Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет14/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Менің киімім. Оқушының кітабы.
Колхоздың жері. Мемлекеттің мүлкі.
2. Ілік жалғаулы сөздер туған-туысқандық, дос-жарлық ұғымда-ғы сөздермен тіркесіп, семьялық, туысқандық, т. с. сияқты қатынас-ты білдіреді.
Менің қарындасым. Ажардың апасы.
Асқардың баласы. Төлеудің қызы.

3. Ілік жалғаулы зат есімдер сол заттарға қатысы бар басқа зат есімдермен тіркесіп, зат пен заттың табиғи байланысын білдіреді.




Ағаштың бұтағы. Қойдың жүні.
Ешкінің сүті. Түйенің терісі.

4. Ілік жалғаулы сөз тәуелдеулі сан есім, есептік ұғымы бар зат есім және сын есімдермен тіркесіп, бөлшектеу, талғау мағыналарын-да да жұмсалады:


а) бөлшектеу: оқушылардың бірі, егіздің сыңары, жиылыс-тағылардың көпшілігі;
ә) т а ң д а у: адамның ақылдысы, агаштың қаттысы, қызылдың қызылы.
Изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің бірінші компоненті жал-ғаусыз айтылған анықтауыш болғанда, олар өз ара әрі қабыса, әрі тәуелдене байланысады. Ондайда ілік септеуі зат пен заттың жоғар-ғыдай меншіктілік, туыстық, табиғи қатынасын білдірмейді, тек зат-тың заттық сапасы ретінде, тәуелдік қатынаста жұмсалады: колхоз-дың малы, колхоз малы сияқты екі түрлі формада айтылатын анықтауыштардың мағынасы бірдей емес, сондықтан мал шаруашы-лығы, колхоз аулы (колхоз аулының бейнесі) сияқты жалғаусыз ай-тылған бірқатар анықтауыштарды малдың шаруашылыгы, колхоз-дың аулы деп жалғаулы етіп айтуға болмайды. Болмайтын себебі — ілік септікті сөз жалғаулы болса, меншіктік қатынасты білдіреді, жалғаусыз болса, заттық сапа ретінде жұмсалады. Оны мына мысал-дан да анық байқауға болады: Лениннің кітапханасы (Лениннің өзі-нің кітапханасы), Ленин кітапханасы (Ленин атындағы кітапхана).
Изафеттік темір пеш, ағаш күрек тәрізді құрылыста және кен байлығы, мал шаруашылығы, радио хабары сияқты құрылыста келе-тін түрлері де — синтаксистік байланыстағы сөз тіркестері. Екеуі де қабыса байланысқан. Жалғаусыз қабыса байланысқан зат есімдер то-бын (қыл арқан, ағаш үй) жалғаулы есімдер тобымен (партия оқуы, совет өкіметі, кен байлығы) салыстырғанда, алдыңғыдан соңғы топтағы сөз тіркестерінің синтаксистік байланысының берік, бір тұтас екенін көреміз. Оның себебі — тіркескен сөздердің соңғысы алдыңғысына тәуелдік жалғауы арқылы да байланысып тұрады. Солай болғандықтан Темір пештің оты лаулап жана бастады деген сөйлемдегі темір сөзін тастап айтуға болады, ал Қазақстанда кен байлығы үлкен орын алады, Коммунист партиясы халқымызды бақытты тұрмысқа жеткізді деген сөйлемдердегі кен байлығы, Коммунист партиясы деген сөз тіркестерін олай ыдыратып, екі сыңарының бірін түсіріп айтуға болмайды.
Изафеттік құрылыстың ілік жалғаулы (Қазақстанның байлығы), ілік. жалғаусыз (кен байлығы) болып келетін екі түрінің айырмашы-
32

лығы да жоғарғыдай. Ол айырмашылықты байқау үшін жоғарғы екі тіркесті бір изафеттік құрылысқа сыйыстырып сөйлем құрайық: Қа-зақстанның кен байлығы мол, Мұнда кен дегеннің тіркесті компоненті —байлығы, Қазақстанның деген сөздің тіркесті компоненті тек байлығы емес, кен байлығы. Сол сияқты, колхоздың мал шаруашылыгы, колхоздың ауыл шаруашылығы дегенде де ілік жалғаулы сөздің (колхоздың) тіркесті тобына енетін сөздер тек шаруашылығы емес — мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы. Бұлай болу себебі соңғы сөздердің мағыналық және синтаксистік берік байланыста екендігінде. Бұларды Кавказдың биік таулары деген тәрізді сөздер тобымен бір деп қарауға болмайды: алдыңғылар бір-бір күрделі сөз тіркесі де, соңғы тәрізділерде екі сөз тіркесі бар: Кавказдың таулары, биік таулары.


Тюркологтардың көбі жоғарғыдай сөздер тобының бірінші сыңа-ры белғілі болса, жалғаулы болады, белгісіз зат болса, жалғаусыз бо-лады деп түсіндіреді, Дұрысында ілік септіктің жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуының белгілі, белгісіздікке қатысы жоқ. Олай болу меншік-тілік (принадлежность) ұғымды ерекше білдірмеумен байланысты: егер тәуелдеулі зат ілік септеуіндегі затқа меншіктеулі болса, соңғы жалғаулы болады, олай болмай, екі заттың бірі екіншісіне заттың сапа ретінде ғана жұмсалса, ол жалғаусыз болады, мыс.: мемлекет-тің мүлкі мемлекет мүлкі, Абайдың аулы Абай аулы, Лениннің библиотекасы Ленин библиотекасы.
Меншіктілік ұғымы айқын сөз тіркестері бар сөйлемдер: Абай ең әуелі... К ү ң к е н і ң уйіне кірді. Оның тамаша к ү л к і с і сыңғырлап шығып… жұрттың бәрін еліктіріп отыр (Әуезов). Сағындықтың қорылы, машиналардың гүрілі, ас ү й д е г і л е р д і ң аяқ т ы қ ы ры солғын есітіліп тұр (Мұстафин).
Меншіктілік ұғымы солғын, тек зат пен заттың тәуелділік ыңғай-
да анықтауыштық қатынасын білдіретін сөз тіркестері бар сөйлем-
дер: Қызыл отау көшін қ а з а қ қызы бастап келеді (Мұстафин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет