5. Микрокристаллоскопиялық реакция. Құрамында нитрат ионы NO3- бар ерітіндінің бір тамшысына 5% сірке қышқылындағы 10% нитрон C20H16N4 ерітіндісінің тамшысымен әсер ету керек. Нәтижесінде нитрат нитронға тән ине шоғырлары пайда болады.
Тәжірибе жүргізудің шарттары: 1) реакцияның жүруіне нитрит және йодид-иондары NO2-,I-, кедергі келтіреді, себебі олар да кристалды тұнбалар түзеді.
2) реакцияны жүргізу үшін жаңадан дайындалған нитрон ерітіндісі қажет.