Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82

Әдебиеттер тізімі

1. Мықышева Г.Е. Болашақ әлемнің тізгіні білімнің қолында //Өзгеріс –перемена, 2011.

2. Аккушкарова Ж.К. Арнайы пәндер сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану     http://referaty-v.

kz/интерактивті-тақта  (30.10.2012)



ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Нугуманова Л.К.

Шет орта мектебі

 Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мектеп – келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, ел-халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін 

биіктетер  жасампаз  жандарды  тәрбиелейтін  бірегей  орта,  киелі  ұя.  Жас  ұрпақтың  иман-жүзді, 

білімдар  азамат  болып  өсуі,  ең  алдымен,  ата-анасы,  одан  соң  білім  алар  алтын  ұясы  және  қоршаған 

ортасына  байланысты.  Біздер  ата-аналар,  ұстаздар  қауымы  өз  ұрпағымызға  қандай  тәрбие  береміз, 

немен  сусындатамыз,  мөлдір  шықтай  тап-таза  жан  дүниесіне,  зердесіне  қандай  қадір  қасиеттерді 

дарытамыз?

Аннотация 

Думаем,  вопрос  о  будущем  волнует  всех.  Система,  способствующая  развитию  личности  каждого 

ребёнка, должна быть развивающейся, очень очевидно. И важными элементами в этом процессе являются 

как школа, так и родители и общественность. При этом внешнее воздействие на ребёнка обязательно 

должно соответствовать его возрастным и индивидуальным особенностям, потребностям и интересам.

Abstract

We think the future of everyone’s mind. The system contributes to the development of the personality of each 

child should be growing, it is very obvious. And an important element in this process is how the school and the 

322

parents and the public. The external impact on the child have to match his age and individual characteristics, 

needs and interests!

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерімнің ең бастысы – өзінің ісін 

өмірін жалғатыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ  тәрбиесі – келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам  иелерін  жан-жақты  жетілген  ақыл-

парасаты мол, мәдени ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Адамгершілік  тәрбиесінің  әрқайсысының  ерекшеліктерін  жетік  білетін  ұстаз  халық  педагогикасын 

ғасырлар бойы қалыптасқан салт дәстүрлерді,  әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білу мен қатар өркениетті 

өмірмен  байланыстыра  отырып,  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  пайдаланған  дұрыс.  Ата-ананың 

болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дегендей ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы 

балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатының, не істесе соны істегісі келетінін 

бәрімізде  білеміз.  Баланың  үйден  көргені,  жақындарынан  естігені – ол  үшін  адамгершілік  тәрбиесінің 

ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істерімен айналысатын адамның айналасындағыларға 

көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен 

емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Бала тәрбиесінің жалпы жуйесінде мектеп негізгі буын болып келеді, солай да бола бермек. Десек те, 

адам  өте  жас  кезінен  бастап,  мектепке  келуден  көп  бұрын  қалыптаса  бастайды.  Мұны  бәріміз  білеміз. 

Ұстаз  әрі  ана  ретінде  бала  тәрбиесіне  үзбей  араласып  жүргендіктен,  жас  өспірімдер  тәрбиесі  жолдары 

туралы өз пікірімді білдірмекпін.

Кейбір балаларды тәрбиелеуге келмейді, «қиқар», «қыныр» дегенді жиі естиміз. Абай атамыз айтқандай, 

«адам баласын түзеуге келмейді деген адамның тілін кесер едім» демекші, қисынын тапсақ, қисық ағашты 

да түзетуге болатыны сияқты, мұндай балалар туғаннан осылай болып өспейді ғой.

Бұган кінәлі кім десек, көбіміз екі жақты да айыптай саламыз.

Егерде әріге көз жіберсек, мектепті неге айыпты етіп шығарамыз. Себебі мектепке келген бала көзден 

таса болмайды, ылғи іс үстінде жүрмейме?

Мейлі оқысын, мейлі жұмыс істесін, әр мұғалім қауымы олармен тәрбиелік қатынаста болады. Олай 

болса, мектепті кінәлауға асықпайық. Осы жерде қоғамдық орта ескерілмей қалғандай болады.

Тәрбие – жалпыға  ортақ  үрдіс.Тәрбие  адамзат  баласының  ортаға  қалыптасуына,  өзін-өзі  реттеуіне, 

рухани  жан  дүниесінің  өсуіне  тікелей  ықпал  етеді.  Сондықтан  да,  атақты  грек  философы  Аристотель 

мемлекет тарыпынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын қоғамдық  

және отбасының тәрбиесімен сабақтастығын көрсеткен болатын.

Баланың ата-анасы алдында ешбір міндетсіз, еркін болып өсуі тәрбиенің дұрыс берілмеуіне байланысты. 

«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқты, аздырар адам баласын» деген Абай сөзі ойға түседі. Білімі жоғары, адами 

қасиеті  төмен  «ақсүйектік»  тәрбие  алған  азаматардың  қолына  тускен  мемлекеттік  билік  не  жақсылық 

әкелер.  Барлық  қоғамдық  жерде  ағынан  жарылатын,  ізгі  жандар  көбірек  болса,  олар  бала  тәрбиесіне 

жәрдемдесіп, барлық клубтар мен арнайы өнер мектебі кітапханалар өздерінің есіктерін балаларға кеңінен 

ашып, сенім білдірсе, мәдениеттілік көрсетке деймін. [1]

Рас, бала тәрбиесінде кейбір мұғалімдердің сырғақтап, «мен сабағымды берсем болды басқаға басымды 

ауыртып керегі не?» дейтіндерді де кездестіретінімізді жасыруға  болмас. Мұндайлардын мектеп атына кір 

келтіретіні аян. Бұл жерде өзінің бала алдыңда ұстаздық беделінің зор болуы үшін, әрбір мұғалім тәрбие 

ісінен ешуақытта сырт қалмауы керек. Сырттағың келеді екен, мұғалім болма.

Ыбырай Алтынсарин «маған жақсы Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» 

деп бекер айтпаған. Қазіргі мектеп міндеттерді шешуші мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне ерекше назар 

аударады.


323

Қанша  жақсы  болғанымен  білім  мен  ғылымға  бөлінген  мол  қаражат,  тамаша  білім  ғимараттары, 

компьютерлендіру,  білім  мекемелерін  күрделі  жөндеулерден  дер  кезінде  өткізуің  барлығы  жан-жақты 

адами тәрбие алуды ұйымдастырмай жақсы нәтиже бере қоймайды.

Жас  ұрпаққа  тәрбие  беруде  ар-ұят,  адалдық,  адамгершілік,  ізгілік  мәселелерін  қатар  қоя  отырып, 

сана-сезім мен ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал ету, шығармашылық қабілетін ашу, өзін-өзі тануына, 

өзіндік «менін» оятуға бағдар беру адам болып қалыптасуына жол ашу, жақсы мен жаманды айыра білуге 

машықтандыру, талап-талғамы терең салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлға ретінде қарап, 

жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай, сапалы, сергек етіп тәрбиелеу жолдардың нәтижелісі де, өмір 

бойы өшпейтін, ескірмейтін бастауы төмендегілер дер едім.

Спорт, көркем әдебиет және еңбек. Енді осыларға жеке-жек тоқтала кетейін.

Көптеген мектептердегі педагокикалық коллективтер, ата-аналар дене тәрбиесі мен спортты балалардың 

бақылаусыз  кетуімен  күресте  сенімді  құрал  ретінде  пайдалана  алмайды.  Дене  тәрбиесі  жұмысы  жолға 

қойылған болса, балалар спортқа көбірек тартылған болса, сол жерде тәртіпте жоғары, «қиындықтар да» 

жоқ. Мысалы өз өмірімізден де алуымызға болады. Кезінде спорттың әр түрімен айналысып, бір кәсібімдей 

болып еді. Қала берді қазіргі өз балаларымның тәрбиесіне, оларға спорттың берген жақсы жақтарын айқын 

аңғара отырып айтамын. Спорттың жігерлік, қайратылық, адамға қайырымдылық, коллектившілдік, ізгілік, 

зәбір атаулыға деген төзбеушілік, т. б. қасиеттерді қалыптастыратының айтсада болар еді. Спорт жолына 

түсуге жас кезінен бастап әкесі үлгі көрсету керек. Нендей спорт жабдықтары болсын қаржы аямай, үй 

ішінде өзің бастап дайындау керек. Үлгіні өзін көрсетпесең, баланың ықыласы тез сууы мүмкін. Әрине, 

аса жүк түсірмейтіндей болу керек, әр жаттығу және жасына орай атқарылуы керек. Жасынан әдеттенсе, 

ол әдетін тастамайды. Әке болып баланың мектеп көлеміндегі жарыстарын бақылап отыру қажет.

Спорттық әр түрлі жарыстарды, жекпе жек күрестерді, тайталас бәсекелерді жас өспірімдер арасынада 

жиі  ұйымдастыруға  ат  салысып,  кеңінен  аралассаң  құба-құп.  Осындай  күрестерде  ғана  баланың 

ұстамдылығы,  қиыншылықтан  именбей  өтуі,  табандылық  пайда  болады,  баланы  кішіпейіл  болуға 

тәрбиелейді, коллективтілік намыс үшін жауапкершілік артады.

Екіншісі, көркем әдебиет дер едім.

М. Горкий айтқандай «Көркем әдебиеттің мақсаты – адамның өзін-өзі түсуіне көмектесу, өзіне деген 

сенімді  арттырып,  ақиқатқа  ұмтылу,  ынтасын  көтеру,  адамдардың  тұрпайы  мінездеріне  қарсы  күресу, 

олардың жақсы қасиетін таба білу, жан дүниесіндегі ұятты, ашу-ызаны, жігер мен ерлікті қоздыру, олардың 

адамгершілігі күшті болу үшін, өмірін әсемдіктің, әдеміліктің қасиетті рухымен жандандыра алатын болуы 

үшін әдебиет қолынан келгенінің бәрін істеу керек» - деген сөзін саралай алсақ, адам тәрбиелеу жолында 

басқаша жол іздеу, қажетсіз де болған болар еді. [2]

Көркем шығарма – адам баласының жан азығы, рухани дүниесін жаңартып отыратын ағынды бұлақ. 

Бұлақ ағысының мөлдір суы жолындағы шөп-шаламдармен жабылған су тоспаларын қалай тазартар болса, 

көркем әдебиетте солай. Жақсысына сүйенеді, жаманына күйінеді. Кейіпкерлердің берері көп. Олардың 

образдарынан өмірлік сабақ алса, сонымен бірге ой жүйесі, сөйлеу мәдениеті, эмоциялық сезімдерін басқару 

қасиеті, тіл байлығы және жан-жақты білімділігі қалыптасады. Олай болса, баланың оқуға құмарлығын 

қалай қалыптастыруға болады? Бұл жерде де әке-шешеге байланысты, қала берді ұстаздарына. Кейбір әке-

шешелер, «бар ақшаны газет-журнал, кітапқа жібергенше, қымбат киім алып беріп, үлде мен бүлдеге орап 

қойсам, одан артық не керек» деп, өз парызын осындай пікірлермен шектейді. «Сытры бүтін, іші түтіндер» 

осындайлардан шықпай ма? Әдебиетке құмарлық күнделікті үйіне келетін газет-журналдардан басталады. 

Қызықты әнгімелерді бірлесе оқысақ, талқыласақ сөз өнеріне бала сүйіспеншілігін баулимыз. Үйге бірде-

бір газет-журнал, кітап алмай, өзің оқымай, балаңды «кітап оқымайды» деп айыптауға тіпті бола ма?

Міне, бұл жерде әке мен шешеге тіреледі. Баланың қандай газетке жазылу керек екені, қандай кітаптарды 

оқуға  болатыны,  оқыған  кітаптары  туралы  пікірін  айтуды  үздіксіз  бақылап,  айтып  отыру  ауадай  қажет, 

сонда ғана баланың оқуға кабілеті, құмарлығы өсе түседі.

Көркем сөз зергерлерінің ұлтқа тән шығармаларынан сусындамаған адам, сол ұлттың тарихын, салт-

дәстүрін, ұлттық киімін, ойынын, т. б. асыл қасиеттерін біледі деп еш ойламаймын. Білмейді екен, одан 


324

жақсы  азамат  өсіп  жетіледі  деп  өз  басым  сенбеймін.  Өссе  де, «бұзық»  болмаса  да,  атам  қазақ  айтатын 

«малтабар» бір жан болып шығар.

Үшінші бір жол – еңбек. Бала үшін еңбекті бөлудің қажеті жоқ. «Шыр» етіп жарық дүниеге келген бойда-

ақ еңбектенеді десек, ол тоқталмай, қайта күрделене, жаңара түсу керек. Тоқтады дегенше, тоғышарлық, 

жалқаулық, арамзалық пен ұрлықтың ауылдарының төбесі көрінді дей беріңіз.

Жас өспірімге жасына қарай лайықталған еңбек түрлері, оның дамуына қолайлы әсер еткеннен басқа 

зияны жоқ. Енді осы еңбектенуге баулап, жол көрсетуші кім болу керек десек, тағы да ата-анаға тірелер 

едік. Ұл бала – әке, қыз бала – шеше. Ұлтымызда көп жағдайда осылай. Себебі «Әке көрген – оқ жонар, 

шеше көрген – тон пішер» деп бекер айтылмаса керек-ті.

Кейбір  ата-аналар  баласының  басы  артық  қимылдағанын  өзіне  тиген  соққыдай  сезінеді. «Мәпелеп 

өсірсем, өмірінде бізге риза болар, осы емеспе біздің парызымыз» - дейді. Бұл, міне, балаға тәрбие берудегі 

жаңсақ пікір, тіпті мен мұны ең төзімсіз, ең жөнсіз жағдай дер едім.

Жоғарыда айтқандай, бала үшінеңбек бөлінісі жоқ. Үй шаруашылығындағы істерден бастап, мектептегі 

өзіне-өзі қызмет жасау, оқу шеберханасындағы қол жұмыстары, пайдалы еңбек, т. б. түрлері, бұлардың 

бәрі де – бала үшін еңбек. Ата-анасы осы еңбек түрлерінен баланың тысқары  қалмағанын бақылауы тиіс. 

Кейбір оқушылар «сырт киімдерім лас болады» деген желеумен, осындай жұмыстардан сырғақтап жүреді. 

Әуелі жолдастарына білдірмей істейді, жүре келе бұл әдетін ашық көрсете бастайды. Мұндай «ақылды» 

кімнен алды? Түсінбейтіні жоқ, ақыл берушілер – ата-аналар.

Киімін қорғаймын деп жүргенде баланың кем-кемдеп жаман әдетке бой үйрететіне ой жібермейді. Киім 

кірі жуса кетер, ал қалыптасқан әдетті енді жөнге келтіру оңай болар ма? «Ауырдың үстімен, жеңілдің 

астымен»  жүретін,  еңкейгенге  ерінер  кер  жалқау,  әке  мойынына  масыл  арамтамақтар  осындайлардан 

шықпайды деп ешкім айта алмас. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, ұлы Абай атамыз 

айтқандай, еңбектеніп өскен жастың тамағы тоқ, жүзі жарқын, өз еңбегінен бақыт тауып жүрсе, жұмыссыз 

жүрген жан «қалайда оңай пайда тапсам, ішер ас болса, киер киім болса» деп жүргенде, «ұрлық», «ұрып-

соғып  тартып  алу»  дегендердің  уысына  түседі  де,  өмірлік  қателікке  ұрынады.  Ақыр  аяғында  тірі  күйік 

болып өмір сүргені. [1]

Ал кішкентайынан еңбекке бір табаң жақын өскен бала жамандыққа ұрынар ма? Олай болса жоғарыда 

айтқандай  баланы  қолдан  жасамас  үшін,  қандайда  болсын  қол  жұмысынан,  еңбектен  бір  сәтте  қол 

үздірмейік. Ойлана білсек, балаға үйде де, түзде де жұмыс табылады. Тек өзің үлгі көрсетіп, ықыласты бол. 

Бұл жерде де әкелерге, біздерге байланысты. Қолы жұмыстан, оқудан, спорт секцияларынан бос болмаса, 

оның ұзақ уақыт бейберекет, сергелдеңде жүруге уақыты болар ма?!

Бұл  жерде  «баланы  ойнатпау  керек»  деген  ұғым  тумасы  керек.  Ойынға  арналған  уақытты  да  тиімді 

пайдаланудың жолын, кіммен жүретінің, кіммен ойнауы керек екенін әкесі ойластыра, сілтесе несі бар.

«Жігітті жолдасына қарап бағала» деген атала сөзде бар. Баланың бойында болатын кейбір қасиеттер 

қатар жүрген жолдастарынан жұғатынын да ұмытпаған жөн. Қалай дегенде де мектеп көлемінде болсын, 

отбасылық ортада болсын ойға алған жөн.

Ұрпақтарды  тәрбиелейтін  де,  азамат  ретінде  қалыптастыратын  да – мектеп  болғандықтан,  ол 

мәдениетіміз бен әдебитімізді санамызға терең сіңдіру жолдарын менгеретінін ескертеді. Тәрбие тамыры 

халық қазынасында, соның қадір қасиеті мен білім болмасында. Сондықтанда да өсер ұрпақтың тәрбиесі 

қай халықты болмасын аз ойландырған емес. Оларды еңбекті сүюге, қиыншылыққа төзуге, ел намысын 

қорғауға,  ата  тегін  сақтауға  тәрбиелеу  ұлттық  мектептің  міндетіне  кіреді.  Мектептердің  дұрыс  жұмыс 

ұйымдастыруы мұғалімдерге тікелей қатысы бар. Бүгінгі күннің мәнін, келешектің мүлдесін түсіну, өкше 

басар ұрпаққа әлеуметтік мұра қалдырып отыру – адамзат әулетінің ұлы парызы. Сондықтан қазіргі қазақ 

халқының рухани жағынан қайта түлеуі кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, еліне, халқына, мәдениетіне 

шынайы  сүйіспеншілікті  тәрбиелеу  үшін  педагог  ұжымдары  қолдарынан  келгенше  аянбай  қызмет  етіп 

жатыр.

Нүрпейіс  Қасымовтың  «Қанат  жайып  отырған»  деп  аталатын  мақаласында: «Егер  жастарымызды 



парасатты,  білікті,  мәдениетті  де  білімді  етіп  тәрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  жалпы  азаматтық 

325

деңгейінде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, 

онда  бүгінгі  қоғамның  барлық  күшін  мектепке,  әсіресе  қазақ  мектебіне,  жалпы  оқу-тәрбие  саласына 

жұмылдыруға тиіспіз. Бұл жолдағы сүйенеріміз әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті мен 

ғасырлар бойы қалыптасқан халқының педагогикасының озық дәстүрлері болмақ». [3, 13-16-б]

Қай халық болмасын ұрпақ тәрбиесіне ертеден көңіл бөлген. Ұрпақтарының бойына адал да инабатты, 

еңбек сүйгіш қасиеттерді дарытып, «жақсы бала – ата-анаға сын» деген сөздерді есіне алып отырған. Өз 

халқының ұлттық салт-дәстүрін білмеген адам қоғамның келешегін де ойламайды. Сондықтан да тәрбие 

жұмысына  халқымыздың  асыл  мұраларын  барынша  ендіріп,  балаларға  халықтық  педагогиканың  сан-

қырынан  дәріс  беру – бүгінгі  күннің  негізгі  міндетіне  айналып  отыр.Ұлттық  дәстүр  мен  салт-санадан, 

тегі мен дінінен, ділінен хабарсыз болып өскен ұрпақ жарымжан мәңгүрттердің  саны көбейіп еліміздің 

дамуына үлкен зиянын тигізетіні сөзсіз.

Ұрпақ  тәрбиесінің  келешегіне  жауапкершілікпен  қарап XXI ғасыр  ұрпағын  ізгілікке,  имандылыққа, 

адамгершілікке  тәрбиелей  білсек,  еліміздің  елдігі  кеңінен  көрінер  еді.  Осыған  орай  қазір  еліміздің  көп 

мектептерінде  «Атамекен»  бағдарламасы  бойынша  оқушыларды  адамгершілікке,  халқымыздың  әдет-

ғұрпы мен салт-дәстүріне, имандылыққа тәрбиелеуде көптеген нәтижелі жұмыс істелініп келеді. «Тәрбие 

– бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген сөздің жаны бар. Бесік жыры, ана әлдиін есітіп өспеген 

бала халық дәстүрінде тәрбиеленбеген, ал халық дәстүрінде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетін, 

дінін, тілін құрметтейтін мейірімді де тәрбиелі азамат азамат өсіп шығары анық. [4, 17-19-б]

 «Мен үш қасиетімді мақтап тұтам» - депті Ақан сері, Олар жалған айтпадым, жақсылықты саппадым, 

һәм ешкімнен ештенені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы «өз құдайынан айырылған адам 

бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. Олай болса жеке тұлғаны қалыптастыруда 

олардың жан дүниесіне сезіммен қарап әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға жоспарлауға оны орындауға, өзіне-

өзі  талап  қою  білуге  тәрбиелеу-адамгершілік  тәрбиенің  басты  мақсаты.  Мақсатқа  жету  үшін  сан  алуан 

кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны 

қалыптастырудың негізін қалайды. [5, 21-22-б]

«Еліміздің  күші – патшада,  сәбидің  күші – жылауында»  демекші  біздің  күшіміз,  қорғанышымыз, 

сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін жоғарыда тоқталып кеткен үш қасиетті бала бойына 

дарыта білсек – ұлы жеңіс болары анық.

Әдебиеттер тізімі

1. Абай. Екі томдық шығармалар жиынтығы. Алматы. М «Жазушы», 1986.

2. Сатырбаев С. Халық әдебиетінің тарихы негіздері. Алматы. 1992.

3.  Сая  Рахметова  Адамгершілік  рухани  тәрбиенің  маңыздылығы // Өзін-өзі  тану:  №2 / Бас  ед  Д. 

Мамырбаева. М.: ЖШС «Dala-print». 2012. С. 13-16.

4. Н.В.Мойесеева Современная начальная школа // Самопознание: №2 / Бас ред Д. Мамырбаева. М.: 

ЖШС «Dala-print». 2012. С. 17-19.

5. А.О. Малдыбекова, А.А. Сұлтанбекова Оқушылардың үлгерімі жайлы // Бастауыш мектеп: №8 / Бас 

ред. С.Қ. Елубаева. М.: ЖШС «Универсал-фото». 2003. С. 21-22.


326

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДАҒЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Нурсултанова Н. М.

“Георгиевка орта мектебі” КММ

Шығыс-Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақаланың мәнінде география сабағындағы оқушылардың білімдерін және қабілеттерін бағалаудың 

жаңа тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны туралы айтылады. 

Аннотация

Предметом  иследования  является  использование  новых  методов  оценивания,  которые  позволяют 

давать объективную оценку знаниям и навыкам учащихся на уроках географии. 

Abstract

Research is the subject of the use of new methods of assessment, which allows to give an objective assessment 

of knowledge and skills of students in geography lessons.

Егер өткен іс-тәжірибемді талдайтын болсақ, онда ертеден кележатқан тұжырымдамамен салыстыруға 

болады. Жоғары оқу орында бізді сабақты қалай жүргізу қажет? Не істеу керек? Деген сұрақтарға жауап 

бермейді.  Бағалау  кезінде  міндетті  түрде  мұғалім  бағалайтын.  Бірақ  қандай  заманның  мұғалімі  болса 

да оның негізгі мақсаты өзгермейді деп ойлаймын – ол оқушыларға терең білім беру. Тек осы мақсатқа 

қазіргі заманда, қосымша маңызды мақсат қосу керектігін білдім – ол алған білімдерің өмірде, әлеуметтік 

ортада  пайдалану.  Сонымен  бірге  оқушылардың  өз  қабілеттерін,  білімдерін  бағалай  білуі  тиіс.  Қазіргі 

іс-тәжірибемдегі  өзгерістердің  бірі – ол  бұрынғы  іс-тәжірибемдегі  тұжырымдаманың  өзгертулер  еңгізу 

қажеттілігін  түсіну,  өзгерістерді  қабылдау. “Мұғалім  қолданатын  кез-келген  нысанның  артында ... 

баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік, сонымен бірге өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-

жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады” [1,172-б] Іс-тәжірибемде көп қиыншылықтарды 

туғызатын  ол  бағалау  үдерісі.  Себебі,  бағалауды  сабақта  тек  мұғалім  ғана  жүргізетін,  сондықтан 

бағалағанда ылғи да қиналатынмын, оқушыға «4» әлде «5» қою керек пе? Оқыту нәтижелерін, оқушының 

түсіну дәрежесінің деңгейін анықтау үшін бағалау сабақта негізгі рөл атқарады. Бағалау күрделі удеріс 

болып  келеді.  Сондықтан  оқушыларды  бағалауға  үйрету  үшін  көп  уақыт  қажет.[1,176-б]  Ары  қарай  іс-

тәжірибемде  бағалаудың  әртүрлі  әдістерін  қолдауға  бел  будым.  Сабақтарда  бағалау  әртүрлі  әдістерін 

жүргіздім. Сабақтарда қойған негізгі мақсатым – оқушыларды ынталандыру, бағалау арқылы жетістікке 

жететін дәрежесін дамыту. Зерттеу барысында, 1–ші сабақта оқушыларға алғаш рет бағалау критерийлерді 

бердім - бір-бірін  жұп  ішінде  бағалау.  Басында  түсінбей,  күмәнмен  қарады.  Бірақ  ары  қарай  түсініп, 

белсенді  бағалады.  Тапсырманы  орындауға  оқушыларда  көп  уақыт  кетті,  өйткені  балалар  баяу  болды. 

Сонымен бірге бағаны асырып жіберді, өйткені жұпта отырған оқушылардың көбі достар. Сонымен бірге 

сыныптастар көбінесе өте тату, бір-біріне сенімділікпен қарайды, мейірімді балалар. Бірақ топ арасында 

бәсекелестік туылған кезде оқушылар бір-біріннің кемшіліктерің анықтап, нақты баға қоюға тырысады. 

Оқушылар уақытты үнемдеуге үйрету мақсатында сабақта қойған 3 критерийге тағы біреуін қостым - ол 

уақытты дұрыс пайдалану. Жұмысты қорғаған кезде оқушылардың тіл байлығының кемшілігі байқалады. 

Сондықтан келесі сабақта критерийлерге бір-бірің тыңдау мәдениеті және бір-біріннің кемшіліктерің табу 

қосуды  жөн  көрдім. «Мозаика»  ойынның  барысында  бағалаушылар  критерийлерді  өздері  құрастырып, 

өздерінің  және  басқа  топтарды  бағалайды.  Бірақ  сабақ  барысында  бағалаушылар  өте  көп  сұрақ  қоюы, 

түсінбеушілікті таныту мүмкін. Өйткені, бағалау сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті оқушылар тез түсінеді. 


327

Сондықтан критерийлі бағалауды еңгізген басында бағалауды қабілеттері жоғары оқушыларға тапсырылуы 

қажет. Оқушылар «Өзімізді бағалау өте қиын, «4»-ке жауап берсен де «5» деген баға қойғын келіп турады. 

Ал басқаларды бағалау онай» деген пікірлерін айтты. Оқушыларға ұнайтын бағалаудың әдістерінің бірі 

ол  топтағы  көшбасшының  фишка  беріп  бағалауы.  Топқа  бөлгеннен  кейін,  оқушылар  топ  басшыларын 

анықтайды, олар топта жұмыс істеген оқушыларға фишкаларды беріп отырады. Сабақтың аяғында санап, 

критерийлерге қарап, бағалау парағын толтырады:  

№1 кесте


Оқушының аты - жөні

Фишка саны

Баға


        

Критерийлер берілетін тапсырманың көлеміне, қиындық деңгейіне байланысты. Мысалы: 6-7 фишка 

жинаған кезде «5» деген баға қойылады, 4-5 фишка Мұндай бағалаудың кемшілігі – ол фишканы қандай 

әрекет үшін берілуі тиіс екенін оқушылар түсінбей қалуы мүмкін. Мысалы: бір топта оқушы бір құбылысты 

сипаттады, ал екінші топта басқа оқушы ол құбылыстың себебін анықтап түсіндірді. Екі оқушыға да фишка 

беріледі.  Сондықтан  оқушылардың  қабілеттерінің  деңгейін  нақтырақ  анықтау  үшін  осындай  бағалау 

парағын күрделендіруге болады. Мысалы: 

№2 кесте


Оқушының аты - жөні

Фишка саны

Орташа баға

Қызыл 

«5»


Жасыл

«4»


Сары

 «3»


        

Күрделендіре  отырып,  әсіресе  жоғары  сыныптарда,  Блум  стратегиясын  пайдаланып,  келесі  бағалау 

кестесін қолдануға болады: 

№3 кесте


Оқушының аты – жөні

Сұрақтар (фишка пішіні)

Фишка саны

Баға

Жай 


Кім? Не? 

Орташа



Не стеді? 

Қалай?


Күрделі


Не үшін? 

Қандай 


себептен?



       



Розмари  Смидт-  оқушылар  әр  сұраққа  дұрыс  жауап  болу  керек  деп  ойлайтындарын  туралы  жазған 

екен. [2] Сондықтан әр сұраққа жауап анықтауға тырысады. Сонымен бірге, төмен және жоғары деңгейлі 

сұрақтарды да көмек ретіңде қоюға болады. Оқушыларға осындай тәсілдер тек сыни тұрғыдан ойлауды 

ғана  емес,  сабақ  мақсатын  да  қоюға  көп  көмек  көрсетеді.  Дұрыс  емес  жауап  берсе  де  талпыну,  іздену 

оларды бәрі-бір дұрыс жауапқа келтіреді. Дұрыс сұрақ құрастыру – оқушылардың ынтасын қабілеттерін 

арттырады. [3, 72-78-б]  Сонымен  бірге,  төмен  және  жоғары  дәрежелі  сұрақтарды  құрастыруға  болады. 

Мысалы:  Аустралия  материгінің  табиғат  зоналарын  өткен  кезде,  оқушылардың  картамен  жұмыс  істеуі, 

өздерінің білім қорының деңгейін анықтауға көмектесетін сұрақтар: төмен дәрежелі -

1. Картадан Аустралияның табиғат зоналарын анықтаңдар. 

2. Қай табиғат зонаның ауданның үлесі ең көп болып келеді? 

3. Қайсысы аз?


328

Жоғары дәрежелі - 

1. Табиғат зоналардың қалыптасуына не әсер етті? Мысалдарды келтіре аласындар ма? 

2. Табиғат зоналарының қалыптасуына жер бедері қалай әсер етеді? 

3. Ал климат ше? 

4. Материктың Гондванадан ертеден бөлінуі қалай әсер етеді? 

5. Эндемиктер дегеніміз не? Мысалдарды келтіріңдер.                                                                 

Бағалаудың көмекші ретінде «кері байланыс» қолануға болады. Мысалы: оқушыларға - Қандай деңгейде 

Аустралия  материгінің  табиғат  зоналарын  білесің? - деген  сұрақ  қойып,  ағашта  орналасқан  адамдарды 

боятқызуға болады - білімге талпынып тұрған адамды, ең жоғарыда тұрған адамды немесе ортада тұрған 

адамды  бояйды.  Оқушылардың  сана  сезімінің  қалыптасқаны  бастағаны  туралы  білуге  болады  деп 

ойлаймын.  Сонымен  бірге  жетістікке  жеткендігін  көрсету  үшін  оқушылар  орындаған  үй  жұмыстарын 

тексеріп,  тек  баға  ғана  қоймай  оқушыға  оның  қабілетіне  қарай,  ерекше  көңіл  аудару  керек.  Мысалы: 

Сабақта  оқушыларды  үнемі  тапсырма  орындаған  кезде  немесе  сұраққа  жауап  бергенде  қолпаштап, 

оқыту үшін бағалау кезінде, 5-6 сыныптарда дәптердегі бағаның қасына гүлдің, смайликтың немесе бір 

жемістін суретін жабыстыруға болады. Осындай әрекет оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын, 

құштарлығын арттырады. Жоғары сыныптарда, әр оқушымен дәптер арқылы баланың ерекшелігіне назар 

аударып, жеке диалог құрастыруға болады, мысалы: «Жақсы, жарайсын! Тапсырманы дұрыс орындадың. 

Бірақ келесі тапсырманы орындаған кезде ұқыпты бол. Сонымен бірге тек оқулықтағы мәліметтерді ғана 

емес, басқа да мағлұматтар көздерін пайдалануға тырыс». Әр тарауда жиынтық бағалауды өткізген кезде, 

оқушылар оның маңыздылығын түсініп, бақылау жұмыстарына жоғары деңгейде дайындалады. Мұнда әр 

оқушының қабілетіне байланысты деңгейлік тапсырмаларды ұсыну қажет. [4,77-б] Мысалы: 

№4 кесте. Бақылау жұмыстарын бағалау кестесі

І тапсырма

ІІ тапсырма

ІІІ тапсырма

№1 – 10 ұпай

№1 – 10 ұпай

№1 – 10 ұпай

№2 – 8 ұпай

№2 – 8 ұпай

№2 – 8 ұпай

№3 – 5 ұпай

№3 – 5 ұпай

№3 – 5 ұпай

                                                                                        

           Баға «5» - 30 ұпай - №1 тапсырмалар

                   «4» - 24 ұпай - №2+№1+№3  

                   «3» - 15 ұпай - №3+ кез келген тапсырма

Бағаларын міндетті түрде интерактивті тақтаға шығарып көрсетілуі қажет. Осындай бағалау түрлерін 

өткізу  қолайлы  және  мұғалім  мен  оқушының  баға  үшін  пайда  болатын  түсінбеушілікті  жояды.  Және 

ашық,  шынайлы  қарым-қатынасты  қалыптастырады.  Оқушылар  сабақта  жақсы  баға  алуды  қалайтыны 

анық.  Мұнда  мен  оқушыларға  бағалаудың  әртүрлі  болады  екенін  және  бағалау  кезінде  критерийлерді 

құрастыруға болатының түсіндіргім келеді. Оқушылардың тапсырманы орындау кезінде, олардың  жоғары 

баға алуына мүмкін екендігін түсінетіндеріне сенемін. Іс- тәжірибемде бағалауды одан сайын дамытып 

оқушыларымның тек жоғары баға алатынына сенімдімін. Осы зерттеу барысында өзім алған тәжірибемді 

келесі  жылдар  қандай  бағытта  жүргізу  керек  екеніне  көз  жеткіздім  деп  ойлаймын.  Зерттеу,  бір-бірімен 

байланысқан 7 модульды  қамтиды.  Осындай  жаңа  әдістер  мен  стратегиялар  оқушыларға  ғылымды 

күнделікті іс-әрекетпен байланыс жасауға және бұл әрекетті көтермелеуге мүмкіндік береді. Оқушылар 

география  сабағында  іскерлік  пен  дағдыны  біртіндеп  иеленіп,  жүйелі  бақылау,  болжамдарды  өлшеу, 

шешу және тексеру, жоспарлау, зерттеу жүргізу, мәліметтерді бағалау, қорытынды жасай алуды пайдалана 

отырып жұмыс істеу мүмкіндігімен камтамасыздандырылған. Зерттеуде жіберген қателерді, сәтсіздіктерді 

жоюға алда көп уақыт бар деген ой бар. Осы бағалау әдістерін іске асырып, менің оқушыларым география 

пәнінен жоғары деңгейлі, терең білім алады деген ойдамын. Зерттеу барысында көп керекті мәліметтерді 

алып, жаңа тәсілдерді сабақта жүйелі пайдалануды, оқытуда қандай қиыншылықтар кездесетін анықтап, 


329

оларды  жою  жолдарын  қарастырылды.  Осы  мұғалімге  нағыз,  оқытуда  негізгі  көмек  берді.  Мұнда  мен 

оқушыларға сабақтарда ашық болып, өз пікірлерін айта білуды, өздерін реттеп мақсатқа жетудың  әртүрлі 

тәсілдер болады екенін түсіндіргім келді. География сабақтарындағы пайдаланған бағалау әдістері оларға 

барынша көп ойлануға түрткі болып, оқушылардың бойында қызу талқы тудырады деп ойлаймын. Мен 

оқушылардың  сабақтағы  талқылау  кезінде,  олардың  айтылған  пікірлері  мен  орындаған  жұмыстары 

қызықты және білім алуда құнды болуы мүмкін екендігін түсінетіндеріне сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет