ІІ Модуль. Басқару жүйесіндегі тұлға
2-Дәріс. Заманауи басқару психологиясындағы тұлға түсінігі. Тұлға теориялары және оны басқару тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктері.
Дәрістің жоспары:
1.Басқару психологиясындағы тұлға түсінігі
2.Тұлға теориялары және басқару жүйесі
3.Басқару тәжірибесінде тұлғаны зерттеген зерттеулерді қолдану
Түйін сөздер: тұлға, тұлғаның психологиялық сипаттамасы, басқару психологиясы. басқару жүйесі, тұлға телориялары және басқару тәсілдері
Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен- концепциясы» өзін-өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.
Өзін-өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
«Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»);
Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен);
Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)
Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптасты
Тұлғаның анықтамасы көп.
Б. Г. Ананьев : тұлға – еңбектің, танымның, қатынастың субъектісі.
И. С. Кон: тұлға – бұл әлеуметтік рольдердің интеграциялық қырлары.
А. Г. Ковалев: тұлға – бұл қоғамда өзіндік орны бар және белгілі бір қоғамдық рөль атқарушы, пайымдаушы жеке адам деп қарастырған.
«Тұлға» түсінігі көп жақты. Тұлға философия, социология, психология, этика, эстетика, педагогика сияқты ғылымдардың негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Бұл ғылымдар тұлғаны өз ғылыми ерекшелігі бойынша зерттейді.
Тұлға түсінігіне «адам», «жеке адам», «даралық» түсініктері жақын.
А. А. Бодалеваның пайымдауынша біздің тұлғалық белгілеріміз басқа адамдарға қатынас жасаудың негізінде көрінеді.
Бұл жерде негізгі мінез қатарына белсенділік ( өз қызметтеріміздің аумағын үлкейтуге тырысу), бағыттылық (себепердің, қажеттіліктердің, қызығушылықтардың, сендірудің) және әлеуметтік топтардың ортақ әрекеттеріне қатысу сияқты белгілер кіреді.
Белсенділік тұлғаның маңызды қасиеттерінің біріне жатады және ол қажеттіліктерден туындаған мақсатқа жетіге бағытталып, оларды қанағаттандыруға жұмсалады.
Басқару жүйесіндегі тұлғаның жіктелуі
Қызмет жолында тұлға барлық мінездерінің жиынтығымен көрінеді. Тұлғаның жіктелуінің 6 түрі бар. Осыған байланысты Э. Шпрангер әр тұлға белгілі бір қасиеттеріне байланысты 6 топтың біріне кіреді деп ойлайды.
1. Теориялық адам. Теориялық адам мәселелерге, байланыс орнатуға және түсіндіруге мүмкіндік беретін сұрақтарға қатты қызығушылық танытады.
2. Экономикалық адам. Экономиқалық адам міндетті түрде өндіріспен байланысты адам емес. Жалпы алғанда эконмикалық адам дегеніміз бірінші орынға пайдалылықты қоятын адам.
3. Эстетикалық адам. Өнер туындысы эстетикалық әсерленуші жанда ғана пайда болады, ішкі дүниеде ғана өнер туындысы пайда болып, ішкі дүние ырғағынан әуен пайда болады.
4.Әлеуметтік адам. Әлеуметтік тәртіпке басқалардың өміріне араласу мен өзін бөтен сезіну сипатты. Басқа адам үшін өз өмірінен бас тарту әрекеті өмірінде басты қағидаға айналуы нәтижесінде әлеуметтік атына ие болған өмір сүрудің ерекше формасы махаббатқа байланысты. Ол өмір сүрудегі негізгі басты сезім болып қалуы мүмкін. Ол белгілі бір нәрселерге бағытталып өзінің бірінші қажеттілігін жоғалтпайды.
5.Саяси адам. Шпрангер саясатқа қатысы болмаса да басты құндылығы билік болып саналатын адамдарды саяси адамдар деп есептейді. Біреулер басшылыққа ұмтылып, басшы болғанда ғана өздерін жақсы сезінеді, ал кейбіреулері өзін басқаратын адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өмір сүрудің бұл түрі тұрмыс пен басқаға еліктеуден туады. Физикалық және жан дүниелік жаратылыстан басқа салт-дәстүрге берік адамдар да саяси адамдар қатарына жатады.
6.Діни адам. Діни адам дегеніміз рухани құрылымын толығымен құндылықтардың ең биігін сезінуге арнаған адам.
Психологтар ұйым қызметкерлерінің келесі рөльдерін бөліп көрсетеді:
Майысқақтар, барлығын тез шешуді ұнатушылар, барлаушылар, тәлімгер, мақтаншақ, әңгімешіл., екпінділер, жергілікті психолог, жолы болғыш, жылауық, абыржыған, манипулятор.
Басқару әрекетінде ұйым келесі жағдайларды қарастырады:
- Ұйым жоспарының өңделуі мен орындалуын қатаң қадағалау;
- Өндірістің кадрлық және материалдық құрамдас бөлігінің фирма мақсаттары, қорлары мен қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылау
Тексеру сұрақтары:
1.Тұлғаның анықтамасы
2.Басқару жүйесіндегі тұлғаның Мен концепциясы
3.Діни және саяси адам
Әдебиеттер:
Армстронг М. Стратегическое управление человеческими ресурсами. - М.: ИНФРА-М., 2014.
2.Берн Э. Игры, в которые играют люди, люди которые играют в игры. - СПб.: Питер, 2012.
3.Добреньков В. И. Управление человеческими ресурсами: социально-психологический подход. Учеб. пособие. - М.: КДУ, 2015.
4.Морозов, А. В. Управленческая психология. - М.: Академический проект; Трикста, 2015.
5.Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010 Полукаров В. Л. Психология менеджмента: учеб. пособие / В. Л. Полукаров, В. И. Петрушин. – 2-е изд. – М.: КНОРУС, 2010
6.Розанова В.А. Психология управления. – М.: ЗАО «Бизнес-школа «Интел-Синтез». – 2012.
Достарыңызбен бөлісу: |