ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕК КЕРЕК
87 Түбір құрамындағы фонетикалық өзгерістер туралы баяндаңыз
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөлшектенуге келмейтін ең түпкі негізі. Түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір құрамындағы тарихи фонетикалық өзгерістер. Әрбір процесс тілдің негізгі салдарын қамтыса да, оның кейде ескі ізін де сақтап қалатыны болады. Тілдің белгілі бір өзгеріске ұшырағандығы да сондай есік қалдықтарды салыстыру арқылы дәлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне түрікілік ғ, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен айтылатын түбірлермен қатар, көне ғ, г, д,б, дыбыстарының жаңа сапаға –қатаңға айналған түрін сақтаған да сөздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі то параллельдер (әрне, тарихи) ұшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарға айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің құрамында), тақ, тау, сық, тоқ, той тәрізді түбір сөздер. Бұлардың бір сыңары «жаңа» дыбыстармен (у,й) айтылса, екінші сыңары көне түркілік ғ,г дыбыстарының қатаңдаған тарихи варианттарымен келген.
Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы өзгерген бірқатар түбірлер қазіргі тілде дербес күйінде емес, тарихи негіздердің ғана құрамында орнығуы да кездеседі. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық – соңғы – ын, ық қосымша, екі сөзге де негіз болған түбір – жағ. Малов: йағут (жақындату, етістік, түбірі – йағ, -ут қосымша), йағыл (етістік, жақында, -ыл қосымша), йағуқ (жақын, есім), йағру (жақында, үстеу), жүгір, жүйрік, жүйіткі (г-й), жүг-жүй, Малов: йүгрүк ат (жүйрік ат), йүгүр (жүгір), ауна, ақтар (бір нәрсені аударды, ақтарды).
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған кейбір түбірлер қазіргі тілде сыңар күйінде, яғни, тек қана туынды сөз құрамында кездеседі. Қазақ тілінің мына сөздерін ескі мұра фактілермен салыстыру біраз жайды аңғартады: шикі сын есімі көне түркі тілінде йіг – сырой, йіг ет – сырое мясо.Қазақ тіліндегі шикі сын есімі, бұған қарағанда, әрі туынды сөз (шіи-кі) әрі сөз соңы ғана емес, сөз басы да дыбыстық өзгеріске ұшыраған: (й-ж-ш):Ал мұның йіглі тұлғасы арнаулы қосымша арқылы сын есімге айналуы да жаңа құбылыс еместігін көрсетеді.
Қазақ тіліндегі тұйық сөзі сын есім мәнінде ұғынылады да, -ла арқылы етістікке айналады. Көне түркі тілінде «ту-жабу … Туғ-кедергі».Соңғы, әрине, қимыл есім тұлғасы. Бұл фактілер Ү-ҮІІІ ғғ. жазбаларынан алынған.
Қазақ тіліндегі оя (ойа, ойа-т, ойа-н) түбірі де дербес қолданылмайды. Ондай түбір барлығы оян, оят етіс тұлғаларын өзара салыстыру арқылы ғана анықталады. Соңғы етіс қосымшалары (н,-т) өз мәнін де, қызметін де жоғалтпағандықтан, түбірден жіктеліп тұрады. Көне түркі тілінде «одғур-ояту, одуғ-оянған, одул-ояну». Көне түрік тілінің бұл фактілер бастапқы түбір од екенін дәлелдейді. Сонда қазақ тіліндегі ойа таза түбір емес. Тарихи түбір мен қосымшаға ажырайды. Өйткені көне түркі тіліндегі ырықсыз етіс тұлғасы одул, соңғы –уд қосымша екені жай көзге де айқын.
Оған Б.Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы» атты еңбегінде мынадай мысал келтіреді. Мысалы, тіліміздегі апар етістігі дербес атауыш сөз ретінде түсініледі. Төрт түрлі лексикалық мағынасы бар:
1) белгілі бір затты бір орыннан екінші орынға алып бару, жеткізу;
2) алып кету, соңына ерту;
3) бастау, алып бару, ілгері дамыту;
4) жақындату, таяту.
Егер осы сөзді ап+ар деп түбіртекке бөлсек, екі бөлшегі де ешқандай мағына бермес еді. Мұны атауыш сөз емес, сіңіскен сөз ретінде қарастырсақ, дыбыстық құрамын қалпына келтіруге тура келеді. Апар – алып бар. Яғни ол көп мағыналы ал етістігінің, ып көсемше жалғауының, бар көмекші етістігінің мән-мағыналары жойылып, жіктері әбден күңгірттеніп барып сіңіскен түрі. Әуелі екпін түспегендіктен көсемшенің ы дауыстысы әлсірегенін, одан соң л сонорының элизияға ұшырағанын зерделеуге болады: ап бар>ап пар. Қатаң п ұяң б-ны қатаңға айналдырады да, өзі де жойылып кетеді: ап пар>апар. Демек, түбіртекке ажыратуға апар емес, алып бар сөз тіркесі түсуге тиіс.
Қайны зат есімі де атауыш дербес сөз ретінде ұғынылады. Мағыналық мазмұны – қайын жұрт жағының ерлі-зайыптылардан жасы кіші еркектерінің жездесі мен жеңгесіне туыстық қатысы. Шындығында, бұл сөз қайын және ыны (іні) лексемаларының сіңісуі нәтижесінде пайда болып тұр. Қайын мен ыны біріккенде: қай+ын+ын+ы. Гаплология заңы бойынша екі буын бірдей болғанда бірі түсіріліп айтылуға тиіс: қай+ын+ы>қайны. Екінші буынға екпін түспегендіктен, ы дауыстысы да элизияға ұшырайды. Бұл ретте де түбіртекке ажыратуға қайны сөзі емес, қайын және ыны зат есімдері түсуі тиіс. Әйтпесе, тәжірибесіз зерттеуші қайны сөзінің құрамын былай талдауы мүмкін: -ы тәуелдік жалғауының үшінші жағы, қайын – түбір деп.
Достарыңызбен бөлісу: |