Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет26/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Үйге барайық үйге таман барайық деген етістікті сөз тіркестері мәндес болғандықтан, бірін екіншісінің орнына айтса да болар еді, бірақ аздап та болса ол тіркестердің айырмашылығы бар: ең алды-мен — үйге барайық пен үйге таман барайық дегендердің мағынасы бірдей емес: алдыңғыда қимылдың жалпы бағыты, бет алысы айтылса, соңғыда ол бет алысты бұрынғысынан дәлдеп көрсеткен. Сол дәлділік үйге сөзінен кейін таман шылауын қойып айтудан болып тұр. Егер бұлардың білдіретін көлемдік мағынасын әлі де түрлендіргіміз келсе, оны үйге дейін, үйге қарай, үйге жуық, үйдің қасына, үйдің маңына дегендей етіп, оларды тиісті етістіктер-мен тіркестірер едік. Сонда сөз тіркестерінің құрамы бұрынғыдай есім және етістіктен ғана құралған болмайды, есім мен етістіктің арасына дейін, таман, қарай, қасына, жуық, маңына тәрізді шылау сөздер қойылады.
Ондайда шылаулар сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті өз ара байланыстырушы аралық дә-некер болады. Етістікті сөз тіркестерін құрауға қатысқан шылаулар — демеулер мен көмекші есімдер.
Демеулер сөз тіркестерінің құрамында өздерінен бұрын айтыла-тын есімдердің белгілі септікте тұруын керек етеді де, сол жете-гімен етістікке бағынады. Оны схемамен көрсетсек, былай болар еді:

_____________


/ /
есім демеу-------------етістік
/___________________/

Демеулер қатысты етістікті сөз тіркестері әр түрлі мағыналық қатынаста жұмсалады. Олардың басты-бастылары мыналар:


1. Көлемдік. Әр түрлі көлемдік мағынада айтылатын ондай сөз тіркесінің құрамында мына демеулер болады: таман, қарай, дейін, шейін, жуық, арқылы.
Жылқылар б а т ы с қ а т а м а н ы ғ ы с т ы (Мұстафин). Абай мен Оспан ө з е н г е қ а р а й б е т т е д і. Қарқаралыдан Ш ы -ғ ы с қ а д е й і н жүретін жол ұзақ (Әуезов). Ағам мені Қоста-найға дейін шығарып с а л д ы (Көбеев). Есіктен т ө р г е ш е й і н жайылған қызыл жібек кілемдер (Әуезов). Бай ү й г е таман келе ж а т т ы (Көбеев), Февралъдың он екісі күні Минск арқылы ол Петроградқа жүріп кетті (Мұқанов).
52

2. Мезгілдік. Етістікті сөз тіркестері кейін, соң, дейін, шейін, бері, сайын, әрі, бұрын, жуық, жақын демеулерінің қатысымен мезгілдік мағынада да көп жұмсалады:


Байжан жұмысын бітіргеннен к е й і н Қызылордаға қ а й т т ы (Мұқанов). К е ш к е дейін жолыға а л м а с п а е к е н с ің? (Фадеев), Қонақтар түске ш е й і н кешегі үйлерінен қозғалған жоқ. Ү ш к ү н н е н б е р і сілбілеген ақ жауын а й ы қ п а й тұр. Абай к ү н сайын бір тамаша әңгіме айтатын болды. Осыдан он күн бұрын жатақтар ортасынан... Базаралы к е л і п т і. Қонақтар т а ң ғ а жуық о я н д ы (Әуезов).
3. М а қ с а т т ы қ. Қ и м ы л д ы ң, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіретін етістікті сөз тіркесінің құрамында, көбінесе, үшін демеуі болады:
Табиғат байлығын м е ң г е р у ү ш і н адам баласы талай қи~ ындықтарды жеңді, Жаңа канал қазылатын өлкені з е р т т е у
ү ш і н Байжан басқарған партия іске к і р і с т і (Мұқанов).
Жоғарыда көрсетілмеген бірге, бетер, әрі, бері, қарсы, туралы, бойы демеулері де етістікті сөз тіркестерін құруға қатысып, түрлі мағынада жұмсалады, мыс.: жазбен бірге келу, жылдағыдан бетер семіру, таудан әрі асу, үш күннен бері күту, жауға қарсы ұмтылу, қысқа қарсы келу, жыл бойы іздену.
Көмекші есімдер ілік септігіндегі сөздермен тәуелдік жалғауында тұрьш байланысады. Олар сол тобымен етістікке бағынып, етістікті сөз тіркесінің құрамында пысықтауыштық қатынаста жұмсалады. Ол үшін көмекші есімдерге тиісті септік жалғаулары (барыс, шығыс, жатыс, көмектес) жалғанады. Ондайда етістікті сөз тіркестері м е - к е н д і к, кейде мезгілдік мағынаны білдіреді. Осындай сөз тіркестерінің құрамында айтылатын көмекші есімдер мыналар: ал-ды, арты, қасы, маңы, жаны, іші, бойы, басы, аузы, жағасы, үсті, сырты т. б.
Лида терезенің а л д ы н д а тұр (Ерғалиев). Құдайберді биік т ө с е к ү с т і н д е ж а т ы р е к е н. Арада үш күн өткенде, Шыңғыс і ш і н е бір суық хабар т а р а д ы. Абай қаршыға салған ү л к е н д е р д і ң қ а с ы н а ө т к е н жазда көп е р і п е д і. Олар о с ы түн ішінде Семей түсеміз деп келе жатты (Әуезов).
53

II. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ,


ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Қай тілдің болмасын синтаксистік категориялары мен морфоло-гиялық категориялары бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болады. Сөз синтаксистік қызметі мен басқа сөздермен арадағы қатынасын сөйлем құрамында ғана көрсетеді. Кейде сөздің лексикалық мағына-сының өзі де сөйлем құрамы арқылы айқындалады.


Сөйлем белгілі бір ой желісін білдіріп, тыңдаушы жұртқа түсі-нікті болу үшін, ондағы сөздер өз ара берік синтаксистік байланыста тұруы тиіс. Сөйлемдік қоршаудағы әр сөз өзіне лайықты орында тұ-руы және жалғау, шылау сияқты дәнекерлік қызмет атқаратын тұл-ғаларды дұрыс қабылдауы керек. Осы талаптар орындалмаса, сөй-лемдегі сөздер өз ара берік байланыса алмайды да, айтылған ой түсініксіз болады. Демек, айту, тыңдау процесі өз мақсатына жете алмайды.
Сөйлем құрамына енген сөздерді өз ара таптастырғанда, оның ролі мен маңызы ескеріледі. Осы тұрғыдан қарағанда, сөйлем мүшелері өз ара тұрлаулы, тұрлаусыз болып екі топқа бөлінеді.


СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ

Сөйлемдегі айтылған ойдың негізі, сөйлемдік құрылыстың ірге тасы — бастауыш пен б а я н д а у ы ш.


Сөйлем аяқталған ойды білдіре отырып, белгілі бір заңдылықпен тізіледі. Ол ойды көрсетуге қажетті бөліктерден, сөз тіркесінен тұра-ды. Осындай бөліктер сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлемдегі аяқталған ой бастауыш пен баяндауыш арқылы беріледі, Ал, сөйлемнің анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш мүшелері бастауыш пен баяндауыш білдірген негізгі ойды тереңдете, кеңейте түседі. Солай болғандықтан да, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері — бастауыш пен баяндауыш — өз ара қиыса байланыса келіп, предикативтік сөз тіркесін құрады. Предикативтік сөз тіркесі сөйлем атаулының негізі, арқауы, желісі болып есептеледі. Б а я н д а у ы ш дегеніміз бастауыштың тура кө-рінісі. Бастауыш пен баяндауыштың қосындысы — сөйлем атаулы-ның негізі, қаңқасы, ұйтқысы. Бірақ бастауыш пен баяндауыш өз ара бара-бар тепе-тең деуге болмайды. Олардың теңдігі диалектикалық
54

теңдік. Өйткені олар белгілі дәрежеде бір-біріне қарама-қарсы. Баян-дауыш бастауышқа бағынады. Бастауыш пен баяндауыш бірлесіп барып айтылған ойды аяқтап тиянақтайды. Сондықтан да олар тұр-лаулы мүшелер тобына жатады.


Бастауыш


Бастауыш — сөйлемнің негізгі, басты, өзекті мүшесі. Ол грамма-тикалық жағынан сөйлемнің басқа мүшелеріне тәуелсіз, бағыныш-сыз болады. Бастауыш — сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі. Ол сөйлемде айтылған ойдың синтаксистік субъектісі. Бастауыш зат есімнен, сын есімнен, сан есім мен есімдіктен жасалады. Есімше мен тұйық рай сияқты етістік тұлғалардан да бастауыш жиі жасала береді.


Бастауыштар құрамындағы сөздің көп-аздығына қарай жалаң, күрделі болып бөлінеді. Қазақ тілінде үйірлі бастауыштар тобы да бар.
Ж а л а ң немесе д а р а бастауыштар бір-ақ сөзден жасалады. Күрделі бастауыш бірнеше сөздер тобынан жасалады. Оның құра-мында ең кемі екі сөз болады. Күрделі бастауыш мына жолдармен жасалады:
1. Кісінің фамилиясы, аты, азамат, жолдас сияқты қосалқы айқындауыштармен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ты-ныбаев А л ғ ы р б а й ж о л д а с домбырамен бірнеше күй орындап берді. А з а м а т Қ а ң т а р б а е в Мақажан жақсы істің бастамасын жасап отыр.
2. Ілік септіктің жасырын түріндегі сөз үшінші жақтык, тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: М е к е-ме б а с т ы ғ ы қызметке келді. А м е р и к а Құрама Ш т а-т ы — империалистік мемлекет.
3. Маңы, іші, жаны, қасы, алды, арты, бойы сияқты көмекші есімдермен тәуелдік жалғаулы сөздер тіркесе келіп күрделі бастауыш жасайды: а у ы л д ы ң маңы. терең сай. Балалар шуы су сепкендей басылды.
4. Жіктеу мен өздік есімдіктері тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: Ол өзі осыны мойындағалы тұр еді. Мен ө з і м де сізден осыны сұрағалы отыр едім.
Бұл жағдайда жіктеу есімдігіндегі ілік септік ашық, не жасырын түрде тұра береді.
5. Бірнеше сөзден құралған күрделі жалқы есімдер күрделі бас-тауыш қызметін атқарады: Қазақ С С Р О қ у министрлігі биылғы жылдың өзінде ондаған жаңа мектеп ашты. К о м - м у н и с т і к партия заманымыздың ақыл-ойы, ар-ұяты, дана көсемі.
6. Субстантивтенген есімдер тобы күрделі бастауыш қызметін ат-қарады: Қ а р а б е с т і бәйгенің алдын бермеді. Күрең қ а с қ а аты тұр екен.
7. Негізгі және көмекші,етістіктер тобы мен есімдер бірлесе келіп күрделі бастауыш болады: К ү л е б е р у ыңғайсыз. О н ы ң а й-т ы п о т ы р ғ а н ы орынды мәселе.
8. Кісі аты, не жіктеу есімдігі жинақтау сан есімдерімен тіркесе келіп, күрделі бастауыш жасайды: А с қ а р е к е у і м і з айтып отырмыз. Б і з үшеуіміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз.
Жоғарыда біз сөз еткеннің бәрі грамматикалық бастауыштар. Оларды тұлғалық бастауыштар десе де болады. Ал, сонымен бірге логикалық бастауыштар да болады. Олар тұлғалық жағынан бастауыш емес, бірақ мағыналық жағынан айтылған ойдың иесі, субъектісі сол,
55

мыс.: М е н і ң мұнда келуіме болмайды. Осы сөйлемдегі бастауыш — менің. Бірақ тұлғалық жағынан ол атау септігінде тұрған жоқ және кім? не? деген сұрауға жауап та бермейді. Дегенмен, сөйлемде-гі ойдың түйіні менің деген сөзде. Ондағы іс-әрекеттің иесі де — менің.


Үйірлі бастауыштың қалыпты жай бастауыштардан басты айыр-машылығы өз ішінен мүшелік жіктерге сараланып бөлінетіндігінде, Олар бастауыштың қызметі мен мағынасына бастауыш роліндегі өз анықталушысының түсіп қалуы арқылы ие болған. Әлі жетпеген ә құдайшыл (Мұстафин).
Бұл мысалда үйірлі бастауышқа анықталушылық қызмет ат-қаратын адам сөзі түсіп қалған. Сондықтан сөйлемдегі субъектілік мән оның үйірлі анықтауышына көшкен. Үйірлі анықтауыштардың осындай орынбасарлық қасиетінің арқасында ғана анықталушы тү-сіп қалады.
Үйірлі бастауышты аяқтап тұрған есімшелер не жалғаусыз, не көптік, тәуелдік жалғауларының бірінде, кейде екеуінде де айтыла-ды. Жиылып тұрғандардың арасында әлі де ашуы қайтпағандары нұқып кетіп жүр (Мүсірепов).
Бастауыш атау тұлғада тұрады деп жоғарыда айттық. Бірақ ол тек бастауыштың ғана тұлғалық көрінісі емес, атау тұлғалы сөз ма-ғынасына, орнына қарай анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жә-не баяндауыш қызметтерін де атқара береді. Солай болғандықтан да бастауыш қазақ тілінде тек сұрақ қою арқылы, басқаша айтқанда, мағыналық жағынан талдау жүргізу арқылы ажыратылады. Бастау-ышты сөйлемде келген баяндауыш арқылы тауып алуға да болады. Баяндауышпен қиыса байланысқан мүше бастауыш болып табылады.

Зат есімнен болған бастауыштар


Бастауыш әсіресе атау тұлғалы зат есімнен жиі жасалады, мыс.: Бабай әбден қартайды: аяқ жүруден, көз көруден, құлақ естуден қалды, т і с мүлде түсіп бітті (Толстой). Енді Б а з а р а л ы іле сөйлей жөнелді (Әуезов). Осы жолды өмірлік Л е н и н бізге тас-таған (Жамбыл). Т а б ы с т ы ң к і л т і партия басшылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет