Бірінші топ аниондарына сынақ.
2-3 тамшы бейтарап немесе әлсіз сілтілік ерітіндіге барий хлоридінің 2 тамшысын қосады. Тұнба тұзілсе онда бірінші топ аниондарының бар бол-ғаны.
Екінші топ аниондарына сынақ.
Зерттелінетін ерітіндінің 2 тамшысына азот қышқылының 2н еpiтiндісінен 2 тамшы тамызып қышқылдандырады және бір тамшы күміс ниратымен әсер етіңдер. Тұнба түзілсе екінші топ аниондарының бар болғаны.
Үшінші топ аниондарына сынақ.
Егер бірінші және екінші топ аниондарын анықтау кезінде, тұнбалар түс-песе, онда үшінші топ аниондары болуы мүмкін.
Суда ерімейтін заттарды анализдеу әдісі
Ерігіштік кестесі бойынша қорытынды жасау керек. Зерттейтін ерітіндіде бірінші топ катиондары жоқ, себебі олардың тұздары ериді. Анықтайтын заттың түйіршігіне 2н тұз қышқылын қосып қыздырыңыз. Басқа түйіршігін концентрленген азот немесе тұз қышқылымен өңдеп, сорғыш шкаф (тяга) ішінде қыздырыңыз.
Егер осы кезде зат еріп кетсе, артық мөлшердегі қышқыл кеткенше қыз-дырып, кептіреді. Қалдықты тұз қышқылымен қышқылдандырылған суда қыздыра отырып ерітеді. Қышқылда затты еріткенде мынадай газдардың бөлінуіне көңіл бөлу қажет (СО2, SО2,H2S), яғни СО32-, SО32, S2- анионда-рының болуы мүмкін.
Сәйкес келетін еріткішті анықтағаннан кейін, суда еритін затты анықтау үлгісі бойынша анализдеуге кірісіңіз. Бұл кезде мынадай жағдайды ескеру қажет, алынған ерітінді қышқылдық болғандықтан, оны бейтараптандыру қажет. Зерттелінетін зат тұз қышқылында еритін болса, ерітіндіде Pb2+, [Hg2]2+ және Ag+ катиондарының жоқ болғаны, ал егер күкірт қышқылында ерісе, онда үшінші топ катиондары жоқ деп санауға болады. Зерттелінетін зат қышқылдарда еріткен кезде газ бөлінсе, онда зат ұшқыш қышқылдардың тұздарынан тұрады.
Зерттелінетін затыңыз суда, қышқылда және патша арағында ерімейтін болса, онда ол күмістің галоген қосылыстары: AgCl, AgBr, AgJ және екінші топ катиондарының сульфаттары болуы мүмкін: BaSО4,SrSО4, CaSО4,PbSО4
Қорғасын сульфатының epyi (PbSО4).
Анықталынатын затқа көп мөлшердегі натрий гидроксидін қосады. Алын-ған ерітіндіге Pb2+ катионына тән сапалық реакциялар жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |