4. Күкірттісутегінің H2S әсері Күкірттісутегінің әсерінен висмут (ІІІ) ионы қара-коңыр түсті Bi2S3 вис-мут сульфидін түзеді:
2ВіСl3 + 3H2S → Bi2S3↓ + 6HCl 2Bi3+ + 3H2S → Bi2S3↓+ 6H+ Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 4-5 тамшысына 1-2 тамшы 2н НС1 ерітіндісін қосып, күкіртсутегін жібереді. Тұнбаның түзілгенін бақылайды (реакция сорғыш шкафта орындалады.)
Висмут сульфиді сұйылтылған НСl, H2SO4 ерітінділерінде ерімейді, 2н HNO3 ерітіндісінде ериді:
Bi2S3↓ + 8HNO3 → 2Bi(NО3)3 + 3S↓ + 2NO↑ + 4Н2О Висмут сульфиді Bi2S3 тиотұздар түзбейді.
5. Hатрий гидрофосфатының Na2HPO4 әсері Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісі натрий гидрофосфатымен әрекеттескенде ақ түсті висмут фосфаты түзіледі:
ВіСl3 + Na2HPО4 → BiPO4↓+ 2NaCl + HCl Bi3+ + HPO42- → ВіРО4↓ + H+ Түзілген BiPO4↓тұнбасы сұйылтылған HNO3, СН3СООН ерітінділерінде ерімейді, концентрлі HCl ерітіндісінде ериді.
Тәжірибе: Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша Na2HPО4 ерітіндісін қосады, тұнба түзілгенін бақылайды.
6. Калий йодидінің KJ әсері Калий йодиді концентрлі висмут (ІІІ) иондары ерітінділерімен әрекеттес-кенде қара түсті BiJ3 тұнбасын түзеді:
BiCl3 + 3KJ → BiJ3↓ + 3KCl Тұнба реагенттің артық мөлшерінде ериді, нәтижесінде тетрайодо-вис-мутат(ІІІ) -ионының [ВіJ4] кызыл-сары түсті комплексті қосылысы түзіледі:
BiJ3 + KJ → K[BiJ4] Тәжірибе:Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына тамшылатып KJ ерітіндісін қосады. Алдымен тұнбаның түзілгенін, содан кейін түзілген тұн-баға рагенттің артық мөлшерін қосып, ерігенін бақылайды. КJ артық мөл-шерде қоса берсе тұнба еріп, ерітіндінің түсі сары-қызылға ауысады. Осы ері-тіндіге су қосып қыздырғанда висмутил йодидінің ВіОJ↓ қызыл-сары тұн-басы түзіледі. Na2CО3, К2СО3, (NH4)2CО3 карбонаттардың әсері
Висмут (III) иондары карбонат-ионымен висмуттың оксикарбонатын түзеді: 2ВіСl3 + 3Na2CО3 + НОН → 2Ві(ОН)СО3↓ + 6NaCl + CО2↑
2Ві3+ + 3СО32- + НОН → 2Ві(ОН)СО3↓ + СО2 ↑
Тәжірибе:Висмут (ІІІ) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша тамшы Na2CО3 немесе (NH4)2CО3 ерітіндісін қосады. 8. Микрокристаллоскопиялық реакция Тәжірибе: Висмуттың хлорлы сутек тұзының ерітіндісінің бір тамшысына кішкене КJ түйірін салып, оған рубидий RbCl немесе цезий хлоридінің CsCl қосады. Алты бұрышты қызыл кристалды комплексті қосылыс рубидий висмутының пентаноиды (III) Rb[BiJ5]·2,5Н2О тұзы немесе цезий висму-тының пентаноиды (III) Cs[BiJ5]·2,5Н2О түзіледі.
Тәжірибенің жүру шарты: 1) oсы сияқты кристалдар Sb3+ катионымен де түзеді;
2) Sn2+, Pb2+ катиондары мөлшерден көп болса Ві3+ анықтауға кедергі жасайды.
Mg2+ катионының сапалық реакциялары
1. КОН, NaOH NH4OH Mg2+ катионымен ақ аморфты Mg(OH)2 магний гидроксидінің тұнбасын түзеді. Mg2+ катионының NH4OH-мен реакциясы сандық жағынан толық жүрмейді, себебі реакция нәтижесінде аммоний тұз-дары пайда болады.
MgCl2 + KOH → Mg(OH)2↓ + KCl2 Mg2+ + OH- → Mg(OH)2↓ MgCl2 + NH4OH → Mg(OH)2↓ + NH4Cl Mg(OH)2↓ тұнбасы аммоний тұздарында және минералды қышқылдарда ериді:
Mg(OH)2↓ + 2H+ → Mg2+ + 2H2O Mg(OH)2↓ + 2NH4+ → Mg2+ + 2NH4OH
Тәжірибе: Магний тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысына сонша көлемде сілті ерітіндісін қосады, ақ тұнбаның түзілгенін бақылауға болады. Екі сы-науық алып, 1-ші сынауыққа 4 тамшы магний тұзын алып, оған 4 тамшы қаныққан аммоний хлоридінің ерітіндісін, 2-ші сынауыққа магний тұзының 4 тамшысына және 4 тамшы су қосады (ерітіндінің концентрациясы бірдей бо-лу үшін), содан кейін екі сынауыққа аммоний гидроксидін тұндырғыш ретін-де қосады. 1-сынауықта неге тұнба түзілмейді? Түсінік беріңіздер.