Зерттегендер: Қ.Өмірәлиев «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі»1983
С.Мұқанов «Қазақ әдебиеті тарихы»
63. Дауыстылардың элизиясы, редукциясы туралы баяндаңыз
Дыбыстық құбылыстар – сөз құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден‚ жат сөздерді бастықтырып‚ дыбыстық игеруден туады.
Үнемдеу заңы тілдің барлық саласын қамтитындығын ғылыми еңбектерден байқауымызға болады.Үнемдеудің табиғаты күрделі болғандықтан, қазақ тіл білімінде ғалымдар өз зерттеулерінде тіл салаларының əр қырынан сөз еткен.
Қазақ лингвистерінің бір қатары, атап айтсақ, С. Аманжолов, М. Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Томанов, А. Ысқақов, А. Айғабылов, Б. Сағындықұлы, К.Аханов, С. Мырзабектен, Р. Əмір, Ғ. Қалиев үнемдеу заңы əсерінен пайда болған өзгерістер туралы жазған құнды пікірлермен белгілі. Сөйлем мүшелерінің қызметінің жеңілдеуі мақсатында дыбыстардың түсіріліп айтылуы, яғни фонетикада үнемдеу құбылысы тілдің басқа салаларына қарағанда кеңінен зерттелді. Фонетиканы зерттеген С. Мырзабектен «дыбыстық үнем сөздің құрамындағы жеке буын, дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады, басқаша айтқанда, сөзді ықшамдау деген сөз» дейді. Фонетикадағы үнемдеу құбылысын редукция, элизия, апакопа, синкопа, гаплология, т.б сияқты құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Белгілі фонетист ғалым С. Мырзабектенің «Қазақ тілі фонетикасы» деген оқулығында: «Редукция бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі», деген анықтама береді. Мысалы, бара алмады тіркесін айтылуда баралмады деп қысқартып қолданамыз. Ғалым Б. Қалиев дауысты дыбыстардың түсіп қалу себептерін зерттегенде, барлық пікірлерді ескеріп, дауыстылардың үнемделуінің табиғатын толық ашуға тырысқан. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» атты еңбегінде қысаң дауыстылардың түсіп қалу жағдайының түрлерін саралап көрсетеді. Олар: 1) қысаң дауыстылардың өз сапасы, 2) көршілес дауыссыздардың əсері, 3) екпінсіздік, 4) сөздердің морфологиялық түрленуі (дауысты дыбыстан басталатын қосымшаның жалғануы), 5) түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жəне олардың қолданылу жиілігі.
Фонетикадағы үнемдеу жайын сөз еткенде морфонологияны зерттеген ғалым А. Айғабылұлының көңілге қонымды пікірлерінен айналып өту мүмкін емес. Ғалым былай дейді «...редукцияны екпінмен байланыстырушылар екпінсіз буынның редукцияланбайтынын жұмбақ ретінде атап отырды. Шындығына келгенде, егер екпіннің бары рас болса, ол қазақ тілінде сөздің соңғы буынында тұрса, дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда да, буынды жылжытып, екпінсіз буындағы дауысты редукцияланса керек еді» дей келіп, редукциялануға қолайлы жағдай туғызытын буын үлгісін былай көрсетеді: А-БА-БА буын үлгісімен келгенде, екінші, кейде үшінші буында дауыстылар түсіріледі. Мысалы, өтінер-өтнер, жүгініп-жүгніп, шашылып-шашлып. Тұйық, бітеу буындарда дауысты дыбыстың түсуін көп кездестіре алмадық деп, мынадай мысалдар берген: БАББАБ-БАБ түрінде келген қыз-дыр-дық, жаз-ғыздық, АБ-БАБ-БА түрінде ай-шық-ты, ес-тіп-ті т.б.Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс редукциясының себебін түсіну үшін үш мəселені атап көрсетеді: 1) буындардың сөзде қатарласа ашық түрде келуі (са-ғы-ну – сағну); 2) түсіріп айтылатын дауысты дыбыстың алды-артындағы дауыссыздардың өзара тіркесу мүмкіндігі (СН – дауыссыздарының тіркесі: баласына-баласна, есіне-есне); 3) дауысты дыбыс редукциясының мағынаға нұқсан келтірмейтіндігі.
Ықшамдалған сөз формалар жайында аға буын өкілдерінің зерттеулерінде айтылған маңызды пікірлерді А. Əділова, Г. Айғабылова, А. Романова, Г. Төлекова, Ж. Баймұрынов, Г. Қондыбаевалар жалғастыруда. Г. Айғабылова үнемдеу заңы жайында алғаш арнайы зерттеу жұмысын жазып, түрлі тілдік құбылыстарға өзіндік көзқарастарын білдірген. Тілші ғалым Б. Қалиевтің дауысты дыбыстардың түсірілуінің себеп-салдарының құрамын тағы үшеуге арттырды: дауысты дыбыстан басталатын сөз тіркесі айтылғанда да дауысты дыбыс редукцияланады; дауысты дыбысқа біткен сөзге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанда дауысты дыбыс редукцияланады; дауысты дыбысқа біткен сөзге дауыссыздан басталатын сөз тіркесіп айтылғанда дауысты дыбыс редукцияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |