Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы. Астана, 2010.
2. Қазақстан Республикасының 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана,2007.
3. Рахимжанов А.М. Профильное обучение: проблемы перехода и создание эффективной
образовательной среды //Білімдегі жаңалықтар. -№1, 2006.
4. Мұханбетжанова Ә.М. Бейіндік оқыту теориясы және технологиясы. Орал,2010.
5. Психологическая диагностика (под ред Д.И.Фельдштейна), МГСУ,2001.
ШКОЛЬНЫЕ СООБЩЕСТВА – ШАНЫРАКИ
Мусина А.А.
Назарбаев Интеллектуальная школа г. Кокшетау
Республика Казахстан
Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі ұйымдар (шаңырақтар) жүйесінің
іске асырылу ерекшеліктері көрсетілген.
Аннотация
В данной статье раскрываются особенности функционирования системы школьных сообществ
Назарбаев Интеллектуальных школ Казахстана.
Abstract
This article reveals the peculiarities of functioning of the school communities system in Nazarbayev Intellectual
schools in Kazakhstan.
В условиях динамичного развития системы образования Республики Казахстан воспитательный аспект,
как один из важнейших составляющих, претерпел обновление.
Эффективность воспитательного компонента зависит от меры соотношения поставленных целей,
прогнозируемого результата и реально достигнутого.
Современная школа способствует творческому саморазвитию и самореализации учащихся, пропаганде
жизненных ценностей, развитию лидерских качеств, организации занятости учащихся во внеучебное
время.
Для обучения здоровой конкуренции, вовлечения во внутришкольные движения, обеспечения
межвозрастного общения, создания корпоративного духа и воспитания взаимоподдержки учащихся в
Назарбаев Интеллектуальных школах созданы и работают школьные сообщества – шаныраки.
В нашей школе созданы 12 шаныраков из числа учащихся 7-12 классов. Шаныраки носят названия
известных казахстанских исторических и природных памятников. У каждого есть своя эмблема, свои
традиции и свой тезис работы.
Право реализовать свои планы шаныраки обсуждают на заседаниях Совета шаныраков, в состав
которого входят президент и восемь советников.
221
В течение года между сообществами организуются различные конкурсы и соревнования. Шаныракам
присуждаются баллы, которые они накапливают в течение года. Вместе с этими баллами учитываются
показатели в успеваемости, дисциплине, участии в социальных практиках и исследовательские проекты
учащихся.
Журнал накопления баллов шаныраков заполняется Советом шаныраков, координаторами и
заместителями директора.
Измерители для Шаныраков НИШ
№
Описание
Измерители
1.
Успеваемость
Измеряется:
- в проценте качества успеваемости;
- участие в олимпиадах международного и республиканского уровней;
- в конкурсах научных проектов.
2.
Дисциплина
Измеряется:
- в исполнительности кодекса НИШ;
- в проведении мероприятий по профилактики правонарушений среди
учеников НИШ.
3.
Участие в мероприятиях
Измеряется:
- в активности участия в школьных мероприятиях;
- в оригинальности составления сценариев мероприятий;
- в привлечение большинства учеников Шанырака;
- в организации и проведении мероприятий.
222
4.
Социальных практиках
(служение обществу)
Измеряется:
- в участии в акциях;
- в социальных проектах через демонстрацию навыков и умений,
приобретенных в процессе работы над проектом.
5.
Самоуправление
Измеряется:
- в самостоятельной организации внутриклассной работы учеников;
- участие лидеров Шанырака в общешкольном самоуправлении.
6.
Кружки, секции
Измеряется:
- в демонстрации навыков и умений на итоговых выставках,
выступлениях;
- в отсутствии пропусков учебных занятий по болезни;
- в спортивных достижениях.
Итогом высоких показателей шанырака является награждение его кубком «Оркен» и поездкой в
краеведческую экспедицию в один из регионов Казахстана.
Планировать и выполнять важные и ответственные задания, работать в команде, разрешать нравственные
дилеммы, определять и отвечать школьным и общественным потребностям способствуют утренние сборы,
часы шаныраков, единые воспитательные часы.
Утренние сборы в шаныраках проводятся педагогами-организаторами-кураторами совместно с
учениками. Содержание утреннего сбора может быть различным: тренинги, новости дня, организационные
моменты, обсуждения. Для участия в сборах педагоги - организаторы-кураторы приглашают психологов
и учителей-предметников. Часы шаныраков активно и с желанием проводят сами ученики. Для них очень
важно, что тематику, разработку и проведение педагоги-организаторы-кураторы возлагают на самих
учеников.
Особое значение в воспитательном процессе имеют единые воспитательные часы, целью которых
является формирование и укрепления ценностей, воспитание чувства сопричастности и ответственности
за процессы происходящие в обществе.
Наивысшую роль в воспитании играет преподаватель, показывая хороший пример учащимся своей
культурой поведения и речи, вежливостью, требовательностью, последовательностью, справедливостью,
отношением к окружающим. Прививает ценности через свой предмет. Совместная работа учителя и
ученика в проведении предметных декад, олимпиад, конкурсов позволяет стимулировать у учащихся
любознательность, создает позитивную атмосферу, поддерживает хорошее поведение. Тем самым учитель
достигает ожидаемого результата, а ученик повышает свой интеллектуальный и нравственный уровень.
Именно навыки и ценности, приобретаемые учениками в школе, прочно закрепятся в его характере и
остаются с ним навсегда.
Одним из главных аспектов в воспитании является погружение родителей в жизнь ребенка в школе.
Совместное обсуждение академических успехов, общественной позиции, помощь и поддержка в развитии
его практических умений и навыков помогает ребенка быстро адаптироваться к требованиям школы и
достичь определенного успеха.
Работа по привлечению родителей в образовательный процесс приобрела новую форму. «Ученые
четверги» в шаныраках проводят родители. Темы лекций и выступлений «Сыйластық, қарым–қатынас
ережесі», «Бала құқығы мен міндеттері», «О работе налогового комитета», «Что такое искусство?»,
охватывают не только интеллектуальные и морально-этические темы, но и содержат профориентационную
223
направленность. Интерес у ребят также вызывают экскурсии на предприятия, где работают родители. Эта
форма позволяет расширить кругозор учеников, прививает уважение к труду и профессии.
Межвозрастное общение учащихся в шаныраках дает им возможность помочь друг другу в учебе,
в подготовке проектов, в выборе кружков. Полиязычная среда развивает их языковой потенциал. Дает
учащимся возможность участвовать в конкурсах и проектах на казахском, английском, немецком и
русских языках.
Объединение учащихся в сообщества – шанырак – это безграничная среда дружеского общения и
сотрудничества, развития лидерских качеств, получения помощи и поддержки, воспитание корпоративного
духа, которая создает заботливую среду, политику мотивации и стимулирование развития учащихся,
учителей, родителей.
Использованная литература
1. Концепция воспитательной работы АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы». - Астана. - 2011
БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСТАРЫНЫҢ МҰҒАЛІМНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мылтықбаева Ж. Т.
Алматы облысы Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Бұл мақалада жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарынан өткен мектеп мұғалімдерінің
«Назарбаев зияткерлік мектептерінің» оқыту әдістемесі мен тәжірибесін таратудағы, оқыту үдерісіне
инновациялық технологияларды, «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын енгізу жұмыстары мен білім
сапасын арттыру бағытындағы атқарған жұмыстары туралы, сонымен қатар 1-сыныптан ағылшын
тілін оқыту туралы баяндалады.
Аннотация
В статье «Значение курсов повышения квалификации нового формата в организации творческой
деятельности учителя» рассказывается о применении на уроках инновационных технологии и методов
«Назарбаев интеллектуальной школы» в целях повышения качества образования. Были перечислены
работы учителей, которые прошли курсы по технологии «Критическое мышление», а также о
преподавании английского языка с первого класса.
Abstract
The article “The value of training courses in the organization of the new format of the creative activity of the
teacher” describes about the application of innovative technologies and practices of «Nazarbayev Intellectual
Schools” to improve the quality of education. The work of teachers has been listed, who were trained on the
technology of “Critical thinking”, as well as teaching English from the fi rst grade.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында оқыту үдерісіне қазіргі заманғы
әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттыру, біліктілікті айқындаудың
тәуелсіз жүйесін жасау арқылы жастардың білімге қол жеткізу мүмкіндігін дамытуды тапсырғаны
баршаңызға белгілі.[1] Қазіргі кезде Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің алдында бірнеше маңызды
міндеттер тұр, оның ішінде педагог мамандардың біліктілігін көтеру курстарына көп көңіл бөлінуде.
224
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Мұғалімдер біліктілігін арттыруға және оларды материалдық ынталандыруға
жеке назар аудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтарды қайта
даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік» - деп атап көрсеткен болатын.[2]
Мұғалімдердің біліктілігін көтеру және білім сапасын арттыруда әлемдік тәжірибелер мен «Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің» әдістері мен технологияларын қолдану керектігі жайында Астана қаласында
өткен математика мұғалімдерінің, Өскемен қаласында өткен химия-биология мұғалімдерінің І съезінде
айтылған болатын.
Елбасының тапсырмасын жүзеге асыруда бірқатар шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде республика
бойынша 35 мектеп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ озық іс-тәжірибесін таратуға арналған негізгі
орта білім беру ұйымы болып бекітілген болса, біздің орта мектеп-гимназия осы мектептердің қатарына
кіріп отыр. Осы бағытта ең алдымен педагог мамандарды 3 деңгейлі курстардан өткізу жұмыстары қолға
алынды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ұйымдастырылған бұл курстар оқытудың қазіргі заманғы
әдістемелерін және білім берудің заманауи инновациялық моделін құруға қажетті практикалық дағдыларды
оқып-үйренуді қарастырады.
Бүгінгі күні білім беруді жаңғыртуды қамтамасыз ететін бағдарлама - Қазақстан Республикасында білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Осынау адами капиталдың сапалы өсуіне сұраныс туып тұрған заманда мектеп мұғалімі білім беру
саласындағы негізгі тұлға екені сөзсіз. Мемлекет тарапынан ұстаз мәртебесін өсіру бағытындағы шешімдер:
мұғалімдерің жалақысын жоғарылату, мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтерлер берілуі, «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы сияқты оңтайлы өзгерістер мұғалімдер қауымын қуантуда. Дегенмен, мұғалімнің
кәсіби құзыреттілігі, адамгершілік қасиеттері, шеберлігі мен білімі жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін
де толықтырылып отырылуы тиіс. Педагог мамандарды даярлаудың жаңа үлгісіне көшу - білім сапасын
жақсартудағы маңызды қадам екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Биылғы жылы педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында, «Педагогикалық шеберлік орталықтары» және «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы құрылды.[3]
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасы негізгі сабақтарда қарастырылатын
жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын
жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.
Модульдер:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Курстан өтетін мұғалімдер үшінші, екінші, бірінші деңгей бойынша біліктілігін көтереді. Деңгейлік
бағдарламалар бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру курстарында арнайы талаптар
қойылады.
Мұғалімдерді даярлау курстары форматының өзгеруі мектептерге де үлкен міндет жүктеуде. Біліктілік
арттыру курстарының өткізілу мерзімінің өзгеруі, мазмұнының жаңаруы мұғалімдерден қосымша ізденуді,
білімін практикада қолдана білуді талап етеді. Курс соңында тыңдаушылар тапсыратын тест жұмыстары
білім мен біліктілік деңгейінің жоғарылауының бір көрінісі болмақ.
Аталған курстардан өту жұмысы біздің мектеп-гимназияда жоспарлы түрде жүргізіліп отыр. 2011-
2012 оқу жылында 6 мұғалім жаңа форматтағы 3 айлық біліктілік көтеру курсына қатысты. Оның
ішінде 4 мұғалім Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінен», 2 мұғалім «Өрлеу»
біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Алматы облысы бойынша
225
педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтынан дайындық курстарынан өтті. Мектебіміздің
мұғалімдері Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы
бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтап, арнайы сертификат иеленді. Нәтижесінде 2012-2013 оқу
жылында ағылшын тілі пәні мұғалімі Х.Алимбекова, орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Болатбаева, бастауыш
сынып мұғалімі М.Масимбаева, тарих пәні мұғалімі Н.Отарбаева жалақысына қосымша 30 пайыздық
үстеме алатын болады.
2011-2012 оқу жылының соңында 3 айлық курстан өтетін мұғалімдердің жұмыс нәтижелері
қарастырылып, тізімі жасалды. Өтініштер мен сауалнамалар алынды. Мұғалімдердің өтініштері әдістемелік
кеңесте қаралып, курстан өтетін мұғалімдердің құжаттарын талапқа сай жинақтау жұмысы жүргізілді.
Орта мектеп-гимназияда жоғары санатты мұғалімдер - 33, бірінші санатты - 23, екінші санатты - 20,
санаты жоқ мұғалімдер - 30.
2012-2013 оқу жылында орта мектеп-гимназиядан үшінші деңгейлік курстарға - 5 мұғалім жолдама
алып, қазіргі таңда оқуды қыркүйек айынан бастаған мұғалімдер де бар. Екінші деңгейлік курстарға - 6
мұғалім, бірінші деңгейлік курстарға - 3 мұғалім жолдама алды.
Ұстаздардың біліктілігін арттыруға байланысты мектеп-гимназияда мақсатты жүргізілген жұмыстарға
тоқталып өтпекпін.
Ең алдымен біліктілік курсынан өткен мұғалімдер алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдануды жүзеге
асыруда. Тақырыптарды меңгертуде «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолданып,
оқушылардың өздігінен білім алуы, іздену, әр тақырыпқа сыни көзқараспен қарап өз ой-пікірлерін ортаға
салу, қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. М.Масимбаева 2-сыныпта қазақ тілі, математика, дүниетану
сабақтарын аталған технологияның талаптарына сәйкес өтіп жатыр. Н.Отарбаева 7, 9-сыныптарда
топпен жұмыс, ұжымдық жұмыс, жеке, жұптық жұмыс түрлерін тиімді қолданып отыр. Х.Алимбекова
ағылшын тілі сабақтарында оқушыларды критериалды бағалауды жүзеге асыруда. Ж.Болатбаева орыс
тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту мақсатында мәтінді талдау, ой қозғау, авторға хат сияқты
әдістерді кеңінен қолдануда.
Сонымен бірге 3 айлық курстан өткен мұғалімдер алған білімдерін өздері ғана қолданып қоймай,
ұжымдағы басқа мұғалімдерге үйрету мақсатында пән мұғалімдері үшін бірнеше семинарлар жоспарланып,
өткізілді. Қыркүйек - қараша айларында «Жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін
арттыру курсының әдістемелік негіздері», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі», «12
балдық бағалау жүйесі», «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы мен критериалды бағалау ерекшеліктері»
тақырыбында өткізілсе, желтоқсан айына «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын сабақта қолдану
жолдары тақырыбындағы семинар жоспарланған.
Сонымен қатар, курстан өткен мұғалімдердің жас мамандарға шеберлік сыныптарын, ашық сабақтар
өткізуі жоспар бойынша ұйымдастырылады. Қыркүйек - қараша айларына мектеп мұғалімдеріне шеберлік
сыныбы ретінде ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен ашық сабақтар өткізілді.
Сабақтарға қатысу барысында туындаған сұрақтарға жауап алу, пікір алмасу, оқыту әдістемесін меңгеру
мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын қолдану мен оқушыларды бағалау ерекшеліктері»,
«Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша сабақ жоспарларын жазу ерекшеліктері» атты дөңгелек
үстелдер ұйымдастырылды.
Мектеп-гимназия мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруда мектептің материалдық-техникалық
базасының жабдықталуының маңызы зор. Осы орайда мектеп-гимназиядағы 4 компьютерлік сынып, 35
интерактивті тақта орнатылған оқу кабинеті, интернет желісіне қосылған мектеп кітапханасының болуын
атап өту абзал. 2012-2013 оқу жылында орта мектеп-гимназия электронды оқыту жүйесі енгізілетін
мектептер қатарына қосылды. Бұл іс-шара мектеп-гимназия мұғалімдерінен ақпараттық-коммуникациялық
технология саласындағы біліктілік пен шығармашылықты талап етеді.
3 айлық біліктілік арттыру курстарына барған мұғалімдерге меңгерілген технология бойынша өткізілген
сабақтардың бейнематериалдарын ұсыну қажет болғанда мектептегі бейнематериалдарды өңдеу орталығы
226
мен дыбыс жазу студиясының көмегі атап өтерлік болды. Курс барысында берілген ғылыми-әдістемелік
нұсқаулар, электрондық оқулықтар пән мұғалімдерінің сабақтарында кеңінен қолданылуда.
«Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» іс-тәжірибесін таратудағы базалық мектеп ретінде ағылшын
тілін ерте бастан оқыту экспериментіне қатысып, бүгінгі күні көптілділік бойынша Cambridge University
Press баспасының Қазақстандағы өкілі «Study INN» баспасынан шыққан оқулық бойынша ағылшын тілі
1-сыныптан бастап оқытылуда. Бұл сыныптарда сабақ беретін мұғалімдер З. Далабаева, Г.Нағасбековалар
арнайы курстан өткен, сертификаттары бар. Мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімдері оқу
бағдарламасына сәйкес күнтізбелік жоспарды құрастыруға ат салысты.
Орта мектеп-гимназияда 5-9 сыныптар ағылшын тілін тереңдетіп оқиды. Ағылшын тілі бойынша
оқушыларға ғылыми жоба тақырыптары берілді, бүгінде оқушылар ізденіс үстінде. Гимназиялық
компонент, элективті курстар арқылы оқушыларға зерттеушілік жұмыстар ұйымдастырылды, сондай-
ақ «Менің әлемім» атты факультативтік сабақ жаратылыстану және ағылшын пәні бойынша кіріктіріліп
жүргізіледі.
Мектеп мұғалімдерімен тыңғылықты атқарылған жұмыстар нәтижесі облыстық, республикалық
ғылыми-әдістемелік баспа беттері арқылы таратылып, оқу жылы барысында педагогикалық журналдарға
жүйелі шығарылып тұрады. Мектеп-гимназияда жыл бойы атқарылған жұмыстарды жинақтау мақсатында,
дәстүрлі түрде, оқу жылының соңында әдістемелік жаршы мен 10 минуттық бейнефильм шығарылады.
Біз білім берумен қатар дамыған тұлға тәрбиелеу жолындамыз. Демек, білім беру нәтижесі - дамыған
тұлға. Оқушының дара тұлғалық сапалары мен оның бойындағы құзыреттілік қабілеттерін дамытуда жаңа
форматтағы біліктілік арттыру курстарының маңызы зор.
Әдебиеттер тізімі
1. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан
Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
2. Қазақстан білім қоғамы жолында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Назарбаев Университетінде» оқыған лекциясы
3. Х.А.Дюсебаев Білім беруді жаңғырту жағдайында педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін
арттыру шарттары //Алматы облысы білім қызметкерлерінің тамыз кеңесінің материалдар жинағы.
Талдықорған қ. 25-26-б.
ГИС-ТЕХНОЛОГИИ, КАК ИННОВАЦИОННОЕ СРЕДСТВО В ОБУЧЕНИИ ШКОЛЬНИКОВ
Мухитова А. А., Сапарова Г. С.
Южно-Казахстанский государственный университет им. М. Ауэзова
Семипалатинский государственный педагогический институт
Республика Казахстан
Аңдатпа
Жалпы білім беретін орта мектептерде ГИС-технологияларды оқытуда қолдану мәселесінің
қазіргі ахуалы талдауға түскен. Оқу әрекетінде арнайы, жалпы білімдік дағдылардың қалыптасуы
мен дамуындағы, сондай-ақ оқу әрекетің кәсіби бағытталуындағы ГИС мәні қарастырылады. Қазіргі
жағдайда ақпараттық технологиялар білімді ақпараттандырудың өзегі және салалық даярлаудың
маңызды бөлшегі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |