тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік
тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот
қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның
бәрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін
қамтамасыз етеді. Аталған мәселелер елімізде
тек соңғы уақыттарда ғана
қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын
жоғарылату, соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – заңды негіздерге
сүйене отырып шешім қабылдайтын тәуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір
тармағы болып табылатын тәуелсіз сот билігінсіз әлеуметтік құқықтық
мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тәуелсіздігі, ең алдымен,
соттардың
құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті әділдігімен анықталады.
Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мәселесін әрдайым басты
назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ, өзінің «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын жыл сайынғы
дәстүрлі жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне
арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру,
арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың
тәртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .
Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметік құқықтық мемлекетті қалыптастыру мен
азаматтық қоғам талаптарын қабылдау процестері қатар жүріп отыр. Сондықтан
2006 жылдың 25 масымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасының және 2011-2020
жылдарға арналған құқықтық
саясатты дамыту тұжырымдаманың бекітілуі бұл бағдарды ілгерітушілік болып
табылады[3] . Бұл құжат билік органдарының белсенділігімен бекітілді, өйткені
қазіргі күннің өзінде қоғам азаматтарының енжарлығы анық байқалады. Тәуелсіз
даму жылдарында Қазақстанда жаңа саяси-құқықтық режим қалыптасып қана
қойған жоқ, сондай-ақ босап қалған әлеуметтік кеңістікте көптеген ұйымдар мен
ассоциациялар құрылды. Бірақ, демократиялық қоғамға тән азаматтық қатынастар
жүйесі қалыптасты деуге әлі де ерте. Қазақстан азаматтық қоғамының көптеген
құрылымдарының тәуелсіздігі сөз жүзінде қалып отыр,
өйткені идеологиялық,
материалдық, ұйымдастырушылық тұрғыдан әлі де билікке тәуелді. Бұл азаматтық
қоғам институттарының іс әрекетін қамтамасыз етуші нормативті негіздің
әлсіздігімен байланысты.