Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады



бет38/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дүниеге, сыртқы ортаға қатысты сезімдік дүниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сөздің түрлі морфологиялық формалары, сөйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы ортамен сезімдік қатынастарының өзара байланысын, динамикасын нақты контекст жағдайында бейнелейді.
Басқа кез келген тіл категориясы сияқты экспрессивтілік әртүрлі авторлар «экспрессема», «экспрессив», «экспрессоид» /«экспрессемоид» деп әртүрлі атаған сөз қызметінің нәтижесін өзіндік білдіру құралдары бар.
Бейнелеу құралдарының аса бай қорын тілдің лексикалық деңгейі құрайды. Бұл – одағай, антонимдік жұптар; морфологиялық туындылар негізінде пайда болатын экспрессивтілік. Экспрессивтілікті жасауға синонимдік қатарлар да көмектеседі. И.В.Арнольд компоненттердің ерекше валенттілігінен құралатын лексикалық экспрессивтілікті бөліп қарайды: қысқарған сөздер, лексикалық қайталау; күрделі жеке авторлық сөздер. Морфологиялық тәсілден басқа, сөз мағынасын алмастыруға негізделген семантикалық тәсілдер де бар: метафора, метонимия (троп пен фигура) т.б. Экспрессивтілік идиомаға, афоризмге, мақал-мәтелге т.б. фразеологиялық бірліктерге тән. Сөз айтылымның айқындылығын арттыру функциясын атқаратын фразеологиялық синонимдер ерекше экспрессивтілікке ие. Мысалдар: Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту (бұл – парономазия, яғни дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері, лебізді экспрессивті етеді); Батырдай бейне басына жүрген бақ қонбай (бұл – пароэмион, яғни қатар емес, арасына дыбыс тастап жасалатын өтпелі (сквозной) аллитерацияның түрі); Екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бердім деген тіркестерде де негізінен ауыспалы бейнені суреттейтін фразеологизмдер тура мағынадағы оқиғаны, суретті бейнелеп тұр. Алдыңғы мысалда оқиғаны дәл суреттеп, экспрессивті ету үшін, ал соңғы сөйлемде комика туғызу үшін (себебі ол орындалмайтын өтірік) қолданылған. Бұдан бөлек метафора, теңеу, метонимия, антономазия, синекдоха, кейіптеу ауыспалы мағыналардың пайда болуына және экспрессивтік қасиеттерінің күшеюіне байланысты сөздің мағыналық ауқымының кеңеюі оның көркем шығармадағы эстетикалық қызметін дамыта түседі. Етістіктің -й көсемше тұлғасы да Абай шығармаларында экспрессияны жеткізеді: Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай.
Сөз, сөз тіркестері секілді сөйлемдер де экспресивтілікті арттыра алады. Ойдың күшейтіліп, мәнерлі түрде айтылуы сөйлемнің экспрессивтілігі деп аталады. Сөйлем-айтылымдардағы экспрессивтіліктің мынадай синтаксистік берілу жолдары бар: сөйлеу тілінде және жазғанды оқығанда, дауыс ырғағын құбылту арқылы сөйлемге экспрессивтік мағына беру; бір ойды білдіретін болымды сөйлемнің орнына болымсыз сөйлемді жұмсау арқылы оған экспрессивті мағына қосу; баяндауыштың І жақтық жіктік жалғауын -мен, -бен, -пен түрінде жұмсау арқылы сөйлемнің мағынасын экспрессивті ету; сөйлемнің баяндауышын, кейде сөйлемнің түрін мәндес басқа сөздермен не басқа сөйлем түрімен ауыстырып айту арқылы экспрессивті мағына үстеу; сөйлемнің етістік баяндауышын қайталап екі рет айту да немесе есім, етістік баяндауыштардың алды-артына олардың мағыналарын күшейтетін сөз қою арқылы экспресивтікті күшейту.
Осы сияқты лепті сөйлем, қаратпа, сұраулы, атаулы сөйлемдердің де өзіндік экспрессивтік стилистикалық ерекшеліктерін айтуға болады. Мысалы: Алақай, әкем жұмыстан оралды! Күз... Әй, жүгірмек, бері келші!
Сонымен, лебізді экспрессивті ету – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың айқындығымен ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы ойды әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы деп тұжырымдай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет