Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет48/124
Дата18.12.2022
өлшемі1,38 Mb.
#57962
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124
Байланысты:
Сапалық анализ. Лаб. (1)

б) Натрий висмутатымен тотықтыру:
Мn2+ катионын натрий висматымен азот қышқылы қатысында тотықты-рады:
2Mn(NО3)2 + 5NaBiО3+16HNО3 2HMnО4+ 5Bi(NО3)3+ 5NaNО3+ 7H2О
2Мn2+ + 5NaВiO3 + 14H+ 2МnO4- + 5Ві3+ + 5Na+ + 7Н2O


Тәжірибе: 3-4 тамшы 6н (немесе концентрлі) HNО3 ерітіндісіне натрий висмутатының бірнеше түйіршігін және 2-3 тамшы 0,1н AgNО3 ерітіндісін (Ag+ ионы катализатор) қосып шыны таяқшамен араластырады да, оған 1-2 тамшы немесе тұзының ерітіндісін қосқанда ерітінді күлгін (малина) түске боялады.
5. Сульфид-иондарының әсері
Мn2+ катионы сульфид-иондарымен адам терісінің түсіне ұқсас ашық қоңыр түсті марганец сульфидін түзеді:
Mn(NO3)2 + (NH4)2S → MnS + 2NH4NO3
Тәжірибе: 3-4 тамшы марганец (ІІ) тұзының ерітіндісіне 1-2 тамшы натрий немесе аммоний сульфидінің ерітіндісін қосқанда, қоңыр-күлгін марганец сульфидінің тұнбасы түзіледі.
6. Күміс аммиакатымен [Ag(NH3)2]+ әрекеттесіп қара-қоңыр түсті метал-дық күміс және MnO(OH)2↓ қоспасын түзеді:
Mn2++2[Ag(NH3)2]++2OH-+3H2O MnO(OH)2↓+2Ag+2NH4++2NH4OH


Тәжірибе: 3 тамшы Мn2+ катионы тұзының ерітіндісіне сонша тамшы күміс аммиакатының ерітіндісін қосқанда, қара-қоңыр түсті тұнба пайда болады. Осы реакцияны сүзгі қағазында да жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет