Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


***** 106 Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы



Pdf көрінісі
бет17/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

*****
106

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
«№5 А Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі» КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімі: Тағабайқызы Ұлжалғас
Тақырыбы:Жаным толған жақсылық
Құндылығы:Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру,бауырмалдық,отбасындағы сүйіспеншілік
Сыныбы: 3
Мақсаты:Оқушыларға жаны жақсылыққа толы екендігін «Сүйіспеншілік» құндылығы арқылы 
ұғындыру.
Міндеттері:
-Оқушыларды бәрін жақсы көруге үйрету;
-Оқушылардың бойында бауырмалдық қасиеттерін дамыту;
-Оқушыларды отбасындағы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресрустар:
Оқулық,дәптер,
Шарлар,плакат,
Көрнекіліктер,
слайт
Сабақтың барысы
1.Талап
2.Тәртіп
3.Татулық
4.Тазалық
5.Тыныштық
І.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,оқу құрлалдарын тексеру.
ІІ.Тыныштық сәті.Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары төмен қарайық,
Оңға-оңға тік тұрып.
Солға-солға тік тұрып,
Алға қарай бір адым.
Артқа қарай бір адым,
Бойымызға жинап күш.
Бір дем алып алайық.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Қ.Қайымовтың «Ақын деген кім» әңгімесін оқу.
1.Сендер әңгімеден не түсіндіңдер?
2.Сендер үшін ақын деген кім?
3.Қандай ақындарды білесіңдер?
4.Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?
5.Өздеріңқандай өнер түрін қалар едіңдер?
Сабақ барысын 
талқылау
Дәйексөз.Оқушылармен бірге дәйексөзді  3-рет айту керек.
Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе.
                                                                             Ы.Алтынсарин
1.Сендер өзгелерге жақсылық жасаған кездерің болды ма?
2.Жасаған жақсылықтарыңа ақы сұрайсыңдар ма?
3.Жақсылық жасаған кездеріңде қандай сезімде боласыңдар?
4.Сендерге жақсылық жасаған адамдарға не айтасыңдар?
5. «Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» дегенді қалай түсінесіңдер?
Адамдарға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек.Өйткені ол жанашырлықпен,шын көңілмен
,адал ниетпен жасалған іс.Оған ақы сұраудың,жақсылығымды қайтар деудің қажеті 
жоқ.Жасаған жақсылық бәрәбір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин атамыз 
«Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Дәйексөзді 
талқылау
Әңгімелесу.Мұғалімнің сыйы.
                                       Жан Ана
                                                                        Енгін Көсеоғлұ
                          Түрік тілінен аударған С.Дағайқызы
 Ерте,ерте,ертеде қалаға жақын ауылда бір Жан Ана өмір сүріпті .Жан Ананың негізгі есімін 
ешкім білмейді екен.Алтындай жүрегі болғандықтан ауыл адамдары оны Жан Ана деп атап 
кетіпті.
  Жан Ананың баласы жоқ екен .Бірақ  ол ауылдың бүкіл баласын жанындай жықсы көріп ,оларға 
ертегі айтып ,ойыншық жасап береді екен.Сондықтан да ауыл адамдарына қол ұшын беруге 
әрқашан дайын болыпты.Жұмыстары басынан асып жатқандар да Жан Анаға : «Бүгін ісіміз кқп 
,келіп көмек бересің бе?» - деп өтініш білдіреді екен.Жан Ана ақыл сұрағанына ақыл,көмек 
сұрағанына қуана – қуана қол ұшын береді екен.Уақыт өте келе ауылдағылар Жан ананың 
жақсылығын ұмытып,көмектесу оның міндеті деп ойлай бастапты.Әрі Жан Анаға барып 
бұрынғыдай өтінудің орнына «Жан Ана ,бізге келіп көмек бер!» - деп бұйыра бастапты.
 Жан Ана олардың бұл қылықтарына мүлдем ренжімейді екен.үлкен бір ауыл,жалғыз бір Жан 
Ана ,қайсыбірінің ісіне жүгіріп ,қайсыбірінің дертіне ортақ болсын.Қанша тырыссы да 
барлығының ісіне үлгермепті.Тіпті жанындай жақсы көрген балаларға да көңіл бөле алмапты.Жан 
Ана көмекке бара алмаған ауыл тұрғындары есігіне келіп «Ей,Жан Ана ,неге бізге көмекке 
келмедің?Біз сені жақсы бір адам екен деп жүрсек», - деп жазғыра бастайды.Бейшара Жан Ана  
ешкімнің көңілін қалдырмайын деп жүріп күндердің бірінде науқастанып қалады.
Әңгімені талқылау
107

Ауыл  Тұрғындары оған көмектесудің орнына «Кішкене бір аурудан төсек тарып жатуға бола ма?»
- деген екен.Бұл сөздерді естіп Жан Ана қапа болыпты. «Ертегі айтып,ойыншық та жасаймын.Ең  
жақсысы бұл ауылдан кетейін» деп ойлаған екен .Түн ортасы киімдерін ,жейтін азығын алып,үн-
түнсіз ауылдан кеткен екен.Ертеңіне ауыл тұрғындары әлеттегідей азанымен Жан Ананың үйіне 
барған екен.Үйге келсе ешкім жоқ,бос тұрғанын көріп таң қалыпты. «Енді Жан Анасыз қалай күн 
көреміз?Ісімізге кім көмек беріп,бізге кім ақылшы болады?» - деп қайғырады.Міне ,осы кезде 
қателіктерін аңғарады,Жан Ананың қадірін түсінген екен.Жан Анаға бір ауыз рақмет айта 
алмағандарына қатты өкініпті.
  Оны қайта іздеп тауып ,онымен жақсы қарым – қатынаста болуды ұйғарыпты.Бірақ қаншалықты 
іздеседе Жан Ананы көрген ешкім болмапты.Қымбатты балалар!Іштеріңде оны көргендерің бар 
ма?Егер Жан Ананы көрсеідер,жасаған жақсылықтары үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар,жарай ма?
1.Сендер осы әңгімеден қандай ой қорыттыңдар?
2.Ауыл тұрғындарының іс әрекеттеріне не айтасыңдар?
3.Жан Ана қандай адам?
4.Не себепті ауыл адамдарына ақыл айтып,көмек береді?
5.Ауыл адамдарының орнында болсаңдар не істер едіңдер?
6.Жан Ана не себепті кетіп қалды?
7.Жан Ананы сендер көрсеңдер ауылға қалай қайтаратын едіңдер?
8.Бізге қол ұшын берген адамды ренжітуге болады ма?
Шығармашылық жұмыс.Жақсылық тамшылары.
Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар 
үлестіреді.Әр бала тамшыға өзі жасаған істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді.Мұғалім 
тақтадағы қағазға тамшыларды ілуді ұсыныды.Балалардың әр қайсысының жақсылық 
тамшыларынан үлкен дария  пайда болады.Балалар әрқайсыңның тамшыдай жасаған 
жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады.Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы
болса,жер бетінде бейбітшілік орнап,адамдар бақытты өмір сүреді.
2.Ойын.Кешірім гүлін сыйлау.
Балалар қолымыздағы гүлдерге ренжіткен достарымыз болса кешірім сұрап гүлді ұсынамыз.
Топпен :»Ана жаным»
Үйге тапсырмасы.1.Дәптермен жұмыс.Дәтерде берілген «Жақсылық бастауынан» тармақтарына 
мына сұрақтардың жауабын жазыңдар.1.Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып 
жүрсіңдер?2.Өз бойыңдағы жақсы қаиеттеріңдісанамалап жазыңдар.
Соңғы тыныштық сәті.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру.
Бүгінгі сабақтан игенген жақсы қасиеттеріңді естеріне түсіріп,жүректерімізге  сақтаймыз.
 Пайдаланылған әдебиеттер.
1.
 «Өзін – өзі тану» оқулық 3- сынып «Бөбек».Алматы баспасы
2.
«Өзін – өзі тану» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 3- сынып «Бөбек».Алматы баспасы
3.
Аңыз әңгімелер жинағы
4.
«Өзін – өзі тану» оқушы дәптері 3- сынып «Бөбек» баспасы.Алматы баспасы
5.
«Өзін – өзі тану» журналы «Бөбек».Алматы баспасы
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы
«№5 А Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі: Нагимбетова Зулфия
Қазақ тілі   Тақырыбы: Есімдік
Мақсаты:  Білімділігі: Оқушыларға есімдікті толық меңгерту. Есімдік тақырыбы бойынша алған білімдерін 
толықтыру, тиянақтау. Таза және сауатты жазуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ойларын анық айтып, сауатты сөйлеуге баулу.
Тәрбиелігі:  Оқушыларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ребустар, сөзжұмбақ, түрлі-түсті қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушыларды алма түстері бойынша 3 топқа бөлемін. Топ басшыларын сайлау
2.Психологиялық дайындық
Қайырлы күн күнім,
Қайырлы таң далам.
Қайырлы таң құрбым,
Қайырлы таң достарым.
 Үй тапсырмасын тексеру
485-жаттығу оқып, есімдікті табу.
1-топ «Ауа райы» жайлы әңгіме құрып келгендерді оқыту
2-топ «Ол» септеп айту
108

3-топ  «Орман» сөзін тәуелдеп беру
Сергіту сәті: Түзу отыр партада,
                        Қыры батпас арқаңа.
                        Мынау сынып тақтасы,
                        Бар жазатын ақ тасы.
                        Оқуық бір-ақ жылға ма,
                        Бүктеме, сызба тырнама.
 Жаңа сабақ
Оқушы деңгейі
Мұнда оқушының мүмкіндігіне қарай жаттығу жұмысын деңгейлеп беру тәсілі қолданылады
Алгоритмдік деңгей
Оқушы өзі жинаған білімін ортаға салып көрсетеді, жауап береді.
Эвристикалық деңгей
Эвристикалық деңгейде оқушылар жағалықтармен танысады.Әр оқушы өзіне білмейтін нәрселердә үйренеді.
Шығармашылық деңгей
Шығармашылық деңгейде оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады
                489-жаттығу   Шығармашылық деңгей
                 488-жаттығу Эвристикалық деңгей
                       487-жаттығу    Алгоритмдік деңгей
                     486-жаттығу Оқушы деңгейі
«Кім білгіш?» ойыны
Тест сұрақтары
Берілген сөйлемнен есімдікті тап:  Мен тәртіпті оқушымын
А. мен       Ә. Тәртіпті    Б. Оқушымын
Бос орынға қажетті есімдікті қой ....... тәртіпті оқушымыз
А. Мен    Ә. олар   Б. Біз
3. Жіктеу есімдіктерін тап
А. өзі, өзің    Ә.  Кім? қанша?  Б. Сен, олар   
486-жаттығу «Әріп қысқарса» 
Палау: алау, лау, ау, у
Қанар; анар, нар, ар.
Жолақ: олақ, лақ, ақ.
Қатаң: атаң, таң, аң.
Ашық: шық, ық.
487-жаттығу.  «Кім жылдам?» ойыны  «мен, сен,ол» есімдңктері беріледі
Ойынның шарты:  жазылған есімдіктің әрбір әрпімен басталатын есәмдікке сөйлем құрау-жаттығу
Мен Назгүлді еркелеттім.
Сен Серік нағашысына ерді.
           Ол: ол лауазымды.
489-жаттығу Сөйлемді көшіріп жазу.
Сабақты бекіту. «Сөзжұмбақ» шеш

Жіктеу есімдігі

Тынығатын күн

Сан есім

Сын есім

Жыл атауы

Зат есім

Жыл мерзімі
Ребус шешу
Шешуі: балық, мәтін, қызғалдақ, ел құлағы елу
«Кубизм» тәсілі бойынша сабақты қорытындылау

«Тіл өнер» мақалды жалғастырып, есімдікті табу.

«Адасқан сөздер» сөйлемді реттеп, есімдікті табу  

«Менің орным қайда?»  әңгімені реттеп, есімдікті табу.
Рефлексия: Сұрақ-жауап Не үйреніп? Не білдік?
Үйге тапсырма беру  490-жаттығу
1-топ Тест құру   2-топ Сөзжұмбақ  3-топ Ребус
Оқушылардың білімін бағалау
Оқушының 
аты-жөні
Үй тапсырмасы
Оқулықпен 
жұмыс
Кім білгіш?
Кім жылдам?
Топпен 
жұмыс
*****
109

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы
КММ «Абылай хан атындағы орта мектеп-балабақшасы»
«Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі: Темиралина Г.Б.
Тақырыбы: Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастыру тәжірибесі 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
25 жыл Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы алғыс.
Егемендік – ел бақыты ертеңі
Тәуелсіз Қазақстан! Құтты болсын қуаныш.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз 
білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшілігін ескере отырып дамытатын орталық»[1] делінген.
Білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі тәрбие ұйымы болғандықтан тәрбиешілерге мәдениетті, білімді, 
белсенді жеке тұлға тәрбиелеу міндеті жүктеледі. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогикалық мәселелерін 
шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары 
қарастырылуда. Сондықтан да қазіргі кезде болып жатқан тарихи – әлеуметтік өзгерістер, ғылымдағы жаңалықтар бүгінгі 
ұрпақ тәрбиесіне, оның ішінде, мектепке дейінгі жастағы сәбилердің дамуына, тәрбиелеуіне жаңаша көзқараспен қарауды 
қажет етеді.
Демек, біздің қоғамда, бүгінгі таңда жас сәбидің өмірін толыққанды ұйымдастыру үшін балабақшаның орны ерекше. Міне, 
осындай жеке тұлғаны қалыптастыруда мақсатқа жеткізетін сара жолдың бірі жаңаша балабақшада оқу-тәрбие жұмысын 
ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұйымдардың бірі- 
инновациямен байланысты.
«Біз, бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. 
Әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзіміздің елімізде іске асыра отырып, біріншіден, қандай да бір табыстарға 
қолымыз жеткен бағыттарды жаңырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет, екіншіден, жаңғырта жаңғыртуды 
ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек» деп ҚР Президенті 
Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан»[2] Жолдауында көрсетілгендей қоғамдағы өзгерістер мектепке дейінгі 
білім беру жүйесіне де елеулі жаңалықтар әкелді. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан 2050: стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Жолдауында 
мектепке дейінгі білім беру жүйесіне 3 нақты тапсырма берген болатын, олар: 

Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беруге оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін енгізу;

Балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту мәселелеріне  қатысты жүйелі ұсыныстарды егжей-тегжейлі 
әзірлеу;

Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде  үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету; 
Білім мен оның нәтижелілігі – педагогиканың өзекті мәселесі. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуын
қамтамасыз ететін педагог және оның кәсіби шеберлігі. Сондықтан, әдістемелік жұмыстың басты бағытының бірі – педагог-
тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру. Әдістемелік жұмыс мазмұны мен педагогтің жұмыс нәтижесінің үнемі
байланысы әр тәрбиешінің кәсіби шеберлігін жүйелі жетілдіру үрдісін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, әдістемелік жұмыс
педагогика мен психология ғылымдарының жаңа жетістіктеріне сәйкес баланы дамыту мен жетілдіруге бағытталған барлық
жұмыс түрлерін қамтиды
Бала шығармашылығын арттырудың маңызды мәселелердің бірі бейнелеу өнері саласындағы программа мазмұнын анықтау
болып табылады. Сурет сабғы өмір жайлы таным қасиетін оятатын мейлінше белсенді құрал. Бұл арқылы ол өзінің нені
қалайтынын, өзінің талғам деңгейін, арман мақсатын,тіпті қандай мамандықты сүйетінін, психолог мамандардың айтынша
мінезін де өзінің деңгейінен жоғары көрсете алады.
Қорытындылай келе, педагог мамандармен сауатты ұйымдастырылған интерактивті әдістердің жұмыс жүйесі-мектепке 
дейінгі мекемеде тәрбиелеу мен оқыту деңгейінің сапасын көтеруге әсерін тигізіп қана қоймай, педагогикалық ұжымда 
ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, оқыту-тәрбиелеу үрдісі барысында проблемаларды бірлесе шешуге ықпалын 
тигізеді. «Әлемдегі әр адамның тағдыры әртүрлі, планета тарихы тәрізді, әрқайсысында өзіне тән ерекшелік бар және 
олардың өмірі бір-біріне мүлде ұқсамайды». Бұл жұмыста ең бастысы-әр педагогтің алтын кілтін табу және оны сол кілтпен 
аша білу...
Бүгінгі  сіздердің  алдарыңызға  атқарылған  мерекелік  іс – шаралар  мен түрлі  сабақтармен  таныстыру.
Мақсатым: Осындай іс- шаралар  арқылы тәрбиеленушілердің  шығармашылық   қабілетін  дамыту, оқу іс – әрекетін  
дағдыландыру,  адамгершілікке тәрбиелеу.
1.
Алтын күз
2.
Тәуелсіз желтоқсан
3.
Аналар күні
4.
Наурыз мерекесі
5.
Балаларды қорғау күні т.б.
Өткізілген ашық сабақтан «Гүлдер» тақырыбына тоқталып өтсем.
1.
Слайдтан көрсету (көзбен көру)
2.
Слайдты өшіру (қолмен ұстау)
3.
Қағаз бетіне түсіру (есте сақтау қабілетін жетілдіру)
1.Слайдты  көрсету арқылы   гүлдің өсу реті туралы мағлұмат беру.
Слайдты өшіріп осы кезеңде тәрбиеленуші көзбен көргендерін есте сақтау қабілетін арттыру, және көзбен  көргендерін  
қолмен ұстау  сезіну  арқылы  құммен  жұмыс жасау. Яғни  тұқымды  егу  арқылы  өнімді  өндіру. Енді көргендерін және 
110

қолмен  ұстағандарын  қағаз бетіне түсірту. Мұнда саусақ буындарын дамыту және есте сақтау  қабілетін  жетілдіру. 
Бейнелеген суреттерін қадағалау және тексеру  арқылы мен өз мақсатыма жеткенімді  көрдім. 
Ғылыми жоба: Қызыр Алтынай
Тақырыбы:  «Сүттің адам өмірінде пайдасы»!
Мақсаты: Тәрбиеленушіге  зерттеушілік жұмыстар атқарта отырып, сүттің пайдасын айта келе  терең  ойлауға,  көргендерін 
есте сақтауға,  қорғау  кезінде  тіл  байлығын  дамытуға  тәрбиелеу.
Атқарылу  барысы:  Топ ішінде  өзінің жұмысын  қорғай отырып,  жануарлардың  айырмашылығын  ажыратты.  
Үйжануарларының   барлығынан сүтті  алуға  болатынын айқындады.  Сүт адам  өмірінде  пайдасы  орасан  зор екенін  
көрсетіп  дәлелдеп  берді. Ондағы   ақуыз,  кальций  дәрумендерінің  пайдасы  нақтылау  арқылы  өз  жұмысын   
қорғады.Осындай  іс  - әрекеттерді  таныстыру  барысындағы  баяндамамды  аяқтадым. Назарларыңызға  рахмет!
*****
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы  Көктерек орта жалпы білім беретін 
мектебінің технология пәні мұғалімі  Галимов Арман Максимұлы
Пәні: технология  Сыныбы: 6    
Сабақтың тақырыбы: Тегіс бедерлеп ағашты өрнектеп ою
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тегіс бедерлеп ою техникасы жөніндегі білімі пен икемділіктерін қалыптастыру.                             
Дамытушылық: Балалардың көркемділікті сезінуге, көркемділікке деген ұмтылысқа тәрбиелеуді жүзеге асыру. 
Тәрбиелік: Еңбекке ұмтылысты қарапайымдылық және тапсырманы орындаудың қолайлылығы арқылы жүзеге асыру, 
сабырлыққа тәрбиелеу.
Типі: аралас
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сөздік, практикалық
Көрнекіліктер: Сызба нұсқа, плакат  т.б.
Құрал-жабдықтар:   -бор, -тақта, пышақ, қашаулар,  қарындаш, сызғыш. 
Пәнаралық байланыс:  математика,  биология, география, бейнелеу т.б.
Сабақ барысы: 
І.Ұйымдастыру.  Сәлемдесу 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.Контурлық ою дегеніміз не?
2.Контурлық оюдың өзіндік ерекшеліктері?
3.Оюлар түріндегі сурет сызықтарын қалай орындаймыз?
4.Оймалау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі  ережелерін атаңдар? 
ІІІ. Жаңа сабақ:  Білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- тегіс бедерлі ағашты өрнектеп оюдың өзңндік ерекшеліктерін ;
- тіп-тік қырларының түрлі дәрежесінен болып борозданың шеттері сопақ болатындығын;
- фонның суретпен бір деңгейде орналасатынын.
Оқушылар игерген болуы тиіс: 
- кесуде фон мен оюлардың үйлесімділігін сақтауды;
- қашаумен төмен деңгейдегі фонды таңдауды;
- сурет контурларын сопақшалауды.
Сабақтың барысы:  
       Жастықша фоны бар тегіс бедерлі ою – оны контурлық оюмен салыстыруға болады, бірақ борозданың барлық шеттері 
сопаяды, мұнда кейде әр түрлі дәрежедегі құламалық болады (сурет жағынан неғұрлым өткір, фон жағынан ақырындап 
жайпақ). Осындай сопайған контурлардың есебінен фон жастықшадан жасалған сияқты көрінеді және осыдан оның атауы 
шыққан. Фон суреттермен бір деңгейде тұрады. Таңдалған фоны бар жалпақбедерлі бұранда, бірақ фоны бір деңгей төмен 
қашаумен таңдалады. Суреттің контурлары да дәл солай сопаяды.
       Бұрыштап ою – геометриялық оюға тән болып келеді. Сүрекке көлемді үш қырлы фигуралар салынады. Сурет ойып 
салынады. Мұндай ою түрімен бұйым бетіне ромб, үшбұрыш, квадрат, секторлар, сегменттер, сәулелер, көзше және т.б. 
фигуралардың комбинациялары салынады. 
   ІҮ. Бекіту сұрақтары:
Тегіс бедерлеп ою дегеніміз не?
Тегіс бедерлеп оюдың өзіндік ерекшеліктері?
Бұрыштап ою дегеніміз не?
Оюлар түріндегі сурет сызықтарын қалай орындаймыз?
  Оймалау кезіндегі еңбек қауіпсіздігі  ережелерін атаңдар? 
Ү.Қорытындылау:  
ҮІ. Үйге тапсырма:   Тегіс бедерлеп ою.
-Сабақ аяқталды ,
-Сау болыңыздар!
*****
111

Қарағанды облысы Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы
 №7 мектеп -гимназиясы» Бастауыш сынып мұғалімі
Рахимова Рауан Толеухалымовна
Күні:7.09.2016
Сынып: 1А
Қатысқандар саны: 
Қатыспағандар саны:
Мұғалім: 
Сабақтың тақырыбы
Сыныптағы танысу.Сөйлем.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу 
мақсаттары (оқу бағдарламасына 
сілтеме)
1.1 Тыңдалған материалдың  мазмұнын түсіну
1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту  
1.1.1.1 тыңдау барысында тілдік бірліктерді  (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) 
ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі:Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. 
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. 
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Менің сыныбым-мой класс-myclass
Сабақ барысы
Сабақтың 
жоспарланған 
кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық 
атмосферасын 
қалыптастыру
5 минут
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің 
жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Бүгін бір-біріңмен танысасыңдар. Өздерің сияқты оқушылардың 
танысқан  кезінде не айтқанын тыңда.
№2 Көңілді танысу. Әр шардағы суреттің көмегімен балалардың атын
тауып көр.
Дәптермен жұмыс
Таныстырылым, 
оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Сергіту сәтіне 
арналған жинақ
Қызықты тапсырма
8 минут
Сурет бойынша тапсырма
Түрлі тапсырмалар
Аяқталуы
16 минут

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет