Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Зерттегендер: Д.Әлкебаева. Қазақ тілінің прагмастилистикасы



бет14/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129
Зерттегендер: Д.Әлкебаева. Қазақ тілінің прагмастилистикасы.
Қанабекова. Ресми-іскери стиль жүйесі
Р.Сыздықова. Сөз құдіреті
Жанпейісов Функционалды стильдер, ерекшеліктері


59.Х.Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы» атты мақаласының маңыздылығын дыбыстық жүйенің заңдылығы тұрғысынан талдаңыз


Х.Досмұхамедовтің «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы» атты мақаласы 1924 жылы араб грфикасымен Ташкент қаласынан жарық көрді. Ғалым бұл мақаласында Еуропа тілдерін Ауропа тілдері деп қазақ тіліне бейімделген терминді қолданып, сингармонизм заңына байланысты талдау жүргізеді.


Қазақ тілінде сингармонизм заңымен байланысқан қазақ тіліндегі екі заңды көрсетеді:
«1) Қазақ-қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп (таштиденіп) келмейді. Сондықтан, жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбысты қазақ- қырғыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа аударады. Молла – молда, үммет – үмбет, алла – алда, аууал – әуел, жиннат – жендет, суннат – сүндет. Тіліміздің заңы осылай болған соң, жат сөздерді алғанда ішіндегі бір дыбысты екілетіп айту, жазу керек емес. Мұғалым, қуат, қодыс, муезін, зәре, митал (метел), хылорупіл деп жазу керек. Осы заңның бойынша сұу, тұу секілді сөздерде бұрынғы ұұ жазуымыз дұрыс емес еді. Бүгінде қатемізді түзеттік; екі «ұ»-ны қатар қоймай ұұ- ның орнына ұу жазатын болдық. Бұлай қылғанымыз жоғарғы айтылған заңнан шығып отыр.
2) Қазақтың түбір сөзінде екі дауыссыз дыбыс көршілес қатар тұрмайды. Арасында дауысты дыбыс болуы керек. Қазақ сөзінде екі дауыссыз дыбыс көршілес қатар тұрса, онда сөздің екі сөзден құралғанын я, сөздің ішінде жалғаудың барлығын көрсетеді. Бүркіт, көгершін, шекбен, кетбен, тышқан, іркіт, бөктергі, борсық, жылқы деген сөздердің түбірі: бүр, көгер, шек, кет, тыш, ір, бөк, бор, жыл болуы керек те, қалған бөлімдері жұрнақ болуы керек. Олай болмаса, бүрікіт, көгерішін, шекібен, кетібен, тышықан, ірікіт, борысық, жылқы болуы керек.» - деп көрсетеді. АФЕРЕЗИС
«Сингормонизм заңына ылайықсыз болып жаңылыс жазылған жат сөздер өте көп ұшарай бастады. Газет – журналдарымыздың беттерін қарасақ, жаңылыс жазылған жат сөздермен толулы» сол кезде енген араб-парсы сөздерін дұрыс жазу үлгісін көрсетеді: Хүрмет (үрмет) , хәсірет, Хамид, Ахымед, рахымет, хажет, (әжет), хатер, хәзірет (әзірет), Мұхамбет, бет –пақ, хадыс (хәдіс) , Әли, пәрмен, Орымбет, (Ор -мәмбет), көрек (хөрек), хәсіне , міорман (мейірман), мійман (мейман) , ытипақ тағдыр, құдыс. Мирас, мұғалым. Көрсетілген сөздерде жақшаның ішіне қойылған түрлерінде қылып жазса да қате болмайды.
Аталмыш мақаласында ғалым: «Жіңішке айтылған сөздердің жалғаулары да жіңішке, жуан айтылған сөздердің жалғаулары да жуан болып қосылуы керек» деп айтып, төмендегідей түсіндіреді. «Тағдырге, мұғалымге, мейманге деп айту –сызу жаңылыс. Кейбір араб, парсы сөздерінен екі түрлі айтуға болады. Ғылым –ғылымға, ілім –ілімге, ғалым-ғалымға, әлім –әлімге, ғұмыр –ғұмырға, өмір –өмірге. Бұндай айтылудан тілімізге келетін зиян жоқ. Тек жалғауларын ұйқастыру керек».
Сингормонизм заңына келмейтін болып тұрған сөздер бар деп Махмуд сөзінің бейімделуіне назар аударады. Арабтың Махмуд деге сөзіне қазақ Мәмбет, Мұхамбет, Махамбет, Мағамбет деп өзгертпеді. Мәмбет сингормонизмге толық келеді. Мағамбет сингормонизмге қарсы. Қазақ тіліне кірген араб –парсы сөздерін терген қарасақ бір бөлек сингормонизмге шалалау көнген я көнбейтін сөздер ұшырайды, оның барлығын тілімізге бейімдеп, икемдеуіміз керек деп дабыл қағады.
Біздің қазақ –қырғыздар ішінде Ауропа тілдерін жақсы білетініміз аз , көбіне білмейміз. Ауропа тілдері біздерге орыс тілі арқылы жалғасады. Сондықтан ауропа сөздерінің орыстың айтуынша қолданып жүрміз. Бұл дұрыс емес. Ауропа сөзін асылы нұсқасын алып өзгертіп қолдану керек.
Ауропа сөзін алғанда түбірін сингормонизмге көндіріп алған соң, жалғаулардыңда бәрін сингормонизм заңымен жалғау керек. Алған түбірден туынды сөздерді өз тіліміздің заңымен туындыру керек. Мехенікші, мехеніктемек, химие, химиеші, химиемек, химиемелеу, гүлейттемек гүлейттеймін (гулайт етемін деген дұрыс емес). Анатомиа, анатомиамақ, анатомиаламақ, анатомияшы.
Мақаланы «Орысша жақсы сөйлеймін деп мақтану керек емес, ойлаңқырау керек. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең бұл сүйініш, ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең бұл күйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат тілді еліктей беруі зор қате. Бұл оқығандардың есінен шықпауы керек» деген азаматтық ұстаныммен аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет