Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Үстеу. Үстеудің семантикалық топтарын көрсетіңіз. Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына тоқталыңыз



бет78/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

99. Үстеу. Үстеудің семантикалық топтарын көрсетіңіз. Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына тоқталыңыз
Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындык, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер) арқылы да білдіріледі.Үстеулердің зерттелуі мен қалыптасу тарихына қарағанда, И.В.Мещанинов үстеулер алғашында бөлек сөз табы болмаған, олардың қызметін түрлі септеулер атқарған, кейіннен осы септеулер үстеу болып орнығып қалған деген көзқарасын білдіреді. Қазақ тіл білімінде үстеуге берген анықтамалар А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» еңбегіндегі үстеуге берілген анықтамадан басталады. «Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру үшін айтылатын сөздер. Мәселен тым жақсы, он есе, тап өзі.Ғалымның пікірінше түпкі үстеулер өте аз. Түпкі үстеу сөздерге мыналарды жатқызады: әбден, тым, тіпті, қас, сірә, есе, нақ, нағыз, әрең, дәл,әні,міне,таман,сайын. Үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен-саяқтап кана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді айтамыз.
Ең бір күрделі, әрі даулы сөз таптарының бірі – үстеулер. Сондықтан да тілде үстеулер мәселесі назардан тыс қалды деуге болмайды. Бұл жайында айтылған пікірлер мен бірнеше ғылыми зерттеулерді кездестіреміз. Үстеулер мәселесі өткен ғасырдағы түркі тілдеріне арналған грамматикаларда көрініс тауып жүрді. Мәселен, үстеулер туралы пікірлер И.Гиганов, М.А.Казем-бек, Г.М.Мелиоранский, А.М.Щербак, А.Н.Харитонов, А.Н.Кононов, И.И.Мещанинов, А.Н.Боровков, Н.А.Баскаков еңбектерінен орын алды.
Ал қазақ тілінде көрнекті ғалым А.Байтұрсынов үстеу сөздерді о баста шылау сөздердің құрамында демеу, жалғаулық, одағай сөздерінің қатарына қосып, оған: «... сөз үстіне қосылып сөздердің мағынасын толықтыратын сөздерді үстеу дейміз»-деген анықтама береді. Ғалым кейінірек үстеуді жеке сөз табы ретінде бөлек атап, оған былайша анықтама береді: «Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді». А.Байтұрсынов үстеуді бес мағыналық топқа бөледі. Олар: 1) нықтаулық; 2) сынаулық; 3) өлшеулік; 4) мезгілдік; 5)мекендік.
Үстеу сөздерді мағынасына қарай топтастырғанда 8 топқа бөліп қарастырамыз.
1. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? қашаннан? сияқты сұрауларға жауап береді.Мезгіл үстеулері аса көп. Оларға, мысалы, мынадай сөздер жатады: бүгін, былтыр, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, әлі, ендігәрі, екіншәрі, бұрын, әуел-баста, eртe, кеш, күндіз, бүрсігүні, әсте, күнімен, ертеден, күні бүгін, күні кешке, бүгін таңда, күн ара, күні бойы, қыстыгүні, қыстай, жаздай, ала жаздай, күні-түні, анда- санда, енді-енді, оқтын-оқтын, оқта-текте.
2. Мекен үстеулері кимылдың орнын (мекенін), бағытын білдіреді де, қайда? қайдан? сияқты сұрауларға жауап береді.Мекен үстеулеріне мынадай сөздер жатады: ілгері, ілгеріде, әрі, әріде, әрмен, кері, жоғары, төмен, жолшыбай, жол-жөнекей, алға, артта, алды-артынан, тысқары, әлдеқайда, сонда, осында, мүнда, былай, одан-бұдан.
3.Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе кимылдын және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша? қаншалық? нешелеп? қаншалап? сияқты ғана сұрауларға жауап береді.
Мөлшер үстеулеріне мынадай сөздер жатады; онша, сонша, осынша, оншалық, соншалық, осыншалық, мұншама, анағұрлым, сондайлық, осындайлық, бірен-саран, ондаған, көптеген, бірталай, бірқыдыру т. б.
4.Сын (бейне) үстеулері қимылдың алуан түрлі сапасын, тәсілін (істелу жолын), бейнесін білдіреді де, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? неше? (не сияқты?)сияқты сұрауларға жауап береді. Бұл бай топқа мынадай үстеулер жатады: осылай, осылайша, сөйтіп, өйтіп, бүйтіп, олай-бұлай, бірден, бірдей, бірге, бірте-бірте, біртіндеп, ойша, бұрынғыша, өзінше, әлінше, көзімше, пәрменінше, тікелей, қайыра, қолма-қол, кезек-кезек, әрең-әрең, көрнеу, іле, өздігінен, өзді-өзді, ойлап- ойлап, ойлай-ойлай, жатпай-турмай, билеп-төстеп, келе сала, біле тұра, ашықтан-ашық, бостан-босқа, емін-еркін, шама-шсрқынша, зорға, қапыда, лезде, шалқасынан, айтар-айтпастан, бет алды, қаннен қаперсіз, үнемі, бекер т. б. \
5. Күшейту (я ұлғайту) үстеулері заттың сынын, қимылдың өзін немесе түрлі мөлшерін, көлемін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетеді де, қалай? қандай? деген сұрауларға жауап береді.Бұл топқа мынадай үстеулер жатады: ең, әбден, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, тым, нақ, нағыз, нық, әнтек, мүлдем, дәл, керемет, қабағат, мейлінше, сонша, төтенше, жөнсіз, орасан, өрен, аса, өте т. б.
6. Мақсат үстеулері қимылдын максатын білдіреді. Мақсат үстеулері — өзге топтарға қарағанда сан жағынан өте аз топтын бірі. Мысалы, бұларға мынадай сөздер жатады: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана. Бұлардан басқа мақсат үстеулері көбінесе аналитикалық тәсіл арқылы жасалады. Мысалы: кітапқа бола, оқуға бола т. б.
7.Себеп-салдар үстеулері амалдың себебін я салдарын (нәтижесін) білдіреді. Оларға мынадай үстеулер жатады: жоққа, босқа, құр босқа, бекерге, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан. Бұлардан басқа көсемшелердің кайталануы арқылы жасалатын сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т. б. үстеулер көбінесе осы топка жатады.
8.Топтау я саралау үстеулері амалдың және басқа карым-қатынастын бірігу арқылы істелгенін немесе, керісінше, жекеленіп істелетіндігін білдіреді. Бұл үстеулер нешеден? қаншадан? нешеуден? қалай-қалай? сияқтанған сұрауларға жауап береді. Мысалы: екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-бірлеп, он-оннан, қырық-елуден, аз- аздан, көп-көптен, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-алдына, бас-басына, үйді-үйіне т. б .

Үстеу сөздерді морфологиялык құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: 1) негізгі үстеулер 2) туынды үстеулер.


Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз. Негізгі үстеулерге мынадай сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеш, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек.
Қазіргі кезде мүшелеуге келмейтіндіктен ғана, шартты түрде негізгі үстеулер деп атап отырған сөздердін өздерін де іштей екі топка бөлуге болады. Олардың бір тобына әстілі, әуелі, қазір, дәйім, һаман, мүлде, орасан,кілең сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына жататын үстеулерді ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың баска сөздерден шыққандығын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы, ішкері, сыртқары, ұшқары, тысқары деген үстеулер іш, сырт, үш, тыс деген түбірлерден және -қары, -кері деген қосымшалардан кұралған. Әрмен, бермен үстеулерінін әрі, бері сөздерінен және тамам (әрі таман — әрмен, арман; бері таман, бер- мен) шылауынан (соңғы шылаудың өзі де басында мағыналы сөз болған) ыкшамдала бірігуінен пайда болған. Ал, төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты үстеулердің төркіні төте, керек, кері, мейлі дегендер болған.
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз. Құрылысы мен кұрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді:
а)жалаң туынды үстеулер;
ә) күрделі туынды үстеулер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет