қарастырамыз.  мұғалімдерді  курстық  дайындықтан  өткізу  кезінде  мынадай  мақсаттағы  
жұмыстар жолға қойылады, ол -  оқытуды жоспарлы да жүйелі  жүргізу арқылы мұғалімнің тиімді оқыту 
тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасай отырып   мектептің оқыту үдерісін өзгертуге ықпал ету.  
 жүргізілген оқыту  жұмыстары, тренингтер оқуға тартылған  мұғалімді   назарға алып, бақылау 
жасау  (сауалнама,  әңгімелесу,  диагностика  және  тренингтер  өткізу,  олардың  жас  мөлшері,    көптеген 
тыңдаушылардың  түрліше  пән  мұғалімдері  болуы,  түрліше      мектептерден  келуі)  нәтижелерінде 
айқындалады.  
  оқытуда  осы мәселені  бақылау сабақтарды жаңа тәсілдер арқылы   ұйымдастырумен жүзеге асу-
да.  Өз  тәжірибемізге  келер  болсақ,  алдымен  өткізілген  бастапқы  сабақтардағы  берілген  тақырыпты 
талдауда  тыңдаушылар  топтық  жұмыстар  жасайды.  барлығы  дерлік  берілген    тапсырмаларды  орын-
дады  дегенімізбен,  сабаққа  ынтасыз  мұғалімдер  да  ішінара  кездесіп  қалып  жатады.  олар  әсіресе  өз 
жұмыстарын қорғауда салғырттық танытады. сондықтан қосымша сұрақтар беріліп, әңгімеге тартуға 
тура келеді, соның өзінде ойлары шашыраңқы, жүйесіз айтылған ойлар да болады.
тыңдаушылардың бірлесіп әрі дербес ойлау үшін сөйлесу  мәдениетінің жұтаңдығы  осы жауаптардан-
ақ байқалады. тапсырмалар күрделіленген сайын олардың сөздік қорын молайып, тіл мәдениетін барын-
ша  дамытуға тырысулары олардың қоршаған ортасы мен   басқа топ мүшелерінің ынтамен тыңдауларына 
тығыз байланысты болады. біз тыңдаушылар тәжірибелі мектеп мұғалімдері болғандықтан олар әңгіме 
жүргізу мен ойлау үшін қажеттінің бәрін біледі деп түсінеміз. шындығында олай еместігін курс бары-
сында көзіміз жетті. 
 негізінде мектеп мұғалімдерінің өздері бастауыш сатыдан бастап оқушының сұраққа тыңғылықты 
жауап беруін талап ету керек. олардың көпшілігінің талқылаудан тәжірибесі аз болады, осылайша мек-
теп  олар  үшін  әңгімелесу,  тыңдау  мен  ойлаудың  кейбір  аса  маңызды  дағдысын  үйренуіне  мүмкіндік 
беретін жалғыз  орта болып табылады. тіл  пәндерінің мұғалімдері ғана емес, барлық мұғалімдер өз 
шәкірттері  үшін  осындай  қарым-қатынаста  өмірлік  маңызды  тәрбие  бере  алады.  ол  үшін  диалогтік 
оқыту жүйелі жүргізілуі қажет. 
біз келесі тәсілдерді (немесе кейбіреуін) қолданған кезде тыңдаушылардың  белсенділігі  артып және 
жақсара түскендігі анықталды:
·  мұғалімдердің идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдалану;
·   мұғалімдер өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оларды көтермелеу 
(сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсыну);
·   мұғалімдердің «сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «неліктен?», «сіздің тағы бірдеме айтқыңыз 
келе ме?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, материалды өңдеуге және өз көзқарастарын білдіруге 
ұмтылуы;  
·  мұғалімдерге кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік 
беру;
·  кейбір мұғалімдердің идеяларын тыңдап болмайынша сабақтың материалын түсіндіруді баста-
мау (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін); 
·  мұғалімдерге түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік беру (және, мүмкін, 
тіпті сабақ бағытын); 
·  мұғалімдер басқа жауап, тапсырма үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-
қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолдану. 
осындай жұмыстардың нәтижесінде орта  білім беретін мектеп мұғалімдерімен  жүргізілген курстық 
жұмыс  олардың өз оқуларына жауапкершілікпен қарайтындықтарын байқатты. 
курстық    жұмыстың  бірінші  кезеңінде  бейнетаспаларды  қайта  қарау,  сабақтар  соңынан    олардың 
жұмысына  ой  жүгірту  әр  мұғалімді  бақылаудың    нәтижесін    байқатты.  сондай-ақ,  соған  сәйкес  осы 
топта  жұмыс істейтін тренермен бірлесе отырып мұғалімдердің сабақ үстіндегі жұмысын қадағалап, 
олардың тиімді жүргізілуі үшін қандай көмек көрсету жолын анықтадық. тыңдаушылармен пікірлесудің 
өзі олардың оқудың не екендігін түсіну, жекелеген топтар, оқушылар үшін қалай оқыту немесе оқытуды 
қалай да жақсарту керектігін байқатты.  
курс барысында өткізілген өзіндік реттелу жұмысымда  бірінші сабақты видеоға түсіріп алып, оны 
асықпай  отырып  көрдім.  сонда  мені  таң  қалдырғаны:  біріншіден  –  менің  сабақ  өткізген  тобымдағы 
тыңдаушыларым бұл тәсілдермен жұмыс істеуге дайын екен, екіншіден – кейбір мұғалімдердің топтық 
жұмыстағы    әрекеттері  олардың  оқуға  қызығушылықтарын  көрсетті.  Алдымда  отырған  мұғалім  мен 
танысқан кезден мүлдем басқа жағынан көріне бастады. Үшіншіден - менің әрекеттерім: сұрақ қойғаннан 
кейінгі  жауап  алудағы  асығыстық  жасауым,  дауысымның  қаттылығы  және  тағы  басқалар...  сөйтіп, 
келесі сабаққа барғанда мейілінше ақырып сөйлеп, жауапты асықпай күтуге тырыстым... 
тыңдаушылардың  білім  алудағы  әрекеттері,  жұмыс  барысындағы  жетістіктері  бақыланды. 
тыңдаушы мұғалімдердің тапсырмаларды орындауға тырысуы олардың диалогтік білімін, мәдени тілін, 
жазу, сөйлеу стилін дамытуға, жалпы логикалық дамуына ықпал ететіндігі байқалды. 
ол үшін оларды жақсы оқуға итермелейтін факторларды  анықтау көп ізденіс пен зерттеуді талап етті. 
оның ішінде: 
·  жеке және кәсіби ерекшеліктеріне сүйену;
·  жұмысты қызықты етіп ұйымдастыру;
·  оқуға, ізденуге мүмкіндік беру;
·  топтағы әріптесімен келісімге келу;
·  қызығушылығы мен бейімділіктерін есепке алу;
·  әдет-қылықтарының себебін анықтау;

536
537
·  топтағылармен жақсы қарым-қатынаста болу;  
·  дайындық соңында сынақ тапсыру;
·  курстың нәтижелі аяқталуына сәйкес көтерме жалақының болуы;
·  жетістіктерін мадақтау  оқуда маңызды рөл атқаратындығы байқалды. 
осы факторлар сабақ барысында үнемі жүзеге асқан сайын, тыңдаушы өзін оқуға жауапты сезіне 
бастайды, сабаққа деген қызығушылығы артады.  сонымен қатар, оқуға қатысты белгіленген ойлану 
мен  даму  туралы  зерттеулердегі  өз  интеллектісі  мен  жеке  қасиеттерін  икемді,  көнгіш  деп  есептейтін 
тыңдаушылар үшін бұл жағдайда оқыту оңтайлы қарым-қатынасқа қол жеткізетіні анықталды. 
жұмыс  барысында    байқалғанындай,  тыңдаушылардың  оқуға  ынтасының    әртүрлілігі  олардың 
психологиялық ерекшелігі мен топтағы орнына да байланыстылығынан да  көрінеді. бұл жерде олардың 
кәсіби деңгейлері мен базалық білімдеріне де назар аудармасқа болмайды.   
кез келген білім жаңа байланыстарға, жаңа ассоциацияларға тіреледі. жаңа білім санадағы бұрыннан 
бар  білімге  сүйенеді.  л.с.выгодский  «исследование  развития  научных  понятий  в  детском  возрасте» 
еңбегінде «всякая новая степень в развитии обобщение опирается на обобщение предшествующих ступе-
ней. новая ступень обобщения возникает не иначе, как на основе предыдущей», - деп тұжырымдағандай, 
мұғалімдер де оқушылар рөлінде болғандықтан ақпараттар жүйелі, тиімді және неғұрлым бір-бірімен 
байланысты болса ғана олардың оқуға қызығушылығын арттыруға болатындығы байқалды [2,140-б].
«әрбір жаңа білімді баланың бұрынан білетін «ескі» біліміне негіздей, соған байланыстыра үйрету 
шарт... жаңа білім бұрынғы білім дағдысына негізделсе, оқыту жеңіл болады», -  деген с.жиенбаев пікірі 
де осы ассоциацияға келіп саяды [3,217-б].  
осыған  дейін  тәжірибемізде  орын  алған  білім  мазмұнын  мұғалімнің  дайын  күйінде  ұсынуы 
оқушының  өзіндік  ізденісіне  мүмкіндікті  шектесе,  кембридждік  әріптестеріміздің  ұсынған  оқыту 
тәсілдері  оқушының  өз  бетінше  ізденіп,  білім  мазмұнын  меңгеруіне  жол  ашатындығына  курстың 
тәжірибелік кезеңінде қол жеткіздім. ол тыңдаушылармен жұмыс барысында да жүзеге асып отырды. 
Қазіргі  қазақ  педагогикасының  көрнекті  өкілі  Қ.бітібаева  «біз  өз  тәжірибемізде  барлық  бала-
ны  бір  пікірге  (оқулық  не  ғылыми  материал)  жығып  беруге  асықпаймыз,  бір  қорытындыға  келуге 
итермелемейміз. жаттанды, өзіндік ойсыз қорытындыдан, балаң да болса өз пікірін қорғай білушілер, 
айта білушілер қымбатырақ»,- дегендей, мұғалімдер мектептегі тәжірибелері кезіндегі оқушыларының  
ұтымды ойлары мен ұшқыр пікірлері туралы да алғашқы кезеңнен әлдеқайда тереңірек жеткізуге тыры-
сып жатты [4,151-б].  
курстық дайындықтар барыснда топтардағы жылтылдаған «жұлдыздардың» шуақ шашқан «жарық 
жұлдыздарға»  айналуының  куәсі  болдым.  оқытудағы  ең  тиімді  тәсілдердің  бірі  «Диалогтық  оқыту 
негізінде    қалай  оқыту  керектігін  үйрету»  үшін    сұрақ  қоюдың  өзі  де  үлкен  ізденісті  қажет  ететінін 
түсіндім. 
жаңа  тәсілдерді  қолдану  нәтижесінде  алынған    «кері  байланыс»  тыңдаушыны    да,  мені  де  оқу 
үдерісіне құлшындыра түсті. 
Қорыта  келгенде,  институтта  өткізілетін  курстық  дайындықтардағы  топтық  жұмыста  7  модуль 
бойынша  оқытуды  тиімді  қолдану  жақсы  нәтижелер  беретінін  байқадық.  бірақ  бізге  осыны  барлық 
мұғалімдердің орындағаны және мұғалімдер тренингінде, білім беру саясатында оқушылардың  сөйлеу 
дағдыларының мәселесінде тиісінше жүзеге асырылуы қажет.
біліктілікті арттыруды жаңартудың негізгі бағыттары:  
-  құрылымды  оңтайландыру  және  педагогикалық  кадрларды  даярлауды  ұйымдастыруды 
оңтайландыру;
-  сабақты  ұйымдастырудың  тренингтік  түрлеріне  баса  назар  аудара  отырып,  педагог 
қызметкерлерді даярлаудың мазмұны мен түрлерін жетілдіру;
-  сынақ ісі;
-  кәсіби қайта даярлау;
-  білім берудің мазмұнына жаңалықтарды енгізудің сарқырамалы моделі;
-      өздік  жұмыс  болатын  болса,  осынау  курстық  дайындықтар  кезінде  аталмыш  жұмыстардың 
жүйелі түрде  атқарылуы соңғы нәтиже – болашақ тізгінін  ұстайтын өскелең ұрпақты оқыту-тәрбиелеу 
ісіне жауапты ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді [5.7 б.].
әдебиеттер тізімі
1.  Қазақстан  республикасында  білім  беруді  дамытудың    2011-2020    жылдарға  арналған 
бағдарламасы, 2002.
2.  л.с.выготский. изб.псих.произв.м.: просвещение,1956.
3.  с.жиенбайұлы. бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы. Алматы.: «Қазмембас»,1999.
4.  бітібаева Қ.о. оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулу жолдары. Астана.:кітап, 2007. 
5.  А.чалагизова «біліктілікті көтерудің әлеуметтік- педагогикалық шарттары»// Қазақстан мектебі, 
№6, 2012.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет