Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Акустикалық (физикалық) аспект



бет44/148
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#143344
түріҚұрамы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) кұбылысқа жатады. Күрделенген вибрациялық қимылдың нәтижесінде пайда болған дыбыстар бір - бірінен ырғағы, күші, әуені, созыңкылылығы жағынан ерекшеленеді. Тілдегі кейбір дыбыстарды аталған физикалық қасиеттері арқылы ажыратуға болады.
Дыбыстың ырғағы бір секунд ішіндегі дірілдің мөлшеріне байланысты. Діріл көбейген сайын дыбыстың ырғағы да күшейе береді. Бір секунт ішінде 16-20 000 аралығында дірілден пайда болған дыбыстар ғана кұлакка естіледі.Дыбыс күші дірілдің қарқынымен байланысты. Діріл қарқыны (амплитудасы) көбейген сайын дыбыс күші де үлкейе түседі.
Дауысты дыбыстар (мәселен, а, ә) бір-бірінен әуеніне (тембріне) карай ажырайды. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келетіндіктен, олар негізгі тон мен көмекші тонның (обертон) бірлігінен жасалады. Тіл дыбысындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет аткаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.Мәселен, тоны жағынан бір-біріне жуық дауыстылар тіл, жак, еріннің қатысуы нәтижесінде бір-бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды.
Лингвистикалық (функционалды) аспект. Тілдік қарым-қатынас тек дыбыстар арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы тілді адамдардың қатынас кұралы дәрежісіне жеткізген оның әлеуметтік мәні. Осыдан барып дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспектісі келіп шығады. Мұны фонология деп те атайды. Лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан карайды. Лингвистикалык аспект тіл дыбыстарының табиғатын, қызметін, ерекшеліктері мен заңдылықтарын қарастырады.
73. Сөз мағынасының кеңеюін түсіндіріңіз
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі.
Сөздің мағынасы әрқашан бірқалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмұнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарылып, не жаңарып-жаңғырып, не қолданыстан шығып қалып отырады.
Сөз мағынасының кеңеюі - сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі сөз мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуы. Мәселен, талқылау сөзі «қой терісін талқыға салып илеу, жұмсарту» мағынасының үстіне «мәселені жан-жақты талдап, тексеру» деген мағынаны білдіреді. Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет