Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет18/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

2. Гидроксидтер КОН, NaOH сынап (І) [Hg2]2+ катионымен әрекеттескенде қара түсті Hg2О тұнбасын түзеді:
Hg2(NО3)2 + 2NaOH → Hg2О↓+ 2NaNО3 + H2О
[Hg2]2+ + 2ОH-→ Hg2О↓+ H2О
Тәжірибе: Сынап (І) нитратының 1-2 тамшысына 1-2 тамшы NaOH ерітіндісін қосады, сонда қара Hg2О тұнбасы түзіледі.
3. Аммиак ерітіндісі NH4OH
Сынап (І) тұздарына аммоний гидроксидін қосқанда қара түсті тұнба түзі-леді:


Тәжірибе: Сынап (І) тұзының 1-2 тамшысына сондай көлемде аммиак ерітіндісін қосады, тұнбаның түзілгендігін байқауға болады.
4. K2CrO4 калий хроматы сынап (І) [Hg2]2+ катионымен қызыл Hg2CrO4 тұнбасын береді және ол гидроксидтерде, сұйытылған азот қышқылында ерімейді:
Hg2(NO3)2 + К2СrО4 Hg2CrO4 + 2KNO3
[Hg2]2+ + СrО42- Hg2CrO4
Тәжірибе: Сынап (І) тұздарының 1-2 тамшысына сондай көлемде калий хроматы ерітіндісін қосады, қызыл түсті тұнбаның түзілгенін бақылауға болады.
Тәжірибенің жүру жағдайы:
1) реакцияның жүруіне иондары кедергі келтіреді.
5. КJ сынап (І) тұздарымен жасыл түсті сынап йодиді Hg2J2↓ тұнбасын түзеді, ол қызыл-сары HgJ2↓ тұнбасы мен қара түсті бос сынапқа ыдырайды. HgJ2↓ тұнбасы реактивтің артық мөлшерінде еріп комплексті қосылысқа өтеді:



Тәжірибе: Сынап (І) нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына сондай көлемде калий йодидін қосып, жасыл түсті тұнбаның түзілгенін байқауға болады, КІ артық мөлшерде қосса ерітіндінің түсі өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет