4. Йодты немесе бромды сулар бейтарап немесе әлсіз қышқылдық ортадасульфит ерітінділерімен әрекеттескенде түссізденеді:
SО32- + J2 + Н2О → SО42- + 2J- + 2Н+ Тәжірибе: Сынауыққа 4-5 тамшы натрий сульфидінің ерітіндісін құйып, тамшылатып (лакмус қағазы бойынша бейтарап ортаны көрсеткенше) сірке қышқылы СН3COOH ерітіндісін және 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызады. Йод ерітіндісі түссізденеді. Бром суымен де осындай реакция жүреді.
Тәжірибенің жүру жағдайы: 1) реакцияны бейтарап және әлсіз қышқылды ортада жүргізу керек (рН<7);
2) тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш иондары реакцияның жүруіне кедергі жасайды.
5. Калий перманганатының KMnO4әсері. Сульфит-ионы күшті қышқылдық ортада күлгін түсті MnO4--ионын түссіз Mn2+ - ионына дейін тотықсыздандырады:
5SO32- + 2MnО4- + 6H+ → 2Mn2+ + 5SО42- + 3H2O Бейтарап ортада қара-қоңыр MnO(OH)2↓ (H2MnO3) тұнбасы түзіледі: