1.NaOH, КОН әсері Sn2+тұзы ерітіндісіне сілтілік металл ерітінділерімен әсер еткенде ақ түстіSn(OH)2тұнбасы түзіледі: SnCl 2 + 2NаOH → Sn(OH)2↓ + 2NаCl Sn2+ + 2ОH- → Sn(OH)2↓ Қалайы гидроксиді Sn(OH)2↓амфотерлі қасиет көрсететіндіктен қыш-қылдарда және сілтілердің артық мөлшерінде ериді. Сілтілердің артық мөл-шерінде ерігенде станиттер түзіледі: Sn(OH)2↓+ 2NаOH → Nа2SnO2 + 2Н2O Sn(OH)2↓+ 2OН- → SnO22- + 2Н2O Sn(OH)2↓ + 2HCl → SnCl2 + 2H2O Sn(OH)2↓+ 2H- → Sn2+ + 2H2O Тәжірибе: SnC12 ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2н NаOH немесе КОН тамшылатып қосып, ақ тұнбаның түзілгенін және тұнбаны екіге бөліп, бірін-шісіне 2н NаOH, екіншісіне 2н HC1 ерітіндісін қосып, тұнбаның ерігенін байқау керек. 2. Аммиак ерітіндісі Sn2+ катионымен әрекеттесіп Sn(OH)2 қалайы гид-роксидінің ақ тұнбасын түзеді, реагенттің артық мөлшерінде ерімейді:
SnCl2 + 2NH4OH → Sn(OH)2↓ + 2NH4Cl Sn2+ + 2NH4OH → Sn(OH)2↓ + 2NH4+ Тәжірибе: 2 тамшы қалайы тұзының ерітіндісіне 2н NH4OH ерітіндісін тамшылатып қосып тұнбаның түзілгенін бақылау керек.
3. Натрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері Қалайы катионы натрий гидрофосфатымен әрекеттескенде ақ түсті қалайы фосфатын түзеді: 3SnCl2 + 2Na2HPO4 →Sn3(PO4)2↓ + 2HCl + 4NaCl 3Sn2+ + 2HPO42- → Sn3(PO4)2↓ + 2H+ Түзілген Sn3(PО4)2↓ минерал қышқылдарда (HC1, HNO3, H2SO4), сірке қышқылында және сілтілерде ериді, сондықтан реакция ортасы бейтарап болуы тиіс. Тәжірибе:1-2 тамшы SnCl2 ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий гидрофосфаты ерітіндісін қосып, ақ түсті тұнбаның түзілгенін байқау керек. 4. Висмут нитратының Bi(NO3)3әсері Sn2+ катионымен висмут немесе сынап тұздарын тотықсыздандыру.
Sn2+ катионы бар ерітіндіге аз ғана висмут нитраты ерітіндісін немесе сынап хлоридін қосса, қара барқыт тұнба түседі, бұл жағдайда висмут немесе сынап элементтері металл түрінде бөлініп шығады:
SnCl2 + 4КОН → K2SnО2 + 2КСl + 2Н2О Sn2+ + 4ОН-→SnО22- + 2H2О 3K2SnО2 + 2Bi(NO3)3 + 6KOH → 2Bi↓ + 3K2SnО3 + 6KNО3 + 3H2О 2Bi3+ + 3SnО22- +6ОH- → 2Bi↓ + 3SnО32- + 3H2О HgCl2 + K2SnO2 + 2KOH → Hg↓ + K2SnО3 + 2KC1 + H2О Hg2+ + SnO22- + 2ОH-→ Hg↓ + SnO32- + Н2О Тәжірибе: 2 тамшы SnCl2 ерітіндісіне бастапқыда түзілген тұнбаSn(OH)2↓ ерігінше (8-10 тамшы) 2н NaOHтамшылатып қосады, түзілген станит ерітін-дісіне 1 тамшы висмут нитратын қосып қара түсті тұнбаның түзілгенін бай-қау керек. Реакцияның жүру жағдайлары: 1) aнықтайтын ерітіндіге натрий гидроксидін Na2SnО2 түскенге дейін қосу керек;
2) егер анықтайтын ерітіндінің құрамында Sb2+ ионы болса, онда Sn2+ катионын анилин қатысында анықтау керек.
5. Сынап (ІІ) хлоридініңHgCl2 әсері SnCl2 ерітіндісіне сынап (ІІ) тұзының ерітіндісін қосқанда біртіндеп қара түсті бос сынапқа (Hg↓) дейін тотықсызданатын ақ түсті (Hg2Cl2) тұнбасы түзіледі:
SnCl2 + 2HgCl2 → SnCl4+ Hg2Cl2↓ Hg2Cl2↓ + SnCl2 → SnCl4 + Hg↓ Тәжірибе: 2-3 тамшы SnCl2 ерітіндісіне 1 тамшы HgCl2ерітіндісін қосады, біртіндеп қараятын ақ түсті Hg2Cl2 тұнбаның түзілгенін байқауға болады. 6. Күкіртті сутегі суы Sn2+ катионымен қышқылдық ортада қара-қоңыр түсті қалайы сульфидінің тұнбасын SnS береді:
SnCl2 + H2S → SnS↓ + 2HCl Sn 2+ + H2S → SnS↓ + 2H+ Тәжірибе:2-3тамшы SnCl2 ерітіндісіне 2-3 тамшы натрий сульфидінің Na2S (немесе (NH4)2S, H2S) ерітіндісін қосқанда қоңыр түсті SnS тұнбасы түзіледі.
Sn4+ катионының сапалық реакциялары
1. NaOH, КОН әсері Sn4+тұзы ерітіндісіне сілтілік металл ерітінділерімен әсер еткенде ақ түсті Sn(OH)4 тұнбасы түзіледі:
H2[SnCl6] + 4NаOH → Sn(OH)4↓+ 4NаCl + 2HCl [SnCl6]2- + 4OН- → Sn(OH)4↓ + 6Сl- Қалайы гидроксиді Sn(OH)4↓амфотерлі қасиет көрсетеді, қышқылдарда және сілтілердің артық мөлшерінде ериді. Сілтілердің артық мөлшерінде ерігенде станиттер түзеді:
Sn(OH)4↓+ 2NaOH → Na2SnO3 + 3H2O Sn(OH)4↓+ 2OH-→ SnO32- + 3H2O Sn(OH)4↓ + 6HCl → H2[SnCl6] + 4H2O
Sn(OH)4-ті тағы да α-қалайы қышқылы деп те атайды, яғни H2SnO3∙H2O түрінде жазуға болады. Көп уақыт сақталып қойса α-қалайы қышқылы "кәртейіп" β-қалайы қышқылына H2SnO3 ауысады, ол сілтілерде және хлорсутек қышқылында ерімейді.
Тәжірибе: H2[SnCl6] ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2н NaOH ерітіндісін тамшылатып қосып, ақ тұнбаның түзілгенін бақылау керек. Тұнбаны екіге бөліп, біріншісіне 2н NaOH, екіншісіне 2н HCl ерітіндісін қосып, тұнбаның ерігенін байқау керек. 2. Қалайының (IV) қалайы (II) дейін тотықсыздануы Металдық магний және темір Sn4+ катионын Sn2+ катионына дейін тотықсыздандырады:
[SnCl6]2- + Mg0 → [SnCl4]2- + Mg2+ + 2Сl- [SnCl6]2- + Fe0 → [SnCl4]2- + Fe2+ + 2Сl- [SnCl6]2- ионы реакция барысында түзіледі:
Sn4+ + 6Сl- → [SnCl6]2- немесе [SnCl4]2- + Cl-→ [SnCl6]2-
Тәжірибе:H2[SnCl6] ерітіндісінің 4-5 тамшысына 2 тамшы концентрленген тұз қышкылын қосады және магний немесе темірдің 2 түйіршігін салып 3-4 минут су моншасында қыздырады. Sn2+ ионының түзілгенін арнайы реакция-ларымен тексереді, ол үшін алынған ерітіндіге 7-8 тамшы сілті ерітіндісін қосады, центрифугамен тұнбаны ерітіндіден бөледі, ерітіндінің (SnО22-) 2-3 тамшысына Bi(NО3)3 ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосып, қара тұнба Ві↓ түзілгенін байқайды. 3. Күкіртті сутегі H2S Sn4+ ионымен сары түсті қалайы сульфидінің SnS2 тұнбасын түзеді:
H2[SnCl6] + 2H2S → SnS2↓ + 6HCl [SnCl6]2- + 2S2- → SnS2↓ + 6Сl- SnS2 тұнбасының SnS тұнбасынан ерекшелігі - аммоний сульфидінің (NH4)2S артық мөлшерінде еріп, тиотұздар түзеді:
SnS2 + (NH4)2S → (NH4)2SnS3 Сондықтан Sn (IV) тұзының қышқыл ерітінділеріне натрий немесе аммоний сульфидтерімен әсер еткенде тұнба түзілмей жатады.
Тәжірибе: 3 - 4 тамшы Sn (IV) тұзының ерітіндісіне тамшылатып тұнба түзілгенше күкіртті сутегін қосады. Қалайы (IV) сульфидінің SnS2 сары түсті тұнбасы түзіледі. Натрий және аммоний сульфидтеріндегі ерігіштігін тексеру керек.