66. Функционалды стильдердегі сөз таптарының прагмастилистикасына талдау жасаңыз Прагмастилистика – стилистика ғылымының жаңа бағыты. Кез келген айтылым адресаттарға ақпарат берумен қатар, оның қабылдауына ықпал ететін тілдік бірліктерді таңдайды және оның реакциясын тудырады. Адресаттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай әрекет жасайтынын прагматика зерттейді. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады.
Адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынас аясындағы тілдік бірліктердің ықпал ету және әсер ету мақсатынан пайда болған туынды мәтін прагмастилистика деп аталады.
Сөз таптарының стилистикалық қызметі стилистикалық белгі мен стилистикалық мәнердің арасын жалғастыруда маңызды орын алады. Сөз таптарының барлығы дерлік әр стиль аясында мәтіннің сипатына орай кейбіреулері жиі қолданылады да стильдік мәнерімен ерекшеленеді.
Қазақ тілінің морфологиялық құрамында зат есім айрықша орын алады. Зат есім дискурс пен мәтін заттық мағына береді, ал заттық мағынасыз ой берілмейді, сондықтан зат есімдер барлық сөз коммуникациясында міндетті түрде қатысып отырады. Әсіресе, жалқы есімдер ұнату-ұнатпау, достық-қастық, биресми-ресми әрі туыстық, әлеуметтік мәнімен стилистикалық әсері мол. Қайран тектім-ай!.(М.Әуезов). Әпенге Данияр сенеді.(Б.Майлин). Мен ол кезде Апамның өмір тарихын, тіпті кім екенін білмей, алаңсыз шуақты күндерге марқайып маңар едім…Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз.
Қазақ көркем сөз зергерлері өздерінің шығармаларында зат есімнің ерекше көркемдік қызметі жайлы сөз ұстанымы ретінде әсерлі қолдана білген. Жоғарыда келтірілген мысалдарда апам деген зат есім тәуелдік жалғау тұлғасында келіп, автор өзінің жан жылулық сезімін беру мақсатында қолданылғанын көруге болады.
Көркем шығармада зат есімдер жеке тұрып та кейде жалғаулар арқылы өзінің стильдік мәндерін айқындай түседі. Өлең мәтінінде зат есім экспрессивтілігінен гөрі, нақты философиялық сипат береді, сондықтан оның жалқы есімдік тұлғасы алынуы нақтылықпен толғаныс нысаны ретінде жұмсалынған. Кез келген оқиға,құбылыстарды суреттеуде зат есім нақты атау ретінде алынады. Мәселен, көркем әдеби тілде аты аңызға айналған жалқы есімдер Төлеген, Қыз Жібек, Баян сұлу, Қозы-Көрпеш сияқты әдеби, тарихи кейіпкерлер ауызекі сөйлеу тілінде махаббаттың, сұлулықтың символы ретінде жиі ұшырасып отырады. Ауыз әдебиетіндегі Қарабай, Шығайбай сараңдық, малқұмарлықтың белгісін көрсетсе, Қодар – дүлей күш иесі болып, халық арасына кең тараған жалқы есімдер.
Қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының коммуникативтік қызметінен ерекшелігі мынада : адресант адресатқа сыйлау, құрмет тұту мағынасында Нұреке, Сәке, Алеке немесе әйел адамдарды еркелету мақсатында Сәулеш, Қанаш, Мағаш деп атайды, бұл атаулар көркем әдебиет стилінде ұлттық тілдің атауыштық қызметінде жұмсалуы болы саналады.
Сонымен, Зат есім барлық дискурс пен мәтінде мәліметтік, ақпараттық, деректілік мақсатта жұмсалып, эстетикалық қызмет атқарады.
Сөз таптарының ішінде етістік ең күрделі, ең қарымды категория болып табылады. Өмір – адам – тіршілік динамикасының ерекше мәнін, мағынасын айқындаумен қимыл-қозғалысқа қатысты іс – әрекетті сипаттауда етістік тұрақтылық жағынан әрі стильдік көркемдігі, семантикалық байлығы жағынан экспрессияның күшті әлеуеттілігін көрсету тұрғысынан ең ауқымды сөз табы болып есептелінеді. Басқа да сөз таптарынан гөрі іс – әрекет, қимыл – амалды беру мағыналарының сан алуан қызметімен етістік айрықша стилистикалық мүмкіндіктерге ие.
Етістіктің түрленгіш қасиеті стилистикалық категориялардың барлық түрін қамтамасыз ете алады. Мысалы: Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз (Абай).
Етістік адамның көңіл – күйін, сезімін беруде немесе әр түрлі ситуацияларда оның өн бойында қандай мақсатпен прагматикалық әрекеттің болатындығын көрсетеді.Прагматика нақты жағдайда адамның қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын көрсетеді.
Иә, жігіттер,амансыңдар ма ? – деді ойда жоқта ерлік жасап. Көріп отырсың ғой, – дедім мен қитығып. Осы сенің мен дегенде қозатын жының бар ма ? Әй, бала, хал қалай… Бүгіннен бастап жер қопару жұмысын соған беремін. Шаршап жүрсің ғой. Рас па ? – Бура қуана сұрады. Рас, жалықтым (О.Бөкей). Осы диалогтық контексте етістіктің әр түрлі категориялары бірде жоғары пафосқа құрылған. Шаршап жүрсің ғой дегенде демеулік шылау тіркесіп келген етістікте қамқор ниетін беріп тұр, ал адамға жасалынған қамқорлық қуанышқа ұласады, яғни жағымды эмоцияға ие бола алады, ол қуана сұрады деген күрделі етістік категориясымен баяндалып тұр.
Ал келесі адресанттың рас, жалықтым сөзі оқшау сөзбен тіркесіп келіп айтушының жабырқау көңіл-күй сезімін танытып тұр. Бір ғана диалогта етістік осындай өзінің түрленгіш стильдік бояуымен белгілі көркемдікке ие бола отырып, адресанттың арасындағы сан алуан эмоцияның мән – мағынасын бере алады.
Функциональдық стильдердің ішінде етістік ауыспалы мағынада метафоралық сипатқа ие болады, басқа сөз таптары сияқты етістік метафорасы көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилінің, сондай-ақ, публицистикалық стильдің ең белсенді бөлігіне қызмет етеді
Көркем тілде етістіктердің семантикалық топтары образды деректі тәсіл ретінде жиі ұшырасады. Бұл етістіктер стилистикалық бояуға ие болмаған, сөздіктерде белгі қойылмаса да өзінің мағыналық прагматикалық ерекшелігін әрдайым атқарып тұрады. Ол ақырып жіберді ауызекі сөйлеуде адам психологиясының әр түрлі күй – қалпының ситуативті жағдайын анықтап тұр. Мысалы: Сөйлеу, деу, айту етістіктері адресанттың әр түрлі іс – әрекет, қимылын прагматикалық жағдайда көрсете алады.
67. Бейімдестік және оған тән қасиеттерді түсіндіріңіз. Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (ілгерінді) және дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуінің (кейінді) тіл мәдениетін сақтаудағы қызметін ашып беріңіз Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)— бір сөз ішінде немесе әртектес буыннан құралған сөздерде іргелес орналасқан дауысты және дауысссыз дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әр түрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы. Мысалы: жай, шай, шаш сиякты жуан буынды сөздердін сөйлеу тілінде жәй, шәй, шәш болып жіңішке айтылуы, олардын құрамындағы ж, и, ш тіл алды фонемалары тіл арты жуан а фонемасына ықпал етіп, оны тіл алды жіңішке дыбысқа өзгертіп, өздеріне бейімдеп түр;
аянкес, апаеке, атаеке сияқты әр тектес буынды сөздерде де тіл арты а фонемасына іргелес орналаскан й, н, к, с, п дауыссыздары және одан алшақ тұрған жіңішке е фонемасы әсер етіп, оны өздеріне бейімдеп, ол сөздердін жіңішке әйенкес, әпке, атеке сиякты сынарларын жасап тұр. Керісінше, Ботагөз, қарагым, керек екен, қара қазан сияқты сөздерде дауысты дыбыстар дауыссыздарға ықпал етіп, өздеріне бейімдеп тұр.
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.