Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет29/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Тура толықтауыш. Қазақ тіліндегі тура толықтауыштар меңгеру-
62

ші сөзбен, басқа да түркі тілдеріндегі сияқты, табыс септіктің ашық; және жасырын тұлғасы арқылы байланысады: Біз тарихи с п е к-таклъ қойып жүрген жоқпыз (Ахтанов). П ә л е н ш е н і ұрам деп, түгеншені қырам деп, Таршылықта қайраңдап, кеңшілікте ойрандап, көп батырға қалдыңыз (Абай).


Тура толықтауыштардың табыс септіктің ашық, жасырын тұлға-ларында жұмсалуы жәйлі тюркологияда әр түрлі пікірлер бар. Тюр-кологтардың бірсыпырасы (П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев-т. б.) табыс септіктің ашық, не жасырын келуін белгілілік (определен-ность), белгісіздік (неопределенность) теориясымен байланысты-рады. Олардың айтуынша, әңгіме болып отырған объекті белгілі болса, табыс жалғауы түсірілмейді де, айтылып отырған объекті сөйлеушіге белгісіз болса табыс жалғауы түсіріліп айтылады. Сөйтіп, ол теория бойынша, мен к и і м кидім, мен к и і м д і кидім дегендегі киім сөзінің табыс жалғаулы, не жалғаусыз (жасырын) жұмсалуы сөйлеушіге сол заттың (объектінің) бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты. Дегенмен, тіл фактілері табыс жалғауының ашық, жасырын қолданылу заңдылықтарының заттың сөйлеушіге бұрыннан белгілі, не белгісіз болуына ғана байланысты еместігін дәлелдейді. Қазақ тілінде сөйлеушіге бұрыннан белгілі объекті де табыс жалғауынсыз қолданыла береді. Көптен хабарсыз жолдасымнан хат алдым. Сөйлем құрамында тура толықтауыш қызметіндегі хат сөзінің табыс жалғауынсыз айтылуы әсте белгісіздіктен болмаса керек. Үйткені хабар көптен күтілген, бірақ хат енді ғана келген. Сөйтіп әңгіме болған объекті сөйлеушіге бұрыннан белгілі болса да хат сөзі табыс жалғауынсыз қолданылған.
Табыс жалғауының ашық, не жасырын келуі кейде даралық, жалпылық ұғыммен ұштасып жататын кездері болады. Ол к и і м киді, мен шаш алдырдым. Колхозшылар е г ін орып жатыр. Ба-лалар ағ аш тасыды. Құрылысшылар ү й салды. Оқушылар сабақ оқыды тәрізді сөйлемдер құрамындағы киім, шаш, егін, ағаш, үй, сабақ сөздерінің жалгаусыз қолданылуы, бір жағынан, сол сөздердің жеке, дара затты білдірмей, жалпылық ұғымда қолданылуымен де байланысты. Екінші сөзбен, нақ қай киімді кигені қажет емес, әйтеуір киімді; құрылысшылар нақ қай үйді салғаны қажет емес, әйтеуір үй салып жатыр, т. б. Бірақ бұларды сол заттың сөйлеушіге белгілі, белгісіздігімен байланыстыруға әсте келмейді. Тіл фактілеріне қарағанда, сөз бір өңкей заттардың бәрін емес, солардың бірін білдіру үшін ғана жұмсалса, табыс жалғауының ашық тұлғасында қолданылады. Мысалы, Құрылысшылар ү й д і салып бітірді десек, жалпылық мәнде емес, жекелік мәнде ұғынылар еді де, ү й сөзі табыс жалғауының ашық түрінде келер еді. Дегенмен, кейде жалпылық үғымда қолданылған сөздер де табыс жалғауының ашық тұлғасында келуі мүмкін. Мысалы: Көшкен ел малын айдап, азан-қазан боп жолға түсті. Мал сөзі осы жерде даралық мәнде қолданылған деуге ешбір негіз жоқ, сонда да табыс жалғауының ашық тұлғасында келген. Сірә, мұндай реттер сөзге логикалык, екпіннің түсуімен байланысты болса керек.
Тура толықтауыштың алдында мөлшерлік, не сапалық анықтау-ыштардың келуі де олардың әр уақыт табыс жалғаулы болуының мызғымас шарты бола алмайды. Қар түсіп, мұз қатқан соң да Жан-дыз бойынан бау-бау қ о ғ а шапты (Ахтанов). Ол түгіл, көзі ашық деғен әке-шешенің өзі «бәрекелді, сыйлы қ о н а қ ертіп кепсін» десе құба-құп (Әлімқұлов). Шығарып салуға жиналған қалық топ жапы-рылып поезға ере жүгіріп, манадан бері айтып тауыса алмаған сәлем сөздерін айқайлап қол бұлғайды (Ахтанов). Алдыңғы екі сөйлем құрамындағы тура толықтауыштар табыс
63

жалғауының жасырын түрінде келсе, соңғы сөйлем құрамындағы сондай тура толықтауыш табыс септіктің ашық түрінде қолданыл-ған. Бұған қарағанда, тура толықтауыштың анықтауышпен бір тіркесте қолданылуы, сірә, оның табыс жалғауда болу, болмауының шарты болмаса керек. Оған тағы бір дәлел — алдыңғы екі сөйлем ішіндегі тура толықтауыштарды (бау-бау қоға, сыйлы қонақ) табыс жалғауында қолдануға болар еді (бау-бау қоғаны шапты, сыйлы қонацты ертіп). Сондай-ақ соңғы сөйлем құрамындағы тура толықтауышты анықтауышсыз тауыса алмаған... сөздерін айқайлап түрінде айтуға болар еді. Олай болса, тура толықтауыштардың анықтауыштармен бірге қолданылуы олардың табыс жалғауында ашық, не жасырын келуінің шарты бола алмайды.


Сөйтіп, тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келуі тек қана белгілі-белгісіздікке байланысты болып келе бермейді. Егер, белгілі-белгісіздікті кейде сөздердің даралык, және жалпылық мәнде қолданылу ыңғайында байқалады десек, осы құбылысты (яғни жалғаулы және жалғаусыз қолдануды) түгелдей сол ізбен түсінді-руге болмайтындығы жоғарыда келтірілген фактілерден де көрініп отыр. Тура толықтауыштың мұндай екі түрлі тұлғада қолданысы тілдің әр қилы заңдылықтары мен ерекшеліктеріне барып ұштасады. Олар бірде сөздердің лексика-грамматикалық қасиетіне байланысты болса, бірде сөйлем құрамының интонациялық және грамматикалық ерекшеліктерімен байланысып, соларды ажырата жүйелеп талда-ғанда ғана түсінілуі мүмкін.
Тура толықтауыштардың жалғаулы және жалғаусыз келу жағ-дайларын бас-басына жеке-жеке баяндау қажет бола бермейді. Үйткені егер тура толықтауыштың жалғаулы болып келетін орындарын айкындаса, сонымен қабат оның жалғаусыз келу себептері де ашылады. Екеуін бірдей қарастыру тек қайталауға ұрындырады. Сондықтан тура толықтауыштардың жалғаулы келетін жағдайларына шолу жасау мақұл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет