Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз



бет94/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129
8.Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты талдаңыз 
Жас ақын халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. Өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды . “ Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол жас адамның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді .
Үмітпенен жоқ қуған ,
Талабы алда балаңыз .
Басқалар жоғын тапқанда ,
Біздер қайтіп қаламыз ?
Тәуекелге бел бусақ ,
Көрдегіні аламыз .
Деп халықты сол кезде ояту, білімін жетілдіру және соны әдебиетте көрсету дәстүрін жалғастырды. Мұның басында Абай дәстүрі тұрған еді.
С.Торайғыров 20 жасының өзінде әкелген жаңалығы әлеуметтік теңсіздікті , қазақ халқының қоғамдық өмірінің мешеулігін , ескі ауылды езіп - жанышқан әдет - ғұрып заңдарын айтып қана қоймай, оны сынға алғандығы.
Оған дәлел ретінде әйгілі «Қамар сұлу» романын айта аламыз. Сол негізде феодалдық - патриархалдық салт сананың күйреуін және оны ұға алмай отырған елдің надан мінез - құлқын әшкерелейді.
Жазушы шығармалары арқылы сыншылдық дәстүрді жалғастыра отырып,әдебиетке кейіпкерлердің портретін шынайы бейнелеп көрсету арқылы ақындық үлгіні жаңғыртты.
9. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдықты анықтаңыз
Ұлттық сөз өнерімізге айрықша еңбек сіңірген Ж. Аймауытұлы проза жанрында өнімді істер атқарды. Ең алдымен, шағын жанрдан көлемді романға дейін еңбек етті. Соның ішінде 1916 жыл оқиғасы мен қазақ әйелінің өмір тағдырын арқау еткен – "Қартқожа", "Ақбілек" романдарының алатын орны да, маңызы да зор.
"Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылорда қаласында жарық көріп, онда дүрбелең жылдардағы қазақ өмірі, әлеуметтік-қоғамдық жағдайлар, қыр көріністері, ондағы кедейдің түрмыс-тіршіліктері кеңінен көрсетіледі. Бұл шығармасы арқылы сыншылдық дәстүрді жалғастырды.
Қартқожа бейнесі – бүкіл қазақ кедейінің жиынтық бейнесі. Осы бейненің ішкі тілінде қазақ халқының феодалдық қоғамда көрген зорлық-зомбылығы да, ел билеген, ел басқарған даналығы мен батырлығы да, жаңа заман лебізін сезініп, күресе алатын қадір-қасиетін көреміз.
"Қартқожа" романында ұзақ заман хикаясы баяндалады. Ірі тұлғалар, мықты характерлер, мінез- қүлықтар бар. Ескінің өшіп, жаңаның өсіп келе жатқан заманында күрескерлік дәрежеге көтерілген Қартқожадай қажырлы жанмен танысамыз. Қартқожаның көзқарасындағы, дүние танымындағы үлкен эволюция нанымды дамып отырады. Бұған романның соңғы бөлімінде Қартқожаның – саяси күрескер, қоғам қайраткері ретінде көрінуі дәлел бола алады.
Жазушы қолтаңбасынан өмір-тұрмыстың сырлы суреттері, ой-сөз жүйесінің үйлесім-өрнектері, стиль сұлулығы ерекше серпінмен, шабытпен баяндалады. Алдыңғы дәуірлерде қалыптасқандай, дәстүр жалғастығы ретінде ойды әсерлі ету мақсатында автор –ған жұрнақты есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау тәсілін актив пайдаланған: ел қонбаған жер, соғып кеткен мынау жел, қасірет ойлаған жамандар.
Жазушы игерген әдеби әдіс өзінің стилімен, өзінің тіл өрнегіне қатысты ерекшелігімен тұтас бірлік тауып, шығарманың идеялық, көркемдік сапасын анықтаған жағдайда, сол сапаның белгісі шығарманың мазмұны мен пішінінің жарасымды бірлігі деп қаралған.
Қазақ прозасының қалыптасу тұсында көр- кемдік ойдың даму үдерісіне фольклор мен ауыз əдебиеті дəстүрі үлкен ықпалын тигізді. Еуропа əдебиеттерінде фольклорды пайдалану əдеби тəсіл деңгейінде ғана жүзеге асса, қазақ əдебиетінде фольклор көптеген күрделі функцияларды атқарды.Суреткердің дүниетанымын, дүние қабылдауын бейнелеуде Ж. Аймауытов «Ақбілек» романында көрініс тапты. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты классикалық шығармасы қазақ əдебиетіндегі əйел бейнесін кең түрде жан-жақты ашып, айшықты сомдаған тұңғыш көлемді көркем туынды.
«Ақбілек» романынан ілкі көзге шалынатын Жүсіпбек Аймауытов қаламына тəн бір белгі – ақынжандылықпен кұбылта жазар қалам жүйріктігі. Бұл стиль оның кейінгі жазушылық шеберлігінің айқындауышына айналды десекте болады. Қаламгер ырғақты ұйқас үлгісімен төгіліп түскен жолдар арқылы оқырманды өзіне еріксіз баурай жөнеледі. Мысалы, автор жаңашылдық ретінде арға, уға формаларын жарыстыра қолданған: мықтымсып мүгедекті жеңуге, ағызып арам қанын аузын ашарға деген сынды жолдарда қолданған.
Романның құрылымдық жүйесі Ж. Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі, жаңалығы ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді.
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды. Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры.әйел теңсіздігі.
Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет