Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет63/125
Дата10.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#72996
түріҚұрамы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125
Байланысты:
²². Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó ñàïàëû? àíàëèçä³? æ³êòåëó³

6. Hg2+ катионының тотықсыздануы
Hg2+ катионының бос сынапқа дейін тотықсыздануын металл күйіндегі мыс арқылы жүргізуге болады.
Тәжірибе:
Тазартылған мыс пластинкасына 1тамшы сынап(ІІ) тұзының ерітіндісін тамызады. Бірер минуттан соң дақты фильтр қағазымен сүрткенде жылтыр күміс түсті дақ металдық сынапты бақылауға болады.
Реакцияның жүру шарттары:
1) бұл реакцияның жүруіне Ag+, Bi3+, [Hg2]2+ және Sb3+ иондары кедергі болады;
2) зерттелетін ерітіндінің құрамында Sb3+ және Bi3+ бар болса, реакцияны анилин қатысында жүргізу керек.


Cd2+ катионының сапалық реакциялары

Сd2+ катионының сулы ерітінділері түссіз болып келеді.


1. NH4OH әсері
Кадмий тұзы ерітіндісіне аммиакты қосқанда ақ түсті кадмий гидроксиді түзіледі, реактивті артық қосқанда түссіз кадмий аммиакатын түзіп ериді:
CdCl2 + 2NH4OH → Cd(OH)2↓ + 2NH4Cl
Cd(OH)2↓ + 4NH4ОH → [Cd(NH3)4](OH)2 + 4H2О
Тәжірибе:
3-5 тамшы кадмий тұзы ерітіндісіне тамшылатып сұйылтылған аммиак ерітіндісін қосады, ақ түсті кадмий гидроксиді түзіледі, аммиак ерітіндісін қосуды жалғастырғанда тұнбаның ерігенін, түссіз кадмий аммиакаты түзіл-генін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет