68. Оқытудың дидактикалық қағидалары және қазақ тілін оқытудың жеке қағидаларын сипаттаңыз Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида ,оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесі, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Дидактикалық принцип оқыту мақсаты мен оқушының танымдық іс - әрекетін тығыз байланыста қарастырады. Оқушының танымдық іс - әрекеті қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Дидактикалық принципті алғаш қы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыс педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдар әр түрлі принциптерді ұсынады. Мысалы, Н.А.Сорокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдар көрсетсе, М.А.Данилов (Дидакитка средней школы, 1975) 7 түріне, Т.А.Ильина (Педагогика) 7 түріне, Ю.К.Бабанский (Педагогика, 1977) оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Бұл салыстырулардан байқайтынымыз - өмір талабына сәйкес өзгеріп отыратын, зерттеуді қажет ете беретін ғылым.
Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық қағидалар тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген. Олар:
Ғылымилық қағидасы.Білімнің ғылымилық қағидасының сапалық көрсеткіштеріне: а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы; ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы; б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір – бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі. Бірінші шарт бойынша материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етеді. Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі. Бұл қағида білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.