Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау



бет30/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

Sr2+ катионын анықтау.
Ол үшін соңғы ерітіндінің бір бөлігіне гипс суын қосып (немесе (NH4)24), су моншасында 15-20 минут қыздырады. Тұнбаның түзілуі Sr2+ катио-нының бар екенін дәлелдейді. Sr2+ катионының бар екеніне көз жеткізу үшін осы тұнбадан нихром сымына алып жалында анықтап, түсін байқау керек. Кармин-қызыл түс Sr2+ катионына тән.
Са2+ катионын анықтау.
Егер стронций катионы болса, онда кальций ионын калийдың гексациано-ферратымен (ІІ) K4[Fe(CN)6] аммоний хлориді қатысында анықтайды. Егер стронций катионы болмаса, онда кальций ионын аммоний оксалатының көмегімен анықтайды, сонда сірке қышқылында ерімейтін СаС2О4↓ кальций оксалатының ақ тұнбасын түзеді.


Кесте 9. Үшінші аналитикалық топ катиондарының қоспасын анықтаудың жүйелі жолы (тұнбасыз)



Зерттелетін ерітінді: Ва2+, Са2+, Sr2+ + 2н H24 + С2Н5ОН

Тұнба: BaSO4, CaSO4, SrSO4 + Na2CO3 қанық

Ерітінді: зерттел-мейді

Тұнба: BaCO3, CaCO3, SrCO3 + 2н СН3СООН

Ерітінді:
зерттел-мейді

Ерітінді: Ва2+, Са2+, Sr2+ + K2Cr2O7 + СН3СООNa

Тұнба:

Ерітінді:
+ Na2CO3

Тұнба: CaCO3, SrCO3 + 2н СН3СООН

Ерітінді: зерттелмейді

Ерітінді: Са2+, Sr2+
+ (NH4)2SO4 қанық

Тұнба:

Ерітінді: Са2+
а) +
+ → ә) + →



Бақылау сұрақтары мен жаттығулар
1. ІІІ аналитикалық топ катиондарының периодтық жүйедегі орны, қасиет-тері.
2. Неліктен ІІІ аналитикалық топ катиондарын топ реагентімен тұнбаға түсіру кезінде С2Н5ОН қосады?
3. Зерттелетін иондардың толық тұнбаға түскенін қалай тексереді?
4. Неліктен Ва2+ ионын K2Cr2O7 реактивімен анықтау кезінде СН3СООNa қосады?
5. ІІІ аналитикалық топ катиондарының сульфаттарын неліктен карбонат-тарға айналдырады?
6. CaSO4 және SrSO4 не себептен BaSO4 қарағанда карбонатқа жеңіл ауысады?
7. ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасының анализі барысында Ва2+ ионын Са2+ мен Sr2+ катиондарынан қандай реагенттің көмегімен бөліп алуға болады?
8. ІІІ аналитикалық топ катиондарының қоспасының анализі барысында Са2+ мен Sr2+ катиондарын бір-бірінен қалай бөліп алуға болады?
9. Са2+ катионының күкірт қышқылымен анықтау барысында кальций ионының сезімталдылығын қалай арттырады?
10. Кальций катионына тән спецификалық реакцияны атаңыз.
11. Үшінші топ катиондарының қоспасына күкірт қышқылымен әсер ет-кенде қай ион бірінші тұнбаға түседі?
12. Барийды кальций мен стронций иондарынан қалай бөліп алуға болады?
13. Гипс суына ацетонды қосқанда тұнбаның түзілу себебін түсіндіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет