Iі. «Жас қаламгер» байқауы
Жарқын болашақ материалдары
IІІ. «Білгірлер бәйгесі» байқауы 1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың қазақ әдебиетіне мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаштарды, ертегілерді қаншалықты білетіндігін бағалау сайысы. 2. Мақсаты – оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі жанрларын жандандыра отырып насихаттау. 3. Шарттары: - Жасырылған жұмбақтың жауабын таба алуы; - Берілген жаңылтпашты заңдылыққа сәйкес тез айта алуы; - Берілген тақырыпқа қатысты мақал-мәтел айта алуы; - Берілген мақалдың жалғасын таба алуы; - Ертегілерге қатысты сұрақтарға жауап беруі. Байқауды ұйымдастыру: Жұмбақ, мақал және ертегілер бойынша тапсырмалар бірге беріледі*. Оқушы тапсырмаларды жазбаша орындайды (Дәптерге немесе А4 қағазға). Жазбаша жұмысқа 1 сағат уақыт беріледі. Жаңылтпаштарды ауызша айтады. 1. Жұмбақ жарысы: Оқушы 5 жұмбақтың жауабын табу керек. Дұрыс табылған әр жауап үшін – 1 ұпай, жалпы 5 ұпай беріледі. 1. Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен (Қол) 2. Бір малға екі бала мінгеседі, Ай-жылдап түспестен күн кешеді. (Түйенің өркеші) 3. Мұздай мөлдір жұмыртқа, Жарық берер ымыртта (электр шамы) 4. Таңертең төрт аяқты, Күндіз екі аяқты, Кешке үш аяқты (адамның балалық, жігіттік, қарттық шағы) 5. Иілсең иіліп,түйілсең түйіліп, Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне (Айна) 6. Пайдаланып тұрғанда, Тастайсың суға лайқтырып, Пайдаланып болған соң, Арқалайсың сорғытып (балық аулайтын ау) 7. Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға доп болып оралады. (алма , алма ағашы) 8. Сөзі дана, үні жоқ, Сөйлемейді тілі жоқ. Қолыңа алсаң шешен, Ақылы асқан көсем (кітап) 9. Жануарға ұқсас атым бар, Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрармын, Ең қажетті құралмын. ( компьютер тышқаны) 10. Ақ қиыршық еритін, Ас жоқ одан жеритін (тұз) 11. Түсі аппақ, Тысы қатты ақ, Екі түрлі уызы, Жесең тәтті-ақ (жұмыртқа) 12. Ұзын мойны, Екі ішек, Қатар-қатар тепкішек, Басып көрсең бір-бірлеп, Үн шығады күмбірлеп (домбыра) 13. Аяғы жоқ жүреді, Сылқ-сылқ күледі. Көктем келсе жүгіріп, Жылғалардан көрініп, Сай-саланы толтырар (Бұлақ) 14. Қыстай жегіп қос атты, Көктем шыға босаттым (шаңғы) 15. Сыныптай сырғып зулайды, Уысыңда тұрмайды. Өтіп кетеді, Зулап өтеді (өмір) жүктеу/скачать 403,01 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |