Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет6/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

Сұрақ – жауап әдісі – балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс – оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс–әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс – сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты – оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Қазақ тілі сабақ барысында компьютер оқытушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін ғалымдардың ұсынысы бойынша мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер қолдану дұрыс:
1. Сұрақ-жауап диалогы.
2. Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.
3. Еркін құралған сөйлемдерді стильдік түзету.
4. Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
5. Сөздікті меңгеруден өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.
Осы әдістер мен әдістемелердің қолдануына байланысты оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығының артқанын көреміз.


53. Сөйлем семантикасы: құрылымдық және коммуникативтік аспектілеріне тоқталыңыз
Сөйлем – синтаксистік құрылыстың негізгі тірегі, басты санаты. Тілдің басты қызметі коммуникативтік қызмет болса, ол – сөйлем арқылы іске асады. Бұл қызмет сөйлемнен басталады, сөйлемге дейінгілер (дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі) мұны атқара алмайды. Олар – сөйлемді құрастыруға қатысатын құралдар. Сөйлемнің тілдік элементтерден, солардың ішінде сөз тіркесінен, ең негізгі айырмашылығы коммуникативтік негізгі тұлға болатындығында. Сондықтан да сөйлемді синтаксистің басты нысаны, негізгі санаты дейміз. Сөйлем грамматикалық үш тағанды болады: олар – предикативтілік, модальділік, интонация. Бұлар геометриядағы үшбұрыштың қатаңдығы сияқты бірлікте тұрса ғана, тізілген сөздер сөйлем болып шығады. Сөйлемнің мұндай құрылымдық-мазмұндық белгілері туралы бұған дейінгі түрлі еңбектерде мол жəне дұрыс та орынды қамтылған. Сондықтан сөйлем туралы өзгешелеу түсінік береміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет