Iі. «Жас қаламгер» байқауы



бет7/9
Дата24.04.2023
өлшемі403,01 Kb.
#86243
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ертегі

Жаңылтпаш

Жалпы

Тақырыпқа сай мақал жазу

Мақалды жалғастыру

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

5 ұпай

4 ұпай

24 ұпай



IV. «Сөз шеберлері» байқауы

1. Қазақ тілін – ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың сахнада сөз сөйлеп, шешендік қабілетін көрсететін сайысы.


2. Мақсаты – оқушыларды көпшілік алдында белгілі бір тақырыпқа қатысты өз ойын нақты, жүйелі жеткізуге машықтандыру. Шешендік өнерге, сахна мәдениетіне баулу.
3. Шарттары:
- 2 кезеңнен тұрады.
- Бірінші кезеңде (іріктеу кезеңі) қатысушы алдын ала берілген 10 әдеби тақырыптың біреуіне үйден дайындалып келіп, 3-5 минут көлемінде сөйлейді. Нәтижесінде қатысушылардың арасынан ең үздіктері таңдалады. Егер оқушылардың саны аз болса, барлығы екінші кезеңге қатысады.
- Екінші кезеңде әр балаға жеке тапсырма (еркін тақырып) беріледі. Іріктелген оқушылар сол тақырыптарға 30 минут дайындалып, сахнада 3-5 минут көлемінде сөйлеп, қорғайды. Сахнаға шығу реті жеребе арқылы анықталады.

- «Сөз шеберлері» байқауының тақырыптары:
қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), ұлттық құндылықтар,
әдептілік қағидалары, әлеуметтік, экологиялық мәселелер және т.б.

І тур тақырыптары:



  1. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесін қазіргі әжелер бейнесімен салыстырып, дәлелдеңіз.

  2. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер мысал келтіре отырып шешен сөйлеңіз.

  3. М.Шахановтың :

“Үлкен адам болу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға” деген өлең жолдарынан арманның адам өміріндегі маңызы. Қазіргі жастардың арман-мұраты

  1. “Құлагерді жазып ем жүрегіммен,

Тағдырына тап келдім Құлагердің” Ілияс Жансүгіров шығармасындағы бақталастықтың ақыры, құлагер тағыдыры мен ақын ғұмыры

  1. Оралхан Бөкей. “Атау кере” шығармасындағы “қауіпті будан”. Өзіндік көзқарасың.

  2. Көркем әдебиет адам ойын ұлттық рухтандыратын күш.

  3. Көркем шығармалар арқылы ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру

  4. Қазақ ақын-жазушылары шығармаларындағы экология мәселесі.

  5. “Пәтер іздеп жүр едік”... көтерілген әлеуметтік мәселелердің бұрын және қазіргі бейнесі

  6. Шешендік сөздердің шығу тарихы, қазіргі заманғы шешендер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет