Катиондарды анықтау. Ерітіндіде қандай аналитикалық топ катиондары бар екенін олардың топтық реагенттері арқылы жеке анализ жасап анықтайды.
Бірінші топ катиондарына сынақ. Зерттелінетін ерітіндіндідің 3-4 тамшысына 2-3 тамшы натрий карбонатын тамызады. Егер тұнба түспесе ерітіндіде тек қана бірінші топ катиондары болуы мүмкін. Оларды жеке сапалық реакциялары арқылы анықтайды.
Екінші топ катиондарына сынақ. Зерттейтін ерітіндіге Na3CО3 натрий карбонатымен әсер еткенде тұнба түзілсе, таза ерітіндіден 10-12 тамшы алып, 2н тұз қышқылының 2-3 там-шысын тамызады. Егер тұнба түсе бастаса, оның толық түсуі үшін тағы да тұз қышқылын қосады. Центрифугаттап тұнбаны бөліп алып, тұнбаны жуып, оның құрамынан екінші топ катиондарын анықтайды.
Үшінші топ катиондарына сынақ. Зерттейтін ерітіндінің 2-3 тамшысына сондай көлемде 2н күкірт қышқылын тамызып, қыздырады. Тұнба түзілсе үшінші топ катиондарының бар болғаны, содан соң оларға тән сапалық реакциялары арқылы анықтайды.
Төртінші топ катиондарына сынақ. Егер тұз және күкірт қышқылдары әсерінен тұнба түспесе, зерттелінетін ерітіндінің 2-3 тамшысына көп мөлшерде (5-6 тамшы) натрий гидроксидін қосады. Алғашқы кезде түзілген тұнбанын еруі төртінші топ катиондарының бар екенін дәлелдейді.
Бесінші тон катиондарына сынақ. Егер натрий гидроксидімен көп мөлшерде әсер еткенде тұнба ерімесе, бесінші топ катиондарының бар болғаны.
Алтыншы топ катиондарына сынақ. Зерттелінетін ерітіндіге көп мөлшерде аммиак ерітіндісімен әсер еткенде, тұнба ерісе алтыншы топ катиондарының бар болғаны. Әрқайсысына тән сапалық реакциялары арқылы анықтау керек.
Аниондарды анықтау. Катиондарды анықтау зерттеулері, анионның анықталуына үлкен әсерін тигізеді. Ерігіштік кестесін пайдалана отырып, зерттелетін ерітіндідегі анионды болжап айтуға болады. Мысалы: егер тұз суда жақсы еpice, бейта-рап сулы ерітіндіде Ва2+катионы анықталса, онда бұл ерітіндіде, SО42-, СО32-, SО32- аниондары болмайды. Алдын-ала топтық реагенттер арқылы қандай топ аниондары бар екенін анықтау керек. Катион және анионның әсерінен анық-тау әдістері әртүрлі болуы мүмкін.
Мысалы: сулы ерітіндісі бейтараптық қасиет көрсетсе, жеке байқау арқы-лы тұз қышқылымен әсер еткенде тұнба тұзілсе, ол ыстық суда ерісе, ерітін-діде Pb2+ катионы бар деп айтуға болады. Рb2+катионын калий йодиді КJ арқылы тексереді. Содан кейін аниондарды анықтайды. Ол тек қана үшінші топ анионы болуы мүмкін, себебі сол аниондар ғана Pb2+ катионымен суда еритін тұз түзеді.