Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет28/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Ж а қ с ы н ы ң ісі де жақсы (мақал). Айналада к ө з тоқтар бір қара қалмапты (Мүсірепов). Б а л ы т а м ғ а н жас қамыс, ормасаңшы көктейін (Абай). Ушаковті қоршап а л ғ ан жұмысшылар а й т қ ы с ы келгендерін тыңдата алмай наразы қалып еді (Мүсірепов).

Толықтауыш


Сөйлем құрамында толықтауыштар, көбінесе, тек сөйлемнің ба-яндауышына ғана қатысты болады да, сол баяндауыш білдіретін іс-


61

қимылдың таралатын объектісін, немесе іс-қимылдың әсеріне, ықпа-лына ұшырайтын, не оған жанама қатысты болатын затты (кісіні), құбылысты, т. б. білдіреді, мыс.: Құлыншақ А б а й ғ а қарай түсіп, үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып, бір кезде көк бүйра насыбайын екі танауына құшырлана тартып қойды (Әуезов). Толықтауыш қызметіндегі сөздер: Абайға, шақшасын, тырнағымен, насыбайын, танауына. Осы толықтауыштардың баяндауышпен байланысу тәсілдері әр түрлі, Бірде толықтауыш табыс септікте тұрса (шақшасын, насыбайын), бірде барыс тұлғада (Абайға), немесе көмектес, барыс (тырнағымен, танауына) тұлғасында тұр. Олардың мәні де бірдей емес. Табыс септікті толық - тауыштар (шақшасын, насыбайын) субъектінің іс-әрекетінің таралған, жайылған объектісі ретінде үғынылса, барыс жалғаулы толықтауыш іс жанама бағытталған объектіні (Абайға) білдіреді.


Толықтауыштар мен меңгеруші сөз арасындағы мағыналық қа-тынас, басқа сөз тіркестеріне қарағанда, тығыз болады. Үйткені мең-геруші (толықталушы) сөздің шын мәні толықтауыш арқылы ғана толық ашылып, айқындалады. Мысалы, жоғарғы сөйлемнің бір компонентін талдап көрейік: үлкен сар шақшасын тырнағымен сыртылдата қағып отырып. Сөйлем құрамындағы шақшасын, тырнағымен толықтауыштарының бірін түсіріп, үлкен сар шақша-сын сыртылдата қағып отырып деп, немесе тырнағымен сыртылдата қағып отырып десек, меңгеруші сыртылдата, қағып отырып сөздерінің мағынасы толық ашылмас еді. Алдыңғы вариантта не арқылы сыртылдайтыны белгісіз болып қалады да, соңғысында тырнағымен сыртылдатып отырғаны не екені белгісіз. Сөйтіп, толықтауыш пен толықталатын сөздер арасындағы мағыналық қатынас тығыз болады да, толықтауыш тек іс-әрекеттің объектісі ғана емес, толықталушының мән-мағынасын түсіндіруші, саралаушы да.
Толықтауыштардың меңгеруші сөз білдіретін іс-әрекетке, қимыл- ға қатыстылық дәрежесі мен мағыналары, сондай-ақ сөйлем құрамындағы синтаксистік қызметі бірдей емес. Олардың мұндай синтаксистік және мағыналық ерекшеліктері тұлғалары арқылы көрінеді.
Сабақты етістіктен болған іс-қимылға, әрекетке тікелей қатысты болып, сонымен бір тіркесте ғана ұғынылатын толықтауыштарды тура толықтауыш деп атайды. Тура толықтауыш өзі жетегін-
де айтылатын сөзге мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да бүтіндей тәуелді болады. Оның мән-мағынасы да сонымен бір тіркесте ғана үғынылады. Оның (толықтауыштың) грамматикалық тұлғасы меңгеруші етістіктің лексика-грамматикалық ерекшелігімен айқындалады. Қітапты оқыды, тамақты ішті, баланы жұбатты тәрізді тіркестер құрамындағы кітап, тамақ, бала сөздерінің табыс септікте тұруы меңгеруші оқыды, ішті, жұбатты етістіктерінің лексика-грамматикалық қасиетімен айқындалған. Бұл етістіктердің қайыссы да мәңдеріне лайық нені? деген сұрақты қажет етеді де, бағынышты сөздің табыс жалғауда тұруы керек болады. Сөйтіп, табыс септік тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы болады да, олар сабақты етістіктердің жетегінде айтылады.
Етістіктен болған баяндауышпен не басқа бір мүшемен барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы байланысып, іс-әрекетті қосымша, жанама толықтайтын сөйлем мүшелері жанама толық-тауыш деп аталады. Жанама толықтауыштар меңгеретін мүшемен біршама еркін_байланыска түседі. Тура толықтауыш сияқты, өзі бағынышты, тәуелді бола бермейді. Сонымен қатар, олардың мәндері де сан-салалы, көп қырлы болып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет