Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет39/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Осыдан кейін мен Көлқайнарға өзімнің туған жеріме бару-ға қаймығатын болдым. Той жұмыс біткен кезде, я ғ н и январь-дың басында, болуға тиіс.
Бойынша, қарай, қарсы, сай, сәйкес, сияқты т. б. сөздер айқын-дауыштық тіркес құрамында жиі қолданылады: Абай, шешелеріне берген уәдесі бойынша, Бөжей ауылына баруға асығып жүр еді (Әуезов). Олар, қарлығаш балапандары, с и я қ т ы, мойнын соза берді (газеттен).
Айқындауыш өзі анықтайтын сөзіне жаңадан ат береді. Ол анықталушыны кәсібі, мамандығы, жасы, атағы, ұлты т. б. жағынан айқындайды: Менің әкем хирург-дәрігерлердің съезіне қатысты.
С т у д е н т-қ а з а қ т а р орыс тілін зейін қоя табандылықпен үйренуде. К о л х о з ш ы-ш о п а н д а р өз міндеттеріне барынша жауапты қарауда («Соц. Қаз.»).
Айқындауыш жалқы есімнен де, жалпы есімнен де жасала береді: Комсомол Асқаров Калинин атындағы стипендия алады. Пионер Тыныбаев Алғырбай сабақты үздік оқиды («Л. жас» газ.).
Орыс тіліндегі айқындауыш қазақ тіліне аударылғанда, ондағы сөз табы сол қалпында сақтала бермейді. Басқаша айтқанда, орыс тілінде айқындауыш зат есімнен жасалса, ол қазақ тіліне аударыл-ғанда да зат есім күйінде берілуі шарт емес. Оның мағынасы ғана дәл, дұрыс берілсе жеткілікті.
Айқындауыш сөйлемнің барлық мүшесін де айқындай береді, мыс: Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізуге тырысты. Бұл мысалға айқындауыш бастауышты айқындап, оның мағынасын екінші жағынан дәлдеп тұр.
Сіздерге, алдыңғы қатарлы малшыларға, жалынды сәлем! Алма-тыға, бізді күтіп отырған жолдастарға, келу қандай қуанышты! Осындағы бірінші сөйлемде айқындауыш толықтауышты айқындап тұрса, екіншісінде ол пысықтауышты айқындап тұр.
Орыс тілінде сөйлемнің баяндауышын айқындайтын кездері де жиі кездеседі: Алматы Қазақстанның астанасы, әкімшілік орта-лығы.
Орыс тілінде товарищ Иванов, академик Петров, профессор Нико-лаев деген сөз тіркестеріндегі кісі фамилиялары айқындауыш. Олар қазақ тіліне аударылғанда орны ауысып қолданылуы мүмкін: Ива-нов жолдас, Петров академик, Николаев профессор. Мұнда да фами-лиялар — айқындауыш та, жолдас, академик, профессор — анықта-лушы сөздер.
Айқындауышты арнайы сөз ету — сөйлем мүшелеріне тән біраз заңдылықты ашуға себепші болады, сонымен бірге, ол тыныс белгілеріне байланысты мәселені біраз реттеуге де пайдалы.
Айқындауыш анықтауышты айқындағанда онымен предикаттық
81

байланыста тұрады. Біраң айқындауыштың предикаттығы сөйлем шеңберінде екінші орында болады. Бұл жағынан бірінші орында сөйлемнің баяндауышы тұрады.


Айқындауыш құрылысына қарай жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Айқындауыштың сөз тіркесінде салмақты, басым элемент грам-матикалық қатынасты білдіреді, оған бағынышты сөз негізгі лексикалық мағынада айтылады. Ол лексикалық мағынасы жағынан бірінші элемент болса, грамматикалық жағынан олай емес. Грамма –тикалық мағына жағынан бірінші элемент көмекші сөз болып табылады.
Қазіргі қазақ әдеби тілінде жай, жалаң айқындауышқа қарағанда, оның күрделі түрі анағұрлым жиі, басым қолданылады. Оның се-бебі айқындауыштың күрделі түрі айтылмақ ойды дәл және жан-жақты көрсетеді: Біздер, коммунист партиясының мүшелері, пар -тияның XXIII съезінің қарарларын іске асыруда алдыңғы қатарда болайық. Коммунистік партияның туы астында біздер ұлы мақсатқа қарай, елімізде коммунизмнің толық жеңуіне қарай, мықты сеніммен алға баса береміз («Соц. Қаз.» газ.).
Кейде бірнеше айқындауыш қатар, жарысып келе береді. Оларды бірыңғай, кейде сатылы айқындауыштар деуге болады. Мысалы: Ба-ласы, дәл әкесіне тартқан, бірақ одан сәл аласалау, өз орнынан атып тұрды.
Айқындауыш өзі айқындайтын мүшемен берік байланысады. Яғни, айқындалатын мүше қай септік жалғауында тұрса, айқындауыш та сол септікте тұрады. Айқындалатын мүшемен ол жекеше, көпше тұлғада да жақтасады, қиысады.
Айқындауыш мүшелер құрылысына қарай өз ара үш топқа жік- теледі: 1.Қ о с а л қ ы айкындауыш; 2. Қ о с а р л ы айқындауыш;
3. О ң а ш а л а ң ғ а н айқындауш.
Қосалқы айқындауыш зат есімнің қосымша сыны ретінде қолда-нылады. Олар анықтауыштардай анықтайтын сөзбен тікелей, тығыз байланысты болмайды. Тек анықталатын сөздің қосымша сапасын көрсетеді. Солай болғандықтан да, оның орны анықтауыштардай берік болмайды. Оларды анықталатын сөздің артынан алдына шығарғаннан сөйлем мағынасы ешбір өзгермейді: Құрманғазы күйші, Әсет ақын, Біржан сал, Асқар мұғалім.
Қосалқы айқындауыш сөйлемде анықтайтын сөзімен қосылып барып, бір-ак, күрделі мүшенің қызметін атқарады. Олар сөйлемнің келесі мүшесімен айқындауыш арқылы байланысады. Басқаша айт-қанда, грамматикалық қосымшалар соған ғана жалғанады, мыс: Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері
(«Біржан-Сара»). Оң жағында Мырзаш бригадир, сол жағында ¥лбосын комсомолка-бригадир (Ерубаев). Әйел-ана барлық қиын- дықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе? (Мүсірепов). Жақия ақсақалмен дойбы ойнайын деп едім (Иманжанов).
Қосалқы айқындауыштар қызметін қалқам, қарағым, шырағым, жаным, сұлу, батыр, мырза, мерген, ұста сияқты сөздер атқарады. Олар өзі анықтайтын сөзімен бірігіп барып, сөйлемнің күрделі бір-ақ мүшесінің қызметін атқарады: Сейдехан болыс Құрбан ұстаны эуле-тімен осы Шеңгелдіге асырып көшірген (Тоқмағамбетов). Төлеген мырза Қыз Жібекті көрді (фольк.).
Қосарлы айқындауыш деп анықтайтын сөзінен кейін қосақталып тұрып, тіркесе келіп, оның мән-мазмұнын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұратын сөзді айтамыз, мыс.: а у ы л а д а м ы бұл үйді хата-лаборатория деп атайды. (Иманжанов). Оңтүстік жақтағы үлкен барактағы кабинетте стулде, алып-шахта құрылысының началънигі Шектібай отыр (Ерубаев).
82

Сондай-ақ қосарлы айқындауыш болатын тағы біраз сөздер бар. Олар мыналар: инженер-технолог, батыр-ұшқыш, ұшқыш-космонавт, телефон-автомат, Алматы-бірінші т. б. Қосарланған осындай айқындауыштар қазақ тілінің өзіне тән байырғы категориясы емес. Соңғы кезде, өміріміздің, техниканың қарыштап дамуына байланысты орыс тілінің әсері арқылы пайда болған құбылыс. Ол қазір қазак, әдеби тілінің нормасына айналып, одан берік орын теуіп келеді. Бұл — болашағы мол құбылыс. Мұндай айқындауыш мүшелер өзі анықтайтын сөзінен сызықша арқылы бөлініп жазылады.


Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзден кейін тұрып ерекше дауыс ырғағымен, өзгеше екпінмен айтылатын сөзді айтамыз. Ол анықтайтын сөзінің мағынасын дәлдеп, нақтылай түсіндіріп тұрады. Олар өзінен бұрынғы, кейінгі мүшелерден ерекше әуен арқылы бөлініп айтылса, жазуда алды-артынан үтір арқылы бөлініп, оңашаланып жазылады. Не алдынан сызықша, соңынан үтір қойылады.
Оңашаланған мүше белгілі бір ұғымды көтере көрсетіп, оған ой екпінін сала айту керек болғанда, сол сөзден кейін іле-шала келеді, мыс.: Апрелъдің жиырмалары кездерінде, қызыл жұмыртқа , мей-рамының кездерінде, жау жағымен бірінші рет кездестік. Олар, Чапаевшылар, Чапаевпен істес болғандығы үшін, өздерін бақытты деп санайды. (Фурманов).
Оңашаланған айқындауыштар өзі айқындайтын сөзімен тұлғалас, мағына жағынан әуендес, қарайлас болып келеді.
Оңашаланған мүше сөйлемдегі басқа сөздерден екпін арқылы бө-лініп айтылады. Сонымен бірге ол басқа мүшелерден дауыс кідірісі арқылы ажыратылады. Айқындауыш мүшеде сөйлемдегі белгілі сөз-дің қосымша, үстеме мағынасы болады, мыс.: Мен саған өзімше, ко-чегарша, айтайын (Горький). Өзім ұшырған қыраныма, Нұрланыма, жұрт жапқан жалаға мен де сеніп жүр деп қалып па ең (Әбішев).
Оңашаланған айқындауыш қазақ тілінде бұрыннан бар. Ол соңғы кезде, тіпті, молайып кетті. Қазаң тіліне орыс тілінің игілікті әсері осы категориядан да анық көрінеді.
Сөйлем мүшелерінің оңашалануы тілімізде бұрыннан бар. Олар көне түркі жазуларында да жиі кездеседі: Бән сизима кадашыма сизә огланым... «Мен сіздерге, менің жолдастарыма, сіздерге, менің ұлдарыма...» Эшимэ сизэ эшимә.:. «Менің достарыма, сіздерге, менің достарыма...» Мұнда қадашыма, эшимэ сөздері оңашаланып тұр. Бұл оңашаланған мүшенің түркі тілдерінде өте ертеден бар құбылыс екендігін көрсетеді.
Сөйлем мүшелерінің оңашалануы қазақ тілінде де бұрыннан бар. Оны біз оңашаланған айқындауыштың революциядан бұрын басы-лып шыққан нұсқаларда жиі кездесетіндігінен де анық көреміз.
Оңашаланған айқындауыш бағыныңқы сөйлемге азды-көпті ұқ-сайды. Сол себепті, оны орыс тілін зерттеуші ғалымдар А. X. Восто- ков, И. И. Давыдов, Ф. И. Буслаев ықшамдалған бағыныңқы сөилем деп атаған. Осындай көзқарастың айтылуын — түркі тілін зерттеуші ғалымдар тарапынан да байқаймыз. Мысалы, М. Курбангалиев пен X. Хисматуллиннің 1953 жылы басылып шыққан татар тілінің грамматикасында оңашаланған айқындауыш осылай анықталады. Оңашаланған аиқындауыш онда ықщамдалған, к,ысқарған бағыныңқы сөйлем деп қаралады. Бірақ оңашаланған аиқындауыш бағыныңқы сөйлемге ұқсағанымен, онымен бірдей, тең емес. Бағыныңқы сөйлемнің өзіне тән дербес бастауышы болады. Ал, бастауыш оңашаланған айқындауышта болмайды. Оның өзі сол сөйлемнің негізгі бастауышына бағынады.
83

Оңашаланған айқындауыш өзі құрамына енген сөйлемнің бастауышына тән болып айтылады.


Айқындауышты анықтаудың, зерттеп, оның өзіндік белгілерін ашудың грамматиканың басқа мәселесіне де берері мол. Оның сөйлем мүшелері мен тыныс белгілерін зерттеп, айқындауға да келтірер пайдасы зор.
Айқындауыш мүше тіліміздің стилистикалық мүмкіндігінің қа-рыштай дамығандығын көрсететін аса өнімді, жемісті категория.

Пысықтауыш


Көбінесе сөйлем баяндауышына қатысты айтылатын мүшенің бірі — пысықтауыш. Мән-мағынасы тұрғысынан пысықтауыштар анықтауышпен астасып, орайласып жатады, мыс.: сондықтан к е ң і - р е к жайға орналасу керек... Бұл қарт өзге ойаз адамдарынан қазақ ішін ж а қ с ы-а қ біледі (Әуезов). Бұл сөйлемдер құрамын -дағы бірыңғай тұлғалас кеңірек, жақсы-ақ сын есімдері лексикалық мән-мағынасы тұрғысынан орайлас, яғни екеуі де сын-сапаны білдіреді. Бірақ олардың грамматикалық мәндері әсте бірдей емес. Өйткені алдыңғы сөйлемдегі кеңірек сын есімі жай зат есіміне қатысты болып, заттың сынын білдірсе, соңғы сөйлем құрамындағы жақсырақ сөзі етістіктен болған мүшеге қатысты болып, қимыл әрекеттің сынын білдіріп тұр. Сөйтіп, анықтауыш зат сынын білдіріп, есімнен болған мүшеге қатысты айтылады да, пысықтауыш қимыл-әрекет сынын білдіріп, етістіктен болған мүшеге қатысты айтылады.


Пысықтауыштар өздері қатысты мүшені (көбіне етістік баяндау-ыштың) мекен, мезгіл жағынан және де істің істелу амалы, себебі мен мақсаты жағынан пысықтайды.
Әдетте, пысықтауыштар етістік баяндауышқа байланысып, соны пысықтайды деп айтылғанмен, баяндауыш есімнен болғанда оған да қатысты айтылатын кездері болады, мыс.: Бүгін бұл жастар ұлы майданның а л д ы ң ғ ы қ а т а р ы н д а (Бұлқышев). Екеуі ә з і р -ш е өткелсіз е кі ж ағ ад а... К е ш е урядник осы хабарды әкелген екен, бүгін ел іші шапқын. Б иы л Ашысудың толқыны м о л, жайылымы кең көрінеді {Әуезов). Пысықтауыштар есімнен болған баяндауыштардың барлығымен бірдей байланыса бермейді. Көбінесе қимыл-процестік мәні бар сөздерден болған, немесе жатыс жалғаулы есімді тіркестен жасалған есім баяндауыштар ғана пысық-тауыштарды өзіне бағындыра алады. Екінші жағынан, пысықтауыш мүшелердің барлығы бірдей есім баяндауышына қатысты айтыла бермейді. Мезгіл үстеулері мен мезгіл мәнді есімдерден жасалған мезгіл пысықтауыштар ғана жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай есім баяндауышпен байланыста қолданылады. Пысықтауыштардың басқа түрлерінің есім баяндауышқа қатысты айтылуы кездеспейді деуге болады.
Кейде пысыңтауыш сөйлем баяндауышына тікелей қатысты бол-май, өз ара бірі екіншісіне қатысты айтылу арқылы баяндауышпен сатылай байланысады, мыс.: Татар байлары Хамитов, Неғматул-лин, Тухфатуллиндер магазиніне с ә л уақытқа... бас сұғып шыққан еді (Әуезов). Бұл сөйлемдегі сәл уақытқа пысықтауышы бас сүғып дейтін екінші пысықтауыш мүшеге қатысты айтылып барып сөйлем баяндауышымен байланысқан.
Пысықтауыш мүшенің тағы бір ерекшелігі — ол пысықталатын мүшемен сондайлық тығыз байланысты бола бермейді. Логикалық екпін өзіне түскен жағдайда ғана пысықтауыш өзі айқындайтын етіс-тік баяндауыштың нақ алдында тұрады да, қалған реттерде бірде
84

арасына сөз салып, сөйлемнің орта шенінде, бірде сөйлемнің бас ше-нінде, тіпті бастауыштан бұрын да келе береді, мыс.: Мұрат мектепке к е ш е барды. Мұрат к е ш е мектепке барды. К е ш е мектепке Мұрат барды. Осы сөйлемдер құрамындағыдай пысық-тауыштың орнын ауыстырып айта беруге болады. Бір ғана рет логикалық екпін кеше сөзіне түскенде, баяндауыштың тікелей алдында келген. Қалғандарының бәрінде де логикалық екпін пысықтауышқа түспей, басқа сөздерге түскен, соның салдарынан оның орыны да әр қилы өзгере берген. Пысықтауыштардың мұндай «еркіндігі», әрине, сөздің стильдік қолданылу заңдылықтарымен ұштасып, инверсия заңдылығын туғызады. Екінші жағынан, бұл ерекшелік пысықтауыштың өзі пысықтайтын сөзбен байланысының бір шама әлсіздігін, көбіне, грамматикалықтан гөрі мағыналық жағынан ғана ұласып жататындығын дәлелдейді. Сөйлем құрамында бірыңғай пысықтауыштардың жұмсалуы да белгілі бір мағыналық ізбен келеді. Алдымен жалпы, кең мағыналы сөз айтылады да, содан кейін сол мағынаны дәлдейтін, туралайтын, саралайтын сөз қолда-нылады, мыс.: Қ и ы р жайлаудан итарқасы қияннан... «балам абақтыда сарғайып жатыр, аман-жаманын біліп бер» деп кәрі шешесі мені жұмсады (Әуезов).


Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары да әркелкі. Грамматикалық табиғаты мен лексикалық мағынасы жағынан пы-сықтауыш болатын сөздер — үстеулер. Үстеулердің осы қасиеті ең алдымен кейде оларды «сынның сыны» деп айқындауға да негіз болып жүргені мәлім. Сонымен қатар пысықтауыш қызметінде зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары, еліктеуіш сөздер мен көмекші сөзді тіркестер, тағы басқалар да жұмсала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет