Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет42/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

-ғалы, -а (-е, -й) тұлғалы көсемшелер де сөйлем құрамында мезгіл пысықтауыш болады. Бұл қызметте олар, көбінесе, өзіне бағынышты есім сөзбен бір тіркесте қолданылады, мыс.:
Онда, Байжеке, сен сол маңға к ө з байланбай жетіп, жолдың бұрау-бұлтарысы мен талы, қалың бергі жарқабақтың астын байқай берсең қайтеді (Мүсірепов). Қорықтан күн шыға атқа мінейік (Әуезов). К ө з і к е т к е л і жұрттың көбін аяқ басысы-нан, тіпті есік жабысынан, адам көңілін сөз әуенінен танитын (Мұстафин).
Мезгіл пысықтауыш болатын сөздердің үлкен бір тобы — көмек-ші есімді және демеулі түйдекті тіркестер.
Мезгіл пысықтауыш болатын көмекші есімді түйдекті тіркестер, көбінесе, жатыс, шығыс септік жалғауларында тұрады, мыс.: Е т артынан Сүйіндіктің көптен сауғызып отырған қысырларының сары қымызы да келді (Әуезов). Заводты жүргізіп жібер деген Ушаковтың хабары. да осы борандардың а л д ы н д а келді (Мүсірепов). Қадірбай бұл м ә ж і л і с т е р тұсында даңғыл жолға түскендей боп жазылып кетті (Әуезов). Адам қуаныш ү с-т і н д е қайғырып, қайғы ү с т і н д е қуана алмайды (Мүсіре-пов). Бір көңіл аударарлық жәй — осы түйдекті тіркестердің құра-мында. Мезгіл мағынасын беретін мұндай көмекші есімді түйдекті тіркестердің бірінші сыңары болып күй-қалыпты, процесті білдіре-тін сөздер, әлде белгілі мерзімге тән құбылыс аттары ғана жұмсала алады.
Мезгілдік мән туғызып, сөйлем құрамында мезгіл пысықтауыш қызметін атқаратын тіркес жасайтындар, көбінесе, үсті, арты, алды, түсы және таман, жақын (егер мезгіл мағыналы сөздермен тіркессе) көмекші есімдері ғана.
89

Негізгі сөздер мен кейін, бері, бұрын, бастап, соң, сайын демеуле-рінің тіркесі де мезгіл пысықтауыш қызметінде жиі қолданылады. Бұл мәнде аталған демеулермен тіркесетін негізгі сөздер: мезгіл ма-ғыналы зат есімдер (апрельдің он бесіне дейін, сол күннен кейін), құ -былыс пен процесті білдіретін зат есімдер (соғыстан бұрын, айтыстан кейін) -ған есімшелері, -у тұлғалы қимыл есімдері (сөйлеуден бұрын, келген соң), модаль сөздер, т. б.


Сондықтан ат Амантайдың алып ұшқан көңіліне серік болмай, аттаған сайын сүрініп зорға жетті (Мұқанов). Неміс армиясы күн сайын бөгеліске көбірек ұшырап, ілгері аттай алған жоқ; Бірақ әр айқастан кейін бір жағы жеңіске, бір жағы жеңіліске жақындай береді (Мусірепов). Үш бала биыл көктемнен б е р і бір кішілеу қайыққа ие болыпты (Әуезов). Бекітуден бұрын өз ара бір сөйлесерміз, деп Ушаков бір уәде аңғартып қалды (Мүсірепов).
Көмекші есімдермен, демеулермен келген түйдекті тіркестер жа-нама толықтауыш, немесе мекен пысықтауыш қызметтерінде де жұмсалуы мүмкін. Олардың мұндай функциялық әр қилылығы, көбінесе, олармен тіркесетін негізгі сөздердің мағыналарына байланысты болады. Егер көмекші есім, не демеу конкретті зат атауларымен, немесе мекен-көлемдік мәні бар сөздермен бір тіркесте жұмсалса, онда не жанама толықтауыш, немесе мекен пысықтауыш мүшелердің бірі болыл қолданылар еді.

Мекен пысықтауыш


Мекен пысықтауыш іс-қимылдың бағытталған мекенін, шығар жерін, тірелер пунктін білдіреді.


Мекен пысықтауыш қызметінде қолданылатын арнаулы сөздер мекен үстеулері: кейін, әрі, әріде, жоғары, төмен, алдан, артта(н), үске, іште, әлдеқайдан, тысқары, осында, сонда, мұнда, т. б. Мысалдар: Дәл шаңқай түс кезінде Қүнанбай шарт киініп, Байсал, Майбасарды ертіп тысқа шығып... (Әуезов). Аяңдап кеткенде алдымызда отыратын Семен Зонин еңбектегенде ең артта қалды (Мүсірепов). Ж о ғ а р ы, т ө м е н үйрек-қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Полк і л г е р і жүріп кетті (Мүсірепов).
Мекен пысықтауыш қызметінде, сонымен бірге, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларында тұрған есім сөздер де жұмсалады, мыс.: 1944 жылдың 24 февралі күні штабқа ишқырып алып,... Қызыл жұлдыз орденін табыс етті... 1954 жылы Самар-қанд қаласында тері аурулары жөнінен кандидаттық диссерта-ция қорғайды... Конференцияға Қазақстаннан бес делегат қатысты (газеттен). Тағы бір кезде Ғабитхан әдейілеп тұрып Қ арашоқыға,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет