Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет64/125
Дата10.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#72996
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125
Байланысты:
²². Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó ñàïàëû? àíàëèçä³? æ³êòåëó³

2. Сілтілердің әсері
NaOH, КОН ерітінділері Cd2+ катионымен әрекеттесіп, ақ түсті Cd(OH)2 тұнбасын түзеді:
CdCl2 + 2КOН → Cd(OH)2↓ + 2KC1
Cd2+ + 2OH- → Cd(OH)2
Тәжірибе:
3-4 тамшы кадмий тұзы ерітіндісіне 1-2 тамшы NaOH немесе КОН ері-тіндісін тамызады, ақ түсті тұнбаның түзілгенін бақылайды.
Түзілген тұнба реактивтің артық мөлшерінде ерімейді, бірақ қышқылдарда, аммиак ерітіндісінде, цианидтерде ериді:
Cd(OH)2↓ + 2НСl → CdСl2 + 2H2О
3. Күкіртті сутектің әсері
Cd2+ катионы күкіртті сутекпен сірке қышқылдық ортада кадмий суль-фидінің сары тұнбасын береді:
H2S + CdCl2 → 2HCl + CdS↓
S2- + Cd2+ → CdS↓
CdS↓ тұнбасы сілтілерде ерімейді, шамалы натрий хлоридінде еріп кадмийдің хлорлы комплексін [CdCl4]2- түзеді:

Кадмий сульфиді тұз қышқылынан басқа қышқылдарда ерімейді:

Тәжірибе:
2-3 тамшы кадмий хлориді ерітіндісіне тамшылатып натрий сульфиді ерітіндісін қосады, сары-қоңыр түсті тұнбаның түзілгенін бақылайды.
Қоспадан Cd2+ катионын сульфид-ионымен анықтауға алтыншы топ катиондары кедергі келтіретін болғандықтан реакцияны келесі жолмен жүр-гізу керек.
Тәжірибе:
Cd2+ катионы бар ерітіндінің 3-4 тамшысын сынауыққа құйып, 6 тамшы күкірт қышқылын қосып және натрий тиосульфатының кристалдарынан 2-3 түйір салып, су моншасында 2-3 минут қыздырады. Осы кезде сынап суль-фиді HgS және мыс сульфиді CuS тұнбаға түседі. Ерітіндіде Со2+, Ni2+, Cd2+ катиондары қалады. Тұнбаны ерітіндісінен бөліп алады. Бөлек сынауыққа күкіртті сутектің 5-6 тамшысын құйып, оған 2-3 тамшы фильтрат құяды. Cd2+ катионы бар болса, CdS кадмий сульфидінің сары тұнбасы түзіледі. Тұн-баның тұз және сірке қышқылдарында ерігіштігін тексеру керек.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) кадмий сульфидінің түзілу реакциясын сірке қышқылдық ортада жүргізу керек;
2) реакцияның жүруіне тотықтырғыштар кедергі жасайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет