Іі негізгі бөлім 1 "Ерекше балалардың" ата-аналарымен қарым-қатынас



бет1/3
Дата11.12.2023
өлшемі32,92 Kb.
#136917
  1   2   3
Байланысты:
БӨЖ 4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ
Жаратылыстану-математика факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: "Ерекше балалардың" ата-аналарымен қарым-қатынаста "қарапайым"балалардың ата-аналарына арналған жадынама

Орындаған: Атиманова Г.К.


Топ: ДГИ-301В
Тексерген:Кулмышева Н.А

Семей, 2023 жыл


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 "Ерекше балалардың" ата-аналарымен қарым-қатынасы
2.2 Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған ескертулер
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Көп ұлтты Қазақстанның бүгінгі жаңару бағыты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардан сусындаған, ұлттық дүниетанымы, мінез-құлқы қалыптасып, жан-жақты жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу. Ата-аналардың мақсаты педагогтармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу. Мамандар ата-аналармен тығыз қатынаста жұмыс істеуі керек. Маманның ұсыныстары ата-анаға өз баласын жақсы түсінуге көмектеседі, онымен өз қарым-қатынасын құруды үйретеді және оған қоршаған өмірде толық бейімделуіне көмектеседі.


Көптеген ата-аналар педагог уақыттарын үнемі «ерекше» балаларға жұмсайтындықтан, денсаулығы бар балаларға жеткіліксіз назар аударады деп уайымдайды. Алайда кәдімгі топтарға ерекше қажеттіліктері бар 3-4 баладан артық қосылмайды және педагог денсаулығы бар балаларға қанша уақыт бөлсе, оларға да сондай уақытын бөледі. Мамандар ата-аналарды өз баласымен ынтымақтастықтың психологиялық — педагогикалық технологияларына, оны түзете оқытудың және тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістеріне үйретеді, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсетеді.


ІІ Негізгі бөлім
2.1 "Ерекше балалардың" ата-аналарымен қарым-қатынасы
Ендігі кезекте ерекше балалардың ата-аналарына балабақшаның арнайы психологы тарапынан берілетін келесі психологиялық-педагогикалық тұрғыдағы психологиялық кеңеске құлақ түріңіз:
Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет