Pb2+катионының сапалық реакциялары 1. Топтық реагентімен HCl қорғасын ионы салқын суда және сұйытылған қышқылда өте нашар еритін тұнба түзеді:
Тұз қышқылын НСl белгілі мөлшерде ғана қосу қажет, себебі тұз қыш-қылының артық мөлшерінде еритін комплексті қосылыс түзіледі:
PbCl2 + HCl → H[PbCl3] Қорғасын хлоридінің тұнбасы ыстық суда еріп кетеді, салқындатқанда жылтыр ине тәрізді болып қорғасын хлориді қайта түзеледі
Тәжірибе: Қорғасын нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы НСl ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі. Түзілген тұнбаға артық мөлшерде НСl ерітіндісін қосса тұнба еріп кетеді.
Тәжірибенің жүру жағдайы: 1) қорғасын хлориді суда аздап еритіндіктен (әсіресе ыстық суда жақсы ериді) қорғасын ионы хлорид ионмен толық тұнбаға түспейді. Қорғасынның ыстық суда ерігіш қасиетін ІІ топ катиондарының қоспасының анализінде пайдалануға болады.
2. КОН және NaOH калий және натрий гидроксидтері Pb2+ катионымен ақ түсті Pb(OH)2↓ тұнбасын береді, ол қышқылдарда жақсы ериді және гид-роксидтің артық мөлшерінде еріп плюмбиттер түзеді:
+ → ↓ +
+→
Тәжірибе: Қорғасын нитраты ерітіндісінің 3–4 тамшысына 1–2 тамшы сілті ерітіндісін қосқанда тұнба түзіледі. Түзілген тұнбаны екіге бөліп, біріншісіне азот қышқылын, екіншісіне сілті ерітіндісін қосып тұнбаның еруін бақылайды.
3. H2SО4және сульфаттар Pb2+ катионымен ақ түсті PbSО4 тұнбасын түзеді:
Қорғасын сульфатын сілті ерітінділерімен қыздырғанда плюмбиттер түзіледі:
+ →+ +
+ → +
PbSО4концентрлі күкірт қышқылында және де 30% аммоний ацетатында ериді:
↓ + → +
Азот қышқылы және тұз қышқылы PbSО4ерігіштігін арттырады, Н+ ионы SО42- - ионымен байланысып HSО4- анионын түзеді:
PbSO4 + H+→ Pb(HSO4)2 HNO3 → Н++ NO3- + SO42- → Тәжірибе: Қорғасын нитраты ерітіндісінің 2-3 тамшысына 3-4 тамшы күкірт қышқылы ерітіндісін қосып тұнбаның түзілуін бақылайды, түзілген тұнбаның қасиеттерін зерттейді.
Тәжірибенің жүру жағдайы: 1) реакцияның ортасы рН < 7 кіші болуы керек, сілтілік ортада қорғасын гидроксиді түрінде тұнбаға түсіп кетеді;
2) реакцияның жүруіне сульфат түрінде тұнбаға түсетін иондар кедергі келтіреді.