6. Қалайы (ІІ) хлоридінің әсері Hg (I) тұзының 1 тамшы ерітіндісіне 2-3 тамшы жаңадан дайындалған SnCl2 ерітіндісімен әсер еткенде ақ тұнба түзіледі, біраз тұрғаннан кейін қарайып [Hg2]2+ ионы металдық сынапқа дейін тотықсызданады:
Тәжірибе: Сынап (І) нитраты ерітіндісінің 2 тамшысына 2 тамшы жаңа дайындалған ерітіндісін қосады, біртіндеп қараятын ақ түсті тұнба каломель түзіледі.
Тәжірибенің жүру жағдайы: 1) реакцияның жүруіне сынаптың (ІІ) тұзы кедергі келтіреді.
7. [Hg2]2+ -ионының бос сынапқа Hg дейін тотықсыздануы
Тәжірибе: Мыс пластинкасына Hg (I) тұзының ерітіндісін тамызып, қал-дырып қою керек. Бірнеше минуттан кейін пластинкада сұр дақ – металл күйіндегі бос сынап пайда болады. Пластинканы сумен жуып және дақты мақтамен немесе фильтр қағазымен сүрткенде жылтырайды:
Hg2(NО3)2 + Cu → Cu(NO3)2 + 2Hg↓ Тәжірибені жүргізу жағдайлары: 1) мыс пластинканы зімпарамен немесе егеу қағазбен тазарту керек.
2) күшті тотықтырғыштар реакцияның жүруіне кедергі келтіреді.
3) реакция кезінде тотықсыздандырғыштардың болмауы тиіс.
8. Дифенилкарбазон[Hg2]2+ катиондарымен сия көк және көк түсті қосылыс түзеді.
Тәжірибе: Заттық шыныға зерттелетін ерітіндіні тамызып, оған 2% азот қышқылын және дифенилкарбазон қосқанда тамшы көк немесе сия көк түске боялады. Мұндай түске Hg(ІІ) катионы және CrО42- ионы да боялады.
Тәжірибенің жасалу шарттары: 1) Hg2+ катионы және СrО42- анионының болмауы шарт.
2) Сu2+, Fe2+, Fe3+, Cr3+, Со2+ катиондары бейтарап және сірке қышқылы ерітінділерінде боялған қосылыс береді.