А фонемасы тілде ең көп кездесетін көнеден келе жаткан фонемалардың бірі. Жазудағы таңбасы — а. Сөздің басында және бас (бірінші) буында жазылатын а әрпі ылғи да а фонемасына сай келеді.
А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондыктан да ол жуан (о, ұ) еріндіктерден кейін ашык айтылады: отау, ұшақ, тұмау.
А фонемасы өзге жуан (о, ұ, ы) дауыстылар мен қатар сөздің барлык буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететінде кездері бар: ойбой (ойбай), ойқой (айхай), ойпырой (ойпырай), ойпұрмой (ойпырмай), айнолайын//айдолойұн (айналайын). Тіпті бұлар көркем шығарма текстерінде де кездеседі.
Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар:ділда, ләззат, кітап, қазір, қажет, қазірет, мейман, мейрам. Қазіргі кезде жазуына жуык дыбысталып жүрген мұндай кірме (араб-парсы) сөздерді қарапайым казак бірыңғай не жуан, не жіңішке айтпасқа лажы жок: ділдэ, ләзәт, кітэп, казыр//кәзір, кадыр//кәдір т.б.
А жеке тұрып сөз (а-од, а-эріп, а-дыбыс), сөздерге жалғанатын қосымша да (ат- а, сан-а, анам-а, балам-а, ойлан-а, ойландыр-а) бола алады.
Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар — а және ә. Бұлардың бір- бірінен айырмашылығы: біріншісі — жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан бұл екеуі бір-біріне жуық.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады делінген.
«Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің басты себебін профессор Н.В.Юшманов, профессор Е. Д. Поливанов т.б. мамандар қазақ тіліне баска күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты қарастырады. Ал түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылыкты қарастырған соңғы монографияда ә фонемасының көнеден келе жатқаны дэлелденген.
Ауызекі сөйлеу тілінде ә фонемасы әлдекайда көп колданады.
С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтың «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі» (1985) деп аталатын оқу құралдарында қазіргі казак тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын пайымдай келе, а және ә фонемаларын жан-жақгы зерттейді: «Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің орнына бірінің қолданылуы — говорларымызға тамырын кең жайған кұбылыс. Мәселен: Тәләп-тәләп-тәләп — талап-талап, кэйт-қақ-кэйт — қайт, кәйер-каер-кәйер — қайер (қай жер), ілэж- илож — иләж — ылаж-ылаж, әсілі-асли, асыл-асыл, кэте-хато-қэте — қата (қате) — қате, кәуіп-хавф-қәуип-қауып-қауып, кэтер-хатар-кэтер-қатер-қатерт.б.
Әдеби тілде жуан айтылатын сөздер оңтүстік өңірлерде жіңішкере түсетіні басы ашық мэселе. Неге олай дегенге берер жауабымыз: «Жіңішке ә-нің оңтүстік говорларымызда да, сондай-ақ өзбек, қарақалпақ тілдерінде де көбіне- көп араб-парсы кірмелерінің бойына тэн дыбыс екендігінен» дейді ғалымдар. Ә дыбысының кірмелігін мойындамасақ та, араб-парсы тілдерінің ықпалын бар екені белгілі.
Қорытындылайтын болсақ, а және ә дыбыстары — артикуляциялық жақтан бір-біріне жуык айтылатын фонемалар. Сондықтан жергілікті тілдер ерекшелінде, ауызекі сөйлеу тілінде бірінің орнына бірі қолданыла да береді.
Достарыңызбен бөлісу: |