Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


-ын, -ін, -сын, -сін косымшалары



бет80/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129
Байланысты:
²³ ?ëå? ò³ë³í³? ñ?çä³ê ??ðàìûíà åíãåí ?çãåð³ñòåð

-ын, -ін, -сын, -сін косымшалары тек біраз сөздерге ғана қосылып үстеу тудырады. Мысалы: қысын, жазын, жасырын, астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін т. б.
II. Күрделі туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер деп екі сөзден я бірігіп, я косарланып жасалған немесе кемі екі я онан да көп сөздерден тіркесіп тұрактаған үстеулерді айтамыз. Осыған қарай, күрделі туынды үстеулер үш түрлі жолмен жасалады.
а) Басқа сөз таптарына тән сөздер бірігудін нәтижесінде үстеулерге айналады. Ондай үстеулер мыналар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні. қыстыгүні, әрқашан, әрдайым, екіншәрі, ендігәрі, түнеугүні, бірталай, әлдеқайда, бірқатар, неғүрлым, әжептәуір, бірқыдыру, әлдекімше, сөйтіп т. б.
ә) Сөздердің косарлануы аркылы туған үстеулер мынадай: әрең-әрең, енді-енді, зорға-зорға; қолма-қол, сөзбе-сөз, көзбе-көз; бет-бетімен, топ-тобымен, лек-легімен; үсті-үстіне, алды-артына, қолды-қолына; бостан-босқа; тектен-текке, турадан-тура; күнде-күнде, жылда-жылда, сөйлей-сөйлей, көре-көре, айтып-айтып; жата-жастана, кие-жара, күліп-ойнап, аунап-қунап; бір-бірлеп.
б) Жазуда бөлек танбаланып, мағына жағынан бір сөз ретінде колданылатын грамматикаланған және идиомаланған тұрақты тіркестер — оларды екі салаға бөлуге болады.
Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленгең «косымшалар» төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді.
Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының, көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады.
а) Барыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер:
зорға,босқа, текке, жатқа, бекерге, әреңге, алға, артқа, ас (т) қа, үс (т) ке, бірге, кешке, ертеңіне, әзірге.
ә) Жатыс септіктің кенеленуінен туған үстеулер:алда, артта, аста, үсте, кейде, әлгіде, жаңада, баяғыда, күнде, түнде, аңдаусызда, абайсызда, қапыда, ілуде, қапелімде, қапылыста, лезде
б) Шығыс септіктің көнеленуінен туған үстеулер:шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төтеден, кеңінен, кенеттен, тосыннан.
в) Көмектес септіктін көнеленуінен туған үстеулер:кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, ретімен, жөні-мен, түйдегімен т. б.
Үстеулер де сөйлемдегі өзге сөздермен белгілі қарым-катынасқа түсіп, қызмет атқарады. Олардың өздеріне тән тиісті синтаксистік қызметтерін тану үшін, біріншіден, үстеулердің сөйлемде қандай мүше болатындығын, екіншіден, үстеулердің қандай сөз таптарымен тіркесетінін, үшіншіден, үстеулердің сөйлемдегі орнын білу қажет.
1. Үстеулер негізінен алғанда сөйлемде әр түрлі пысықтауыш мүше болып кызмет атқарады. Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек амалсыздан тоқтады (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдердегі eртe, амалсыздан үстеулері етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр.
2. Үстеулер, осы жоғарыдағы сияқты, етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды. Мысалы: оның еміс- еміс білетіндері — қызыл балыңтар ғана (Ғ. Сланов) деген сөйлемдегі еміс-еміс үстеуі білетіндері деген етістік формасынан болған бастауышты пысықтап тұр.
3. Үстеулер есімнен болған баяндауышты да пысықтайды, мысалы: Бозбаламын мен де енді (Жамбыл); Бүгінгі колхозшылар шетінен сауатты (Ғ. Мұстафин) деген сөйлемдерде енді үстёуі бозбаламын деген баяндауышты, шетінен үстеуі сауатты деген баяндауышты пысықтап тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет